print

ШЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 Жарлығын орындау мақсатында жылдағы үрдіс әкімдердің халық алдында есеп беруінің басталуы. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында 05 қазан 2018 жылы жылдағы халыққа Жолдауы ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ, «Қазақстан–2050» Стратегиясы мақ­саттарына бастайтын,ұлт жоспары – «100 нақты қа­дам» базасында оның бес негізгі басымдығы, экономиканың әлемдік өсімін және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған әлемде бәсекеге қабылеттілік болып жатқан қаржы дағдарысының алдын алу жағдайына және жаңашылдыққа бағытталған.

Шет ауылдық округінің жалпы жер көлемі 139347 гектар болса, бұның 63970 гектары шаруа қожалықтарының жері, қалған жерлерін жұртшылық шаруашылықтары пайдаланып отыр және пайдаланбағаны мемлекеттік жер қорында тіркеуде тұр. Шет ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенінде тұрғындар негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады.Округте 183 отбасында 887 адам тұрады, оның ішінде еңбекке қабілеттісі 550 адам,21шағын кәсіпкерлік, 91 шаруа қожалығы тіркелген. Жұмыссыздар тіркеуінде жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде 22 адам тіркелсе, оның 12 адам тұрақты жұмысқа,6 адам қоғамдық жұмысқа, 4адам қайта даярлау оқуына жіберілді. Зейнеткерлер саны – 109, денсаулықтары жарамсыздар, мүгедектер – 31, асыраушысынан айырылған отбасы –5, ауған соғысына қатысқандар – 2, тылда еңбек еткендер – 6, алтын алқалы –39,күміс алқалы – 38 ана бар.Құжат айналым бойынша кіріс 1000 құжат түсті, оның 737 қазақша, 263 орысша,шығыс 29 құжат, оның 28 қазақша, 1 орысша.

Ауылдық басқару жүйесі әкімшілік бойынша жыл басынан бері әкімшілікте мамандармен толық қамтылған. Жыл басынан бері әкімшілікке анықтама алу үшін ауызша 222 өтініш түсіп, барлығы уақытында толығымен қанағаттандырылды.   Ауыл әкімі аппаратында азаматтардың яғни, заңды және жеке тұлғалардан жазбаша өтініштер түскен жоқ. Жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарына әкімдік тарапынан түсініктемелер беріліп, қолымыздан келген көмек жасалады. 2018 жылы әкімшіліктің ғимаратын жөндеуге 5 млн қаржы қаралып, шатыры,сырты және жылу жүйесі жасалды.Сонымен қатар мамандарға жихаз, компьютер, рәміздер алынды.

Ауылды көркейту мен дамыту үшін жан – жақты инвестиция тарту жұмыстары қолға алынуда. Бұл мақсатта негізі ауыл шаруашылық бағытында асыл тұқымды бұқа алуда, үш шаруа қожалық шөп буатын құрылғы алып, біршама инвестиция құйды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.Кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ауылдық округ бойынша   «Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасының кіші кәсіпкерлікті қолдау арқылы 3 адам несие алды.Бұлар «Игілік» бағдарламасы арқылы 2 адам, «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 1 адам алып, ірі қара мал бастарын алды.

Ауыл-шаруашылығы саласы бойынша

Еліміздің экономикасының бір бөлігі ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар айтарлықтай. Оның дәлелі округ бойынша мал бастары өсу үстінде. Жалпы 91 шаруа қожалығы мен 21 кәсіпкер тіркелген. Қосалқы шаруашылықтарда тіркелген мал бастарына тоқталар болсақ: 2017жылы 2409 бас болса, 2018 жылы 2477 бас, 2017 жылы жылқы 1328 бас болса, 2018 жылы 1348 басқа жетті. 2017 жылы ұсақ мал 3304 бас болса,2018 2772 бас. Округ бойынша ұсақ мал жылдан жылға азаюда. Мал емдеу, қан алу шаралары бойынша ірі қарадан 7 бас оң нәтиже берді.

Біраз шаруа қожалықтары бұқа сатып алуда. Қолдан ұрықтандыру мәселесі де қолға алынған. Округте 7 шаруа қожалықтары ет, сүт өнімдеріне 2,3млн субсидия алып отыр. Экспортқа мал өткізуде берілген жоспар бойынша жүргізілуде Қазіргі таңда бұл жұмыстар қолға алынуда. Сонымен қатар электронды картаға енгізу бойынша жұмыстар қолға алынып, жыл басынан бері 56 ш/қ жер көлемі 31837га енгізілді. Малы жоқ, жерін пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары жерлерін тапсырып, жұмыстарын тоқтатуда.

Қармыс ауылында «Жарас» ш/қожалығымен мал бордақылау алаңы және мал сою пункті жұмыс атқарып тұр.

Биылғы жылыда шаруа қожалықтары дала жұмыстарына қатысып, өздеріне қажетті жем-шөп дайындап, ауыл тұрғындарын шөппен толықтай қамтамасыз етуге үлкен еңбек жасады. 2018 жылы 15 мың тонна шөп жиналып, берілген жоспар толықтай орындалды.

2017 жылы Қармыс, Құттыбай, Үңірек елді мекендеріндегі 6 шаруа қожалығы 962 гектар жерге егін ексе, өткен 2018 жылы 1232 гектар жерге дәнді дақылдар жерге егін сеуіп, орташа түсім гектарына 9,8 центнерден айналды. Егін алқабы ұлғайуда.    

Жалпы кейінгі жылдары округте көкөніс егу дамып келеді, оның ішінде картоп егу 2017 жылы 6,5 гектар болса, 2018 жылы 15 гектар, оның ішінде 13,8 га картоп,0,55 қызанақ,0,25 қырық қабат,0,4 қияр.

Сонымен қатар жылдағы барлық елді мекендерде жүргізіліп жатқан көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық- тазалау жұмыстары біздің де округте өз мәнінде атқарылды деп айтуға болады. Мұнда демеушілердің көмегімен 70 түп гүл, 10түп ағаш көшеттері әкелініп, әкімшіліктің, мектептің алдына отырғызылды. Ағаш көшеттерінің бұтақтарын кесу жұмыстары жасалды. Әр бейсенбі сайын тазалық жұмыстары жасалды.Сонымен қатар ауыл көшелеріне баннер, билборд орнатуға қаржы қаралып, көшелерге орнатылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында үшінші бағыты арқылы 1,5 млн қаржыға Тұмсық ауылына балалар ойын алаңы жасалды.   Жылдағы көктемгі, күзгі тазалық айлары өз мәнінде өткізілді.Дегенмен өткен жылы 4 елді мекеннен жалпы 750 тонна күл – қоқыстар сыртқа шығарылды. Аксу-Аюлы ауылының техникалары, сонымен қатар «Дүйсенбай» шаруа қожалығының техникалары пайдаланылды. Бұл жұмыстар жылда өз жалғасын таба бермек.

Қыс айларында ішкі жолдарды ұстауға жыл басынан бөлінген қаржыға сатып алу тәсілімен ойнатылып,округ бойынша ауылдардағы шаруа қожалықтарының техникасын пайдаланып, ішкі жол мүмкіндігінше тазалануда. Мұнда әр ауылда орналасқан шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, жолдар аршып отыру бір жолға қойылған.

Коммуналдық сала бойынша

Елді мекендер толығымен ауыз- сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету қазіргі таңда жайлап шешімін табуда. Ауылда 12 колонка жұмыс істейді. Ауылдың 80 пайызында су үйге кірігізілген. Ауылдың су құбырының ескі болғандықтан ақау көп болды,сондықтан биылғы жылы 2млн 960мың қаржы қаралып, су құбырының 1 мың 200 метр құбыры жаңартылды.

Су мәселесі әр уақытта бақылауда болады.

Ауылды электр тоғымен қамтамасыз етуде Шет энерго мекемесі жұмыс жасауда. Мұнда халықты тоқпен қамтамасыз ету жайлап шешімін табуда.Жел тұрып боран, жауын шашын уақытында тоқ сөніп қалу жағдайлары болып тұрады.  

Мұның бәрі жабдықтардың ескіруінен.Бүгінгі күні 29 нүктенің шамы жанып тұр. 2018 жылы көше шамдарын ұстап тұруға бөлінген қаржы толық игерілді. Мұнда округке қарасты елді мекендердегі көше жарықтандыру мәселесі жайлап өз шешімін табуда.

Байланыс саласы бойынша

Округ бойынша Қазақтелеком байланыс жүйесі бар. Округ бойынша телефон орнатылғанмен, ауылдың іргесінен өтіп тұрған кең жолақты интернетке биыл ғана қол жеткізіліп,70 үйдің 52 не интернет қосылды. Округке қарасты қалған ауылдарға интернет жүйесін орнату жоспарлануда.Ауыл поштасы әкімшілік ғимаратының бір бөлмесінде орналасқан. Зейнетақы берер кезде ғана осы жерде отырады. Зейнетақы, балалар жәрдемақысы уақытылы берілуде.Жылу жүйесі тартылған. Былтырғы берілген баспасөзге жазылу жоспары 102 пайызға орындалды. Мұның бәрі ауыл поштасының тұрғындармен жақсы қарым – қатынаста жұмыс жүргізуінің айғағы.  

Білім беру саласы бойынша

Шет ауылдық округі бойынша 1 орта, 2 бастауыш мектептерінде барлығы 128 оқушы, 35 мұғалім, 25- шаруашылық қызметкер жұмыс жасауда.Мектепте ұстаздармен толық қамтамасыз етілген. Мектеп дейінгі даярлық тобында 22бала бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде 2 жас маман келді. Олар бастауыш пәні мұғалімдері.Осы мектептердің техникалық жабдықтары бүгінгі талапқа сай жабдықталуда. Оған мысал аудандық білім бөлімі арқылы мектепке керек жабдықтар алынып тұрады. Аудан көлемінде білім алушыларға арналған іс-шараларға біздің мектептерде белсене қатсуда: көрмелер, сайыс, додалар.Тұмсық бастауыш мектебінің жылу жүйесі жасалды. Үңірек ауылының мектеп ғимаратының шатыры,жылу жүйесі жасалғанмен, терезелерін, жылу қазандығын ауыстыруға қаржы қаралса. Мектептерге көмір толық түсірілді. Оқушыларға ыстық тамақ беру мәселесі жолға қойылған.Абаттандыру бойынша мектеп алдына гүл, ағаш көшеттерін отырғызуда біраз жұмыстар атқарылды.Мұнда қайырымдылық акциялары болып тұрады. «Мектепке жол» акциясы бойынша іс шараларды айтуға болады. Ауылдан шыққан азамат Омаров Асқардың демеушілігімен 10 балаға мектепке керек жабдықтар алынып берілді.

Жалпы округ көлемінде өткізілетін іс – шаралардың басы – қасында мектеп ұжымдары үлкен белсенділік көрсетіп, ат салысуда.

Спорт саласы округ бойынша өз мәнінде атқарылуда. Бұған мысал әкімшіліктің ұйымдастыруымен округ бойынша әр түрлі спорттық жарыстар өткізілуде. Аудандық жарыстардан жүлделі орындардан көріндік. Қазіргі таңда келер жылғы Елбасымыздың айтқанындай жастар жылы болып бекігендіктен, спорттық жабдықтар алынса деген ауыл жастарының ұсыныстарына сәйкес ауылдан шыққан азаматтардың ұйымдастыруымен билярд столын алу жоспарлануда.  

Мәдениет саласы бойынша

Шет ауылдық округінің тұрғындарының мәдени және саяси іс- шараларды ұйымдастыруда ауылдық клуб үйі жылдың басында жасалған жоспар бойынша ауыл кітапханасы, әкімшілік,мектеп,ауыл жастарымен тығыз байланыса отырып атаулы күндер мен барлық мерекелік шараларға орай әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстел,кездесу,концерттік бағдарлама,әдеби сазды,музыкалық кеш секілді көпшілік шаралар тұрақты өткізіп отырады. Клуб үйінің жанынан құрылған үйірмелердің саны-4.Жыл басынан орындықтар, компьютер, сахналық жабдықтар алынды. Халыққа мәдени қызмет көрсету барысында жыл басынан 39 шара өткізіліп ауыл әкімдігімен тығыз байланыста, бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп отырады. Барлық мереке кең көлемде атап өткізілуде.Мұның бәрі мәдениет үйі қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарынан көруге болады.Сметалық құжаттары жасалып дайындалып, жөндеу жұмыстары жасау жоспарланған, бірақ қаржыға байланысты кейінге қалдырылды. Кітапхана бойынша  2017 жылы кітап қоры 7816 дана болса, 2018 жылы басындағы кітап қоры   – 8049 дана, казақшасы 6685 дана құрайды оның ішіне 7962 кітап, 9 газет, 9 журнал кіреді.

2018 жылы 105 жаңа кітаптар түсті.

Кітапханада 2 кітапханашы мен 1 күзетші қызмет етеді.

Оқырман саны - 720

Кітап берілімі-14060

2018 жылы кітап саны артуда.Кітапханашы әкімшілік,мектеппен тығыз байланыста. Қазіргі таңда компютермен,жаңа кітап сөрелерімен қамтамасыз етілген.

Медицина саласы бойынша Ауыл халқын медициналық қызмет көрсетуде Жарық кенті СВА –сына қарасты ФАП жұмыс атқарады. 2 медбибі Үңіректің басында, 1 медбибі Құттыбай мен Қармысқа, 1 медбибі Тұмсық ауылының тұрғындарына қызмет атқарады. 10 тонна көмір түсірілді.

Сонымен қатар есепте тұрып тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілгендер 82 адам. Ана мен баланың денсаулығына ауылда қатты көңіл бөлінеді. 2018 жылы 0-1 дейін 9 бала, туберкулезбен ауырғандар жоқ. Бірақ айына бір рет С.Сейфуллин кентінен дәрігерлер келіп қабылдау жүргізу қолға алынған. Бұл сала бойынша ғимарат мәселесі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бірақ материалдық техникалық база жайлап жаңартылуда. Қазіргі талапқа сай компютермен жабдықталуы қажет.Тұрғындарды тіркеуде қиындықтар туындауда. Бірақ келешекте шешімін табады деген сенімдемін.

Діни сала бойынша Ауылда бір мешіт «Үңірек ауылы» мешіті бар. Ауыл имамы Қайырқұл ақсақал халықпен тығыз байланыста болды. Ауылымызда ауыл халқын имандылыққа тәрбиелеуде мешіт үйі жұмыс жасайды. Қадір түні, Мәуліт, Оразада, намазға жиналып, құрбандық шалынып отырады. Мешітті күрделі жөндеуден өткізу мақсатында игі шара қолға алынып,   жөндеу жұмыстары жалғасуда.Ауылдан шыққан азаматтың демеушілігі арқасында мешітке жылу қазандығы алынып берілді. Жалпы округте өтетін іс-шараларға ауыл халқы тегіс ат салысады десем артық емес.

Мешітте аз қамтылған отбасыларына бір жолдық көмек ұйымдастырылып тұрады. Осындай игілікті істерге көпшілік араласып, көптен жасала берсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Құқық саласы бойынша округте аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ, басқа жерлердегідей белең алып тұрған мал ұрлығы былтырғы қарағанда биыл тіркелген жоқ. Учаскелік инспектордың зейнетке шығуына байланысты жаңадан учаскелік инспектор келді. Учаскелік инспектордің арласуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда Ауылдың қоғамдық тәртібін сақтау осы учаскелік инспектордың еншісінде. 2 адам отбасылық жағдай бойынша сотқа апарылды,3 адам мас күйінде 5 аек, 12625тенге, 10 үйге ескерту 18 үйге тазалық бойынша ескерту және 1 адам есепке алынды. Ай сайын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Басқада мәселелер бойынша

Ауыл болғандықтан мал бағылымы туралы айтпай кетуге болмайды. Жылқы бағылымы – арнайы жылқышылары бар, шешімін тапқан, ірі қара мен қой – ешкіні бағуда арнайы бақташылар жоқ, кезекпен бағылады. Тұрғындармен мал бағылымы жөнінде келісім шарт бар. Сондықтан ауыл халқының жауапкершілігін арттырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Атқарылған істермен қатар, алда тұрған атқарылар міндеттер өте көп. Қазіргі таңда ауылдан шыққан азаматтарымыздың Рухани жаңғыру аясында туған жерге, Отанға деген мақтаныш патриоттық сезімдерінің арқасында ауылдың көркейіп, дамуына өз үлестерін қосуда. Осындай азаматарымыздың арқасында алар асуымыз көп болар деген сенімдемін.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дейді бұрынғылар, олай болса ауылды көркейтуге бір кісідей атсалысып, еңбек жасайық!


Келулердің саны: 181


Жоғары