print

7 мая прошло праздничное мероприятие "Вооруженные силы- безопасности"

Бүгін ауданымызда Қазақстан Қарулы Күштеріне арналған "Қарулы күштер - қауіпсіздік қазығы" атты мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин құттықтау сөз сөйлеп, аудан бойынша әскер қатарына аттанғалы отырған азаматтарға сәттілік тілеп, болашақ сарбаздарға Жастар орталығының ұйымдастыруымен жасалған аманат кітапшасын салтанатты түрде табыстады.

         Сонымен бірге аудан бойынша Чернобыль апатының салдарын жою жұмыстарына қатысқан ардагерлер Ж.Ахметжанов, С.Барков, И.Владимирович, Қ.Нұрпейісов, Е.Жетпісов, Е.Ибраев, С.Сүлейменов,А.Шукаевке естелік сыйлықтар табыстап, әрқайсына 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек жеке шоттарына аударылғаның жеткізді.

Аталмыш шараға арнайы келген Қарағанды облыстық "Чернобыльдің аса қауіпті аймақта болған мүгедектер ардагерлерінің одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Баекенов барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, Чернобыль ардагері Батық ауылының тұрғыны А.В.Шукаевқа төсбелгі тағып, ардагерлерге көмек көрсетуге ұйытқы болған аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдинге алғыс хат табыстады. Іс - шара барысында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ән салып, жастар флешмоб биледі.


Количество посещений: 291


Наверх