print

В поселке Акадыр проведена ХV районная зимняя спартакиада «Қарлы қыс-2019», посвященная 125-летию Сакена Сейфуллина

Дүбірлі тойға арналған тұғырлы спартакиада!

 Ағымдағы жылдың 2 ақпаныңда, Шет ауданы әкімдігі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  Ақадыр кентінде Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған ХV аудандық қысқы «Қарлы қыс-2019» спартакиадасы өткізілді.

Спартакиаданың ашылу салтанатына Ақадыр кентінің әкімі Д. Карсембаев, Ақадыр кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры С. Жанасылов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.   Басшылық ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапынан жүргізіліп, спартакиаданы өткізу тікелей Ақадыр кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры бекіткен төрешілер алқасына жүктелді. Спартакиадаға барлығы 47 спортшы қатысып, төрешілердің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орын - Ақадыр кентінің командасы, ІІ орын - Тағылы ауылының командасы, ІІІ орын - Төменгі Қайрақты командасы иеленіп, жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамота, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.

 


Количество посещений: 722


Наверх