print

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ!

Кеше ауданымызға қарасты Ақадыр кентіндегі Т.Мусахметов көшесінде балаларға арналған ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

Бұл игі шараны осы жердің Ә.Ермеков атындағы мектебін 1974 жылғы бітірген түлектері 45 жылдық аясында өз күштерімен 2 млн теңге көлеміндегі қаржыға салған. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы қатысып,ұлтжанды, патриот азаматтарға кент тұрғындары атынан алғыс білдірді. Сонымен бірге осы шараға бастамашы болып жүрген М.Ш. Кәдеков сөз алып, игі істің басы қасында жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізді. Еліміздің ертеңі болар балғын балаларға арналған ойын алаңына үлкендер ақ батасын беріп, әжелер шашу шашып, кенттегі мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер шырқады.

 

 

 

 

 


Количество посещений: 165


Наверх