print

СУББОТНИК-ОБЩЕЕ ДЕЛО!

...

Тазалық – дерттің дауасы, адамның адамдығының айнасы. Ал,ауылдың таза болуы азаматтарының кісілік келбеті десек те болады. Шет ауданы халқы да аудан тазалығын үнемі бірінші орынға қойып, назардан тыс қалдырған емес. Алдымыздағы бейсенбіде «23маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері «Тал – таза ауа кепілі» атты акция аясында саябақтарға көшеттер отырғызудан бастаған абаттандыру, көгалдандыру сияқты игі бастамалар облыстық сенбіліктегі тазалық жұмыстарымен жалғасын тапты.

Облыстық сенбілікке аудан мекеме ұжымдары мен барша тұрғындар қатысып, көшелер мен жолдарды, саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылды. Сенбілікке қажетті техникалар жұмылдырылып, алдын ала жүргізілген тазалық бақылауы бойынша белгіленген жерлер қоқыстан толықтай тазартылды. Көпшілікке ортақ игі істен жастарымыз да шет қалмады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Ардағым – ардагерім» акциясы аясында белсенді жастардан құралған топ, ардагерлердің жеке аулаларын тазалап, саябақтардағы ағаш түптерін әктеп, қопсытуға атсалысты. Ауданымыздың көркіне көрік қосып, шырайын келтіруге үлес қосып жүрген барша азаматтардың еңбегі болашақ жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, елін, жерін құрметтеуге деген асыл сезімдерін оятады деген сенімдеміз!

                                                                  Шет ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Количество посещений: 362


Наверх