print

80-летний юбилей известного писателя Камел Жунис торжественно отметили на республиканском уровне

...

Ақпан айының 16 жұлдызы күні, шежірелі Шет ауданында Қазақстан жазушылар одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Шет ауданының Құрметті азаматы, қаламы қарымды жазушы, тарихшы, зерттеуші, өнердің жоқшысы Кәмел Жүністегінің 80 жылдық мерейтойына арналған “Арқаның қоңыр құлжасы” атты кеш өткізілді.

Кеш басталмас бұрын кіре берістегі ашық залда «Жылдар мен жолдар» атты кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге жазушының өмір жолына, шығармашылығына арналған деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Кеш шымылдығы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» ансамблінің орындауындағы «Бабалар мекені - Алтай» күйімен ашылып,салтанатты түрде мерейтой иесін “Қуаныш” би тобы қошеметпен қарсы алып, төрге оздырды.

Салтанатты кеште Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Аймағанбетов құттықтау сөзін арнап, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Мұнан соң, аудан әкімі М.Жандәулетов, Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов мерейтой иесіне және жазушының өмірлік жары Ғалия апамызға өздерінің сый-сияпаттарын жасап, Кәмекеңнің ел, жер тарихын зерделеудегі еңбегін жан-жақты әңгімелеп, жүрекжарды тілектерін арнады.  

Мерейтойға исі қазақ жұртының шартарабынан халыққа танымал тұлғалар арнайы келіп, ат басын тіреді. Атап көрсетер болсақ, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, “Жұлдыз” журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, «Фолиант» баспасының иегері Нұрлан Исабек, «Нұр Астана» баспасының иегері Қайырды Назарбай, «Қаз ақпарат» баспасының иегері Қонысбек Ботбай, ғасыр адамы Темірғали Көкетаев, жазушы, ақын Сәбит Бексейіт, облыстық мәслихаттың депутаты, меценат Бекзат Алтынбек, Жезқазған Бизнес колледжінің директоры С.Жумкина, жерлес жазушымыз Өмір Кәріп, ақындар Алтай Смет, Қоңыр Шәтек, шежіреші, өлкетанушы Балтабай Боқайтегі бастаған тағы басқа да көптеген азаматтар қатысып, сахна төріне шығып, мерейтой иесіне жүрек жарды ақ тілектерін арнап, сый-сияпаттарын тарту етті. Әр құттықтау сөз бен ізгі тілек соңы ән мен күйге ұласып, күміс көмей жезтаңдай әншілердің орындауында Кәмел Жүністегінің бірнеше әні шырқалды. Салтанатты мерейтой барысында кеш жүргізушісі Е.Смағұл Жазушыға арналған көптеген ақын-жазушылардың өлеңдері мен өзінің Арнау өлеңін оқыды. Және мектеп оқушылары да сахнаға шығып, жазушы аталарына ақ тілек құттықтауларын арнап, гүлшоқтарын табыс етті.

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы: Б. Д. Амангельдинов


Количество посещений: 422


Наверх