print

Мемлекеттік қызметшілер арасында І -аудандық спартакиада өткізілді

3 мамыр күні Шет ауданында ұлт мақтанышы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған Мемлекеттік қызметшілер арасындағы І–аудандық спартакиадасы болып өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шараға ауданның барлық елді – мекендерінен 120 -ға жуық мемлекеттік қызметшілерден құралған 20 команда өзара сайысқа түсті. Спартакиаданың салтанатты түрде ашылуында аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин мен аудан көлемінде мемлекеттік органдарда қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан, мемлекеттік қызмет ардагері Е. Бейсенбайұлы құттықтау сөз сөйлеп,шараға жиылған спортшыларға сәттілік тіледі. Спорттың 6 түрінен (Армреслинг (қол күрестіру),кір тасын көтеру, үстел теннисі,шахмат, жеңіл атлетика, волейбол) өткізілген аудандық спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі 1 орынды Шет ауданы әкімдігі қызметкерлері ие болса,ІІ орын Ақшатау ауылдық әкімдігі иеленіп, ІІІ орынға Нұраталды ауылдық әкімдігі қызметкерлері табан тіреді. Жүлдегерлерге аудандық спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Құрманбаев арнайы кубок табыстап, медал, грамоталармен марапаттады. Жеңімпаздар алдағы мемлекеттік қызметшілер арасында өтетін облыстық спартакиадаға қатысатын болады..


Количество посещений: 300


Наверх