print

С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған шаңғымен сырғанаудан жекелей аудандық ашық біріншілік өтті

Шет ауданында 2 наурыз күні Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған шаңғымен сырғанаудан жекелей аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншіліктің ашылу салтанатында Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а Е.Құрманбаев пен Ақсу-Аюлы ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Болкенбаевқа беріліп, сайысқа қатысушыларға сәт сапар тіледі.

Біріншілік 16-19 жас, 20-30 жас, 31-40 жас, 41-50 жас, 51-70 жас ерекшіліктері бойынша өткізіліп, сайысқа Төменгі Қайрақты ауылдық округі, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназия, Шет агротехникалық колледж, Ж.Ақылбаев атындағы эксперимендалдық мектеп гимназия, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жалпы біріншілікке 5 команда, 42 спортшы қатысты

Жеңімпаздармен мен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен және де медальдарымен марапатталды.


Количество посещений: 339


Наверх