print

Акция

«Тегін дүкен» акциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының күнтізбесінде Наурыз айы

шашу- қуаныштың айғағы ретінде жасалатын өте әдемі де, салтанатты дәстүр болып белгіленген. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу-өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

     Осы бастамаға орай ауданның «Жастар ресурстық орталығы» 1 наурыз күні «Тегін дүкен» атты акциясың ұйымдастырып өткізді. Акцияға Жанғұтты би мешіті, мекемелер,кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары көмектесіп, жиналған материалдық көмектер тізімге алынып, арнайы көмек қажет еткен отбасыларға, табысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы 16 отбасыға керегіне қарай тегін таратылып берілді.«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытып қол ұшын созып жатқан асыл азаматтармен абзал жандарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!                                              

                                                                                                             Аудан әкімінің баспасөз қызметі


Количество посещений: 703


Наверх