print

М.Мұхтаров арнайы іс - сапар барысымен ауданымызға қарасты Тағылы, Төменгі Қайрақты, Ортау ауылдық округтері мен Ақадыр кентінде болып қайтты

...

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс - сапар барысымен ауданымызға қарасты Тағылы, Төменгі Қайрақты, Ортау ауылдық округтері мен Ақадыр кентінде болып қайтты. Аудан басшысы алдымен «Еңбек -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жол картасы - 2020 бағытын аудан көлемінде сапалы әрі толыққанды іске асыру жұмыстарын басты назарға алып, дайындық шараларымен танысты. Айта кетелік, аталмыш бағдарламаның 2020 жол картасы шеңберінде биылғы жылы ауданымызда жалпы құны 990.8 млн.теңге көлемінде 28 жоба іске асырылмақ. Аудан басшысы келесі кезекте ауыл, кенттердің тазалық жұмыстарына көңіл бөліп, жергілікті елді мекендерге жауапты әкімдерге ауыл, кент маңайларын қыс мезгілінен қалған қоқыстан тазартып, жаз айларына дейін абаттандыру жұмыстарын толықтай аяқтауды тапсырды.

                                                                     Өз тілшімізден


 


Количество посещений: 145


Наверх