print

АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулелер өткізу туралы» №190 Жарлығын орындау мақсатында осы есепті жиынға ауыл тұрғындары, шаруа құрылымдары, тоқ, жылу, су, жол тазалаушы, учаскелік полиция, жергілікті қоғамдастықпен ұйымдар мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысып отыр.               

2018 жылдың 26 қаңтарында өткізілген кездесуде келіп түскен сұрақтар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:

  1. Сұрақ:Биылғы жылы мал қорымы салынама?

Орындалысы:Жанадан мал қорымын салуға тиісті құжаттары дайындалуда, жаз айларында бұрынғы мал қормы темір шарбақпен қоршалды.

   2.   Сұрақ: Шортанбай көшесіндегі № 175 үй жаққа көлік өту қиын, себебі қыста қар басып қалады, көктемде өзек бойы су толып кетеді, сол жерге көлік өтетін жол қашан салынады?

Орындалысы: Жол 2017 жылы салынған,су өткізгіш құбыры орнатылған. Асфальт төсеу жұмыстары аталмыш жолдың кепілдік мерзімі аяқталған соң салынады.

  1. Сұрақ:Жапаков көшесінің жолы биыл асфальттала ма?

Орындалысы: Жапақов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп асфальт салынды.

  1. Сұрақ: Құмжон көшесін Тұрар Рысқұлбековтің атына өзертуге ұсыныс

Орындалысы:Бұл жөнінде жоғарғы органдарға ұсыныс беріліп жұмыстар жасалуда.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты назарында және Үкімет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп отыр.  

Осыған орай, Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша халық саны 5339 адам болса, 2018 жылы ауылдағы кәсіпкерлер саны 449, кәсіпкерлік саласында тұрақты жұмыс істейтіндер саны 660 адамды құрап отыр, бұл көрсеткіш ауыл бойынша жалпы тұрғын санынан 8,4 пайызын құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 0,9 пайызға өсіп отыр.

Ауылымызда ашылған «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының филиалы да жұмыс істеп жатыр, кәсіпкерлерге тегін консультациялар беріледі. «Бизнес кеңесші» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 61 ауыл тұрғындарын тегін оқытты.

Округте азық-түлік саудасымен айналысатын дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу мақсатында көтерме орындарынан алатын бағадан 10-15 пайызға үстеме ақы қосу туралы меморандумдарға қол қойылды. Ауыл көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып жұмыстар жүргізілуде.  

Жылдан жылға ауылымызда кәсіпкерлікпен айналысатындар саны өсіп, соған байланысты бәсекелестік тұрғыда ауыл тұрғындарына төмен бағамаен тауарлар сатылуда. Ол дегеніміз халыққа жағдай жасалудың бір түрі. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлері өз тараптарынан аудандық, ауылдық іс-шараларға демеушілік көрсетіп тұрады және де аз қамтылған отбасыларына өз көмектерін көрсетеді.

Ауылымызда 2018 жылы Ш. Ахметтің «Шахерезада» қонақ үй, кафе, моншасы азық-түлік саудасымен айналысатын Е. Биғарашевтың «Ақнұр» кафетерий-дүкендері ашып,жаңадан 5 адамға жұмыс орын ашылды.

Жылдан-жылға ауыл кәсіпкерлері өз қызмет көрсету сапаларын көтеріп, бүгінгі күннің талабына сай қызмет көрсетуде. Кәсіптерін ұлғайтып, дүкен, кафе тағы басқа ғимараттардың қаспеттерін заман талабына сай етіп, тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп ауылдың көркейуіне өз үлестерін қосуда.

Аудан әкімі Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер директорларымен, 3 ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтер жетекшілерімен, 277 жеке кәсіпкерлермен 2019 жылы өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, компанияларда еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жалақыны 25 пайызға көтеру, еңбекке ақы төлеу берешектерін және кәсіпорын жұмыскерлері санының төмендеуін болдырмау туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ 112 шаруа қожалық жетекшілермен жұмыскерлердің жалақысын 12 пайызға дейін көтеру туралы да меморандумдарға қол қойылып тапсырылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округінде бүгінгі күні 112 шаруа қожалығы тіркелген. Негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, 18 шаруа қожалығы өз жерлеріне қыстақ салған, біраз шаруа құрылымдар асыл тұқымды бұқалар алып, мал бастарын көбейтіп жатыр.

Ауылдық   округі бойынша 2018 жылғы мал басы: ірі қара: 7023 бас, оның ішінде аналығы: 4807 бас, қой және ешкі: 8620 бас, жылқы: 4853 бас, құс: 4426 бас болған.

2018 жылы: ірі қара: 7870 бас, оның ішінде аналығы: 5031 бас, 12 пайызға өсіп отыр. қой және ешкі: 8686 бас, 0,8 пайызға өсті. жылқы: 5335 бас, 10 пайызға, құс: 4439 бас 0,3 пайызға өсті.

Сонымен қатар өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдернің арзандатылған бағамен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Округтегі ауыл шарушалығы құрылымдары Қарағанды, Астана қалаларындағы ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге белсене қатысып өз өнімдерін өткізді.

«Шет көмек» ЖШС арқылы 13 адам (оның ішінде: 10 жеке кәсіпкер, 1 АТК, 2 шаруа қожалығы) 249 бас ірі қара алуға 57 290 000 теңге несие алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен 1 шаруа қожалығы 10 000 000теңге несие алды.

«Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының қаржылай қолдау қоры арқылы 6 жеке кәсіпкер техника және құрылыс жабдықтарын алуға 30 000 000 теңге. «Игілік» бағдарламасы бойынша 4 жеке кәсіпкер 15 619 000 теңге несие алып 40 бас жылқы алды. Осы бағдарлама аясында 3 адам 34 бас ірі қара және мал азығын алу үшін 10 300 000 теңге несие алды.

        

Пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша ауылдық округтің шаруа қожалық жетекшілерімен арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шаруа қожалық жеріндегі егістік жерлері тиісті мақсатта (бидай, арпа, житняк тағы басқа дәнді дақылдары егілмегендіктен) пайдаланылмай жатқан жерлерін аудандық жер қорына қайтарып беру керектігі ескертіліп шаруа қожалықтармен жұмыстар жүргізіліп, алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

Округ бойынша бүгінгі күн талабына сай жайлымдық және шабындық жерлері бар шаруа қожалықтар жерлерін электрондық картаға еңгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмысты жандандыруға кедергі болатын мәселелерді шешу жолдары іздестірілуде.

Әлеуметтік сала бойынша:

2018 жылы аз қамтылған, жағдайы төмен 16 отбасындағы 73 адамға 3137,0 теңгеге атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысы төленді.

2018 жылы округте жұмыссыздық есебінде 172 адам тіркеліп, оның ішінде 84 адам тұрақты жұмысқа орналасты және 91 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Агроколледжде   тракторист, от жағушы мамандықтары бойынша 20 жұмыссыз қайта даярлау курстарында оқытылды.

Жыл аяғында жұмыссыздар есебінде 11 адам қалды.

Мереке күндері ауылдық окургі әкімі аппаратының демеушілігімен аз қамтылған 12 отбасына азық-түлік себеттері беріліп, 5 отбасыға 1 тоннадан көмір түсіріліп берілді.

Отбасы жағдайларына байланысты келіп түскен өтініштер бойынша 13 отбасыға433,0 мың теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек берілді.

1-қазан қарттар күні мерекесіне орай 75 жастан асқан 185 қартқа «Мерей» дәмханасында дастархан жайылып дәм беріліп сый құрмет көрсетілді.

10- қазан мүгедектер күніне орай I-II топтағы 60 мүгедекке сыйлықтар беріліп, 15 мүгедек балаларға тәттілер таратылды.

Аудандық Мәдениет үйінде Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылып оған округтағы 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 17 бала және округке қарасты Еңбекшіл, Ақсу, Ақтөбе, Қайрақты ауылдарындағы мектеп жасына дейінгі 67 бала шақырылып, барлығы 84 бала қатысты. Оларға тәттілер мен сыйлықтар берілді.

         Қаржы игерілімі бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округіне 2018 жылы бөлінген қаржы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауыл келбетін өзгертіп, ауылды абаттандыру, көгалдандыру және тазалау, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында жұмыстарды жүргізу үшін аудандық бюджеттен және жергілікті «қолма-қол есеп айырысу шоты» есебінен 191 миллион 906 мың теңгеге төмендегідей жұмыстар атқарды:  

  1. Ақсу-Аюлы ауылының Шортанбай жырау көшесіне жарықтандарылғантартпаларды жасау және орнату жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жұмыстарды жүргізген «DQB BASIS» ЖШС-і, жергілікті бюджет есебінен 1 690 000 мың тенге бөлінді.

2.Ақсу-Аюлы ауылындағы балабақшалардың атаулары жарықтандырылған әріптермен жасалып орнатылды, келісім-шарт бойынша «Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорыны» ЖШС-і 485 000 мың тенге бөлініп жұмсалды.

3.Ауылдағы Шортанбай жырау көшесіндегі саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, келісім-шарт бойынша «ККК LTD» ЖШС-і 4 048 800 теңгеге жұмыс жасады.

4.Ауылды жаз айларында көгалдандыру мақсатында саябақтарға және арбатқа 1 730 400 теңгеге 20 мың түп гүл отырғызылды, бұл жұмысты келісім-шарт бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Тараз" корпоративтік қоры» атқарды.

5. Ақсу-Аюлының көшелеріндегі жарық шамдарын күтіп-ұстауға, шамдарын ауыстыруға және орнатуға 35 319 000 тенге бөлініп, бұл жұмыстарды келісім-шарт бойынша «Шет-Энерго» ЖШС-і атқарды.

6.Ақсу-Аюлы ауылының Күлейменов көшесі №6 киылысының ішкі көше жолын орташа жөндеу жұмыстарына 3 899 000 тенге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер «АмирТрансЮг» ЖШС-і жұмыс жасады.

 

7.АуылдыңМаясар Жапақов атындағы көшесінің ішкі көше жолын орташа жөндеу жұмыстарына 6 964 200 теңге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер «АмирТрансЮг» ЖШС-і жұмыс жасады.

8. АуылдыңАманбай Тлеулин көшесінің ішкі көше жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келісім-шарт бойынша «ДСП Караколь» ЖШС-і 10 579 602 теңгеге жұмыс жасады.

9. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің алдындағы аумақты абаттандыру жұмыстарына 3 158 259 теңге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер ЖК «ДАРИМБАЕВ Е.Н.» жұмыс жасады.

10. Абай көшесінің бойына «Барокко» стильді қоршау орнату жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жұмыстарды жүргізген «NURLANSTROY-2009» ЖШС-і, жергілікті бюджет есебінен 4 467 666 мың тенге бөлінді.

11. Жасөспірімдер мен спорт мектебінің жанына су бұрқағыш орнатып және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, келісім-шарт бойынша «РЕНТАЛ LTD» ЖШС-і 39 837 460 теңгеге жұмыс жасады.

12. Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына кіреберісіне стелла орнату жұмыстарына 39 669 504 теңге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер «Шет-құрылыс»ЖШС-і жұмыс жасады.

13. Қарағанды қаласының «ККК LTD» ЖШС-і мемлекеттік сатып алу арқылы 26 320 000 тенгеге Ақсу-Аюлы ауылына кіреберіске арка құрлысынжүргізіптолығымен аяқтап, қолданысқа берді.

14. Шортанбай жырау көшесімен Абай көшесінің аралығына тротуар салу жұмыстарына 1 199 999 теңге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер «NURLANSTROY-2009» ЖШС-і жұмыс жасады.

15. Ж.Күлейменов көшесі №3 қиылысына спорт алаңын орнату жұмыстары жүргізіліп, келісім-шарт бойынша «АМОНТИ» ЖШС-і 2 301 600 теңгеге жұмыс жасады.

16. Жергілікті бюджет есебінен 4 746 000 мың тенге бөлініп ауылдың ішкі көше жолдарын ағымдағы жөндеужұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жұмыстарды жүргізген «АмирТрансЮг» ЖШС-і.

17. Маясар Жапақов көшесінің Агроколледжге баратын жол жиегін кеңейту жұмыстарына 2 490 000 теңге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер «"Bastau-Бизнес" ЖК жұмыс жасады.

18. Ауылдағы иесіз қатты қалдықтарды тазалап шығаруға3 000 000 тенге бөлініп,келісім-шарт бойынша «ТАЗАЛЫҚ - А К» ЖШС-і жұмыс атқарды.

 

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қыс айларында ауыл ішінде жолдарды, Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе, Қайрақты, Еңбекшіл, Ақсу ауылдарының жолдарын қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырылады. Сондай ақ, көктем, жаз айларында көшелердің тазалығы үнемі басты назарға алынып, сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып отырылды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойыншааудан халқының әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елді мекендерді көріктендіру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес 2018 жылдың сәуір айының 14 күні және қыркүйек айының 29 күндері «Елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі және күзгі екі айлықтан» өткізілді. Көктемгі екі айлық аясындағы жұмыстарға Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша жалпы 56 ұжым, 325 адам қатысты, 3 техника оның ішінде 1 тиегіш, 2 жүк тасымалдайтын техникалар тартылып, 60 тұрмыстық қалдық орындарынан 3 300 тонна күл-қоқыс сыртқа тасып шығарылды. 70 метр қоршаулар жөнделіп, сырланды, 50 дана ағаштар санитарлық кесуден өткізіліп, 200 дана ағаштар отырғызылды. Сондай ақ әр апта сайын барлық кәсіпорындар мен мекемелерге санитарлық тазалық бойынша «Таза бейсенбі» күні жарияланып және де жеке-жеке аумақтарды тұрақты түрде бөлініп тазалап отырды.

Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе санитарлық талаптарды өрескел бұзған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 505 бабы негізінде 15 рейдтер жүргізіліп 347 ресми ескертулер беріліп, 124 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша; атап айтқанда, қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін 44 адам жауапкершілікке тартылды.Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық үшін 23 адам жауапкершілікке тартылды, түңгілік уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 9 адам жауакершілікке тартылды.Үй жайларда жан-жал шығарғаны үшін 28 өтініш қарастырылып, оның 15 бойынша кінәлі адамдар соттың шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай ақ, 2018 жылы, Ақсу-Аюлы учаскелік полиция инспекторларымен 3 қылмыс ашылып, сотқа жолданды.

Сондай ақ, жаз айларында яғни, күнделікті ауыл ішіндегі көшелерді және саябақтарды күтіп үстау мақсатында бөлінген қаржыға баға ұсынымы арқылы жеке кәсіпкер Молодежное общественное объединение «Степногорск жастары» жеңімпаз атанып 31 жастар жасағын еңбекке баулып, Ақсу-Аюлы ауылында жұмыс істеді. Атап айтқанда, жастар жасағы шілде, тамыз айларында 20 баладан жұмыс істеп, еңбектенді. Ауылды көгалдандыру, санитарлық жұмыстары бойынша ауылымыздың көшелерін күл-қоқыстардан тазартып, гүл егіп, тал отырғызып, шарбақтарды сырлап, талдарды, бордюлерді әктеп, саябақ, скверлерді күтіп-ұстау, тазалау, көгалдандыру жұмыстарын атқарып, ауылымызды көркейтуге ат салысты. Олар күніне 8сағат жұмыс істеп, бір айда әр балаға 63072 теңге жалақы төленді. Оның ішінде 28284 теңге ЖК Молодежное общественное объединение «Степногорск жастары» төлесе, 34788 теңге Облыстық бюджеттен бөлінді.

Сонымен қатар, мал бағылымы бойынша, 2018 жылы жеке меншік иелігіндегі ірі-қара малды,қоғамдық жұмысқа тартылған бақташылылар арқылы ұйымдастырылып, ауылымыздың 3 бағытына тұрақты түрде бағылып отырылды. Ауылымыздың орталық көшелерінде бағымсыз жүретін мал иелеріне ескертулер жасалуда, алдағы уақытта иесіз көшеде жүрген ірі-қара малдарды арнайы салынған шарбаққа қамалатын болады.

         Ауыз су мәселесіне келсек, 2017 жылы, «Ақбұлақ-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, Ақсу-Аюлы ауылы, Құмжон көшесінде су құбырын тартуға конкурс процедуралардың қортындысымен «Шет-строй» ЖШС-мен 13 727,7 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары басталып, қыс мезгілін ескере отырып, салынған су құбырына су жіберу санитарлық-нормативтік талаптарына сай тыйым салынған болатын. 2018 жылы аталмыш жұмыс маусым айында толығымен аяқталып, жалпы 2,2 шақырым су құбыры тартылып, 9 дана өрт сөндіру гидранты орнатылып, 12 жекеменшік тұрғын үйге су тартылып берілді. 2018 жылы, Ақсу-Аюлы ауылдық округінде барлығы 866 тұрғын үйге су тартылып, пайыздық мөлшерде 86,6% болды. Сонымен қатар, жеке меншік тұрғын үйлерге өткен жылы 120 дана су есептегіш қондырғысы орнатылды. Су тарту жұмыстары «ШетКоммунСервис» КМК арқылы жүргізілуде.

         Рухани жаңғыру – Қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген.

         Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында Ақсу-Аюлы стадионы ретке келтіріліп, материалдан жасалған жүгіру жолақтары ашылды. Стадионның алдындағы алаңға орнатылған қуатты фонтан су маржандарын түрлі түспен айқындайтын болды. Шортанбай Жыраудың 200 жылдық мерейтойына орай Шортанбай Жырау атындағы сквері жаңартылып, ескі орындықтары, жаңа тас төсемдері салынып, сквердің іші толығымен абаттандырылып, әсем арқа қойылды. Кіре берістегі үлкен арка, мемориалдық кешен мен стадионның әсем дарбазасы ауылдың сәнін кіргізе түсті.

                  Білім мен спортты жетілдіру бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы:

Ы.Алтынсарин атындағы және Ж. Ақылбаев атындағы мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша жақсы балл жинап, алдынғы орындардан көрінуде. Бұл оқушыларға жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, тегін білім алуға мүмкіндіктер туғызуда. Осы көрсеткіштер білім саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және мектеп қабырғаларында беріліп жатқан сапалы білімнің нәтижелері деп білеміз.

Қазақша күрес, дзюдо күресі, басқада көптеген спорт түрлерінен ауылымыздан шыққан талай спортшыларымыз әлемдік жарыстарда Қазақстанның атын шығарып, намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, талай биіктерді бағындырып жүр. Атап айтқанда спорт шебері, әлем чемпионы Қанжанов Бейімбет2018 жылы өткен Индонезия мемлекеті Джакарта қаласында жазғы Азия ойындарының самбодан қола медаль жүлдегері атанса,самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дартаев Айдын Батырланұлы 2018 жылы Павлодар қаласында өткен дзюдодан Халықаралық турнирінің жеңімпазы.Дзюдодан спорт шеберіне үміткерМұқатай Сырым Ибрагимұлы 2018 жылы Алматыда өткен дзюдодан жастар арасында Азия кубогының қола медаль жүлдегері атанды. Дзюдодан самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберіСмагулов Жансай Жанатұлы 2018 жылы Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында дзюдодан аралас командалық жарыста күміс медальді қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, ХІІI аудандық қысқы "Қарлы-қыс-2018"спартакиада бағдарламасындағы президенттік қысқы көп сайыстан, конькиден, шаңғы эстафетасынан жарыстар 20 қаңтар күні Ақадыр кентінде өткізілді. Оған Ақадыр, Мойынты, С.Сейфуллин кенттерінен, Нұраталды, Үңірек, Босаға, Бұрма, Көктіңкөлі, Ақой, Тағылы, Киікті, Ақсу-Аюлы ауылдарынан құрама командалары қатысты. Президенттік қысқы көп сайыстан Ақсу-Аюлы ауылы командасы 1-орын, Ақадыр кенті командасы 2-орын, Нұраталды ауылы командасы 3-орынды иеленді. Барлығы 12 команда, 96 спортшы қатысты. Конькимен сырғанау жарысында Ақадыр кенті командасы 1-орын, Ақсу-Аюлы ауылы командасы 2-орын, С.Сейфуллин кенті командасы 3-орынды иеленді. Барлығы 7 команда, 22 спортшы қатысты. Шаңғы эстафетасы жарысында Ақсу-Аюлы ауылы командасы 1-орын, Тағылы ауылы командасы 2-орын, Үнірек ауылы командасы 3-орынды иеленді. Барлығы 8 команда 32 спортшы қатысты. Спартакиаданың бағдарламасындағы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жалпы командалық есепте Ақсу-Аюлы ауылы командасы 1-орын, Ақадыр кенті командасы 2-орын, Нұраталды ауылы командасы 3-орынды иеленді. Спартакиадаға 12 команда, 172 адам қатысты.

Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

         2018 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша баспасөзге жазылу 106 пайызға орындалды.

Ақсу-Аюлы ауылдық округінде мемлекеттік және ресми мерекелер өз мәнінде ұйымдастырылып, үнемі концерттік бағдарламалар, салтанатты шерулер, спорттық іс-шаралар өткізіліп отырады. Ауылда діни мерекелерде әрдайым үлкен жиналыстар, жастар арасында құран оқудан жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Жас жеткіншектерге  діни тәрбие беру, Ислам діні туралы кеңінен түсіндіру мақсатында «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы оқушылармен кездесулерөткізіп тұрады.

2018 жылы жұма күндері Агротехникалық колледжінде студенттермен кездесу өткізіліп, «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы колледж студентеріне қазіргі кездегі әлем бойынша сонымен қатар Қазақстанда кең таралып келе жатқан теріс ағымдар туралы, «Экстремизм және терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында баяндамалар оқылып тұрады.Теріс тәрбие беретін,мұсылмандарға қарсы шығушы теріс ағымдардың жетегінде кетпеу үшін «Жастарға экстремизмге қарсы» бейне материалдар көрсетіліп келеді.«Жанқұтты би» мешітінде «Экстремизм – тұрақтылыққа  төнген қауып» деген тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілуде. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының діни сауаттын мешіттен алғандары дұрыс екендігіне ерекше назардаұсталуда. Жас ұрпаққа жөн сілтеп, дұрыс пен бұрысты айыратын бағыт-бағдар көрсету, тәлім мен тірбие беру – баршамыздың міндетіміз деп санаймын.

 

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы

  Жастар орталығы және Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырумен Ақсу-Аюлы ауылындағы жас мамандар, ауыл жастары көптеген мерекелік іс-шараларға белсене араласып келеді.

Жасыл Ел жастар жасағы жазғы демалыс айының үш айында 10 – 11 баладан 31 студент жұмыс істеп, ақша тауып бір мезетте туған жерінің гүлденуіне де, аз да болса септігін тигізуге мүмкіндік алды.

Елбасы Жолдауының қағидаларын толық қолдай отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты, ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл жоспарын, Ақсу-Аюлы ауылының 2014-2018 жылдарға арналған элеуметтік-экономикалық кешенді даму жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

2019 жылы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты төмендегі жұмыстарды жүргізу жоспарлап отыр:  

 

Ақсу-Аюлы ауылын жаңа қырынан көрсету бағытында яғни, болашақта ауылымызда :

  1. Ішкі көшелердің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жасау.
  2. Көшелердің бойына балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары.
  3. Ауыл ішінде иесіз жатқан ғимараттармен боқаттарды тазалау жұмыстары.
  4. Ауылды абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
  5. Ішкі көшелерді жарықтандыру.
  6. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу.

Сөзімді аяқтай келе алдағы уақытта, атқарылған жұмыстармен қатар, ауылымызды көркейту үшін, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында алдымызда көптеген маңызды мәселелер тұр. Бәріміз бір кісідей, бірлікпен ауылымыздың гүлденуіне аянбай еңбек етіп, ат салысуымыз қажет.  


Келулердің саны: 934


Жоғары