print

КЕНШОҚЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

   «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін   өткізу туралы  Қазақстан Республикасы   Президентінің   2013 жылғы  15 тамыздағы № 615   Жарлығын орындау мақсатында, бүгінгі есепте дәйекті статистикалық деректер   негізі құрылып, ауылдың мәселелері, әлеуметтік экономикалық салада қол жеткізген   нәтижелер мен алдағы   кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы қамтылып отыр.

     2017 жылдың қаңтар   айында   өткізілген кездесу барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды   іске асыру бойынша, барлығы   4 сұрақ.

   1) Ауылымызда футбол (корд) алаңы салынса? (Ауыл тұрғыны- Т.Окапов).

Демеушілік есебінен жеке кәсіпкер Мухтаров Қайсар Талғатұлы 6,5 млн. Теңгеге жасыл төсеніші бар футбол алаңын және балалар ойын алаңы салынды.

 2) Алмалы кен орнының экологиялық жағдайын анықтаса, мекеме басшысы келіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізсе? ( «Мұрагер» ш/қ жетекшісі-А.Шұғаеев)

   Алмалы кен орнынынң басшылығына   2 рет хат жолданды. Кәсіпорын құрылыс және өндіріс жұмыстарын тиісті мемлекеттік органдардың берген рұқсатына сәйкес жүргізуде және жетекшілік жасайтын басқармаларға экология жайында есептерін уақытылы тапсыруда.

     3) Алмалы кен орнына жастарды маман ретінде оқытып, дайындаса. (Т.Мананбаев- ауыл тұрғыны)

     Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру   шарттары бойынша Алмалы кен орнына жастарды маман ретінде оқытуға ұсыныс түскен жоқ.

    4) Ауылға билайн байланыс желісін орнатса? (Ауыл тұрғыны- Ғ.Утеулина)

Алмалы кен орыны арқылы билайн ұялы байланысы «Нұра» ауылын толықтай байланыс жүйесімен қамтуда.

 

                                       

                                                       1.Жалпы мәлімет

Кеншоқы ауылдық округі бойынша жер көлемі – 254 360 га, осы төңіректе бір елді мекен – Нұра ауылы, және 24 қыстақ орналасқан. Округ бойынша 186 үй, 202 отбасы, жалпы халық саны – 786 адам, ерлер - 402, әйелдер – 384 оның ішінде 372 экономикалық белсенді халыққа жатады.

    Зейнеткерлер саны – 80 адам, тыл еңбеккерлері- 3 адам, батыр аналар – 14 адам, ардақты аналар – 17 адам.

       Мүгедектер саны – 21, оның ішінде 3 адам бірінші топтағы, 9 адам екінші топтағы, 8 адам   үшінші топтағы мүгедек, 1 адам бала жасынан мүгедек, асыраушысынан айырылған отбасылар - 4 адам. Жыл басынан жұмыссыздыққа   25 адам тіркелген. Қазіргі   уақытта   9 адам   Алмалы кен орнына «Сарыарқа   ресурс капитал» ЖШС –не жұмысқа орналасса, 5 адам мемлекеттік ұйымның бос орнына жұмысқа орналасты. Қоғамдық   жұмысқа   - 12   адам тартылды.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек   - 3 отбасы, 18 адамға тағайындалып берілуде.              

       Ауыл   экономикасының негізгі тірегі болатын, ауылшаруашылығы     саласында   төрт-түлік малды көбейту мен асылдандыру  қарқынды өсуде.

 

           Ауыл шаруашылығы мал басының   өсу қарқыны

 

р/с

 

 

 

 

Жылдар

+

- басқа

%

 

 

 

01.01.2018

01.01.2019

1

Ірі қара

3290

3294

+ 4

 

 

101

2

Ұсақ мал( қой, ешкі)

11 507

11 512

+ 5

101

3

жылқы

2228

2237

+9

102

4

құс

2331

2335

+5

101

 

       2. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру   барысында, ауылдың әлеуметтік –экономикалық дамуы туралы ақпарат.

      2018 жылы Елбасы Қазақстан Халқына арнаған кезекті Жолдауын жолдады.   Елбасының «Қазақстандықтардың әл –ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын   арттыру» атты биылғы   Жолдауы еліміздің   әлеуметтік - экономикалық   дамуының   өзекті мәселелеріне   және қазақстандықтардың әл –ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне   арналады.    2018 жылдың 16 қараша  айында Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша Шет аудандық әкімінің орынбасары   Әбілдин Азамат Азатұлы және облыстық мәслихат депутаты, Шет аудандық аурухана директорының орынбасары Абитаева Хауан Бергенқызы, Шет аудандық Жұмыспен қамту орталығынң директоры Сағадиев Жанат Ермекұлынан құрылған   дәріскер топтарының кездесулері болып өтті.

      Ең күшті қуатты құрылымдардың бірі - шағын және орта бизнесті   дамыту керек. Мұнда Елбасының сөзін айта кеткен жөн: «Шағын және орта бизнес –біздегі   жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік   экономикалық негізі» -делінген. Ауылдық округ бойынша 58 - шаруа қожалығы   және   15 жеке кәсіпкер   тіркелген. Үкіметтің   «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша Шет ауданы кәсіпкерлер палатасының филиалында округтегі жұмыссыз азаматтар және шағын несие алу үшін ауылымыздан 6 адам оқып сертификат алса, 3 адам несие   алды. Шаруа құрылымдарымен, кәсіпкерлермен өткізілген жиналыста   үнемі кәсіпкерлікті дамыту жолдары, беріліп жатқан несие түрлері Үкімет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау, беріліп отырған жеңілдіктер, қайта даярлау курстары арқылы   білімдерін   жетілдіру туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды.

      Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша, ауылымызда 3 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Кеншоқы ауылдық округі әкімдігі және   кәсіпкерлермен   азық-түлік тауарларының   бағасын тұрақтандыру туралы 2018 жылғы   меморандум жасалып, бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктің   негізгі түрлерінің   бағаларының   себепсіз өсіп кетпеуіне     байланысты жұмысшы тобы құрылған. 8 рет жұмыс жоспары бойынша,   отырыс өткізіліп   жұмыс жүргізілді. Апта сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп отырды. 2017 жылы ашылған жеке меншік “Іңкәр» дүкені халыққа қызмет етуде және ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Төребекова Мадина аудан әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры бойынша 300 мың теңге грант жеңімпазы атанып, шағын наубайхана ашып жұмыс жасаса, 2018 жылы наубайхана құрал -жабдықтарына 2 млн. теңге  облыс грантын ұтып алып, шаруашылығын одан әрі дамытып, ауыл тұрғындарын   күнделікті нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.

   3. Инвестициялық жобалар бойынша. Жеке кәсіпкер - Дюсебеков Самат   6 млн. 500 мың теңгеге   мал бордақылау алаңын салып, қазіргі уақытта пайдалануда. Ауылымыздың   жеке кәсіпкері Даримбаев Азамат 5 млн 200 мың теңгеге   екінші мал бордақылау алаңын салды. Алдағы уақытта мал сою алаңы салынады.

                                   4. Ауыл шаруашылығы   саласы

     Жалпы ауылымыздың даму көрсеткіші жаман емес. Ауылшаруашылығын дамыту мен әртараптандыру мақсатында, төрт – түлікті өсірумен көбейту және асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы «Игілік» бағдарламасы бойынша   «Қайнар» ш/қ жетекшісі Сериков Сержан «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы   6 млн. теңге несие алып 30 бас ірі қара мал сатып алды.

      Алдағы уақытта шаруа қожалықтар техникалық базасын жаңартуға  пресс -трактор алуды жоспарлауда. Жеке кәсіпкер Совет Тоқтар   4 млн. теңгеге 18 бас ірі қара мал сатып алып жұмысын жүргізуде. Сауғабеков Кенже 1,5 млн. теңге алып,     6 бас ірі қара малын   сатып алып жұмыс жасауда. «Шеткөмек» серіктестігі арқылы «Шалқар» ш/қ жетекшісі Сағындық Ш. 12 млн. теңгеге   несие алып   жұмысын ұлғайтуда және «Қойтас» ш/қ   М.Тайжанов 9 млн. теңге несие алып   жұмыс жасауда. Жалпы Кеншоқы ауылдық округі бойынша несие көлемі - 32 млн. 500 мың теңгені құрайды. Жұмысқа тартылған   5 адам. Сатылып алынған мал басы:   ірі қара - 94 басты құрайды. «Құнанбай» ш/қ лизинг арқылы МТЗ -93 тракторын және пресс алып, жұмыс жасауда.

 «Бағлан» ш/қ егін салған, жалпы   көлемі   150 га, оның ішінде   бидай – 50 га, арпа – 100 га. егілген , өнімдерден алынған түсім орташа деңгейде болды.

       Ауыл бойынша қыс мезгіліне мал азығы толық   дайындалып,қыстақтарға (шаруа қожалықтары) 5, 520 тонна шөп   және  елді –мекенге 5,715 тонна шөп жиналды. Барлығы 11,235 тонна шөп.

     Жоспарланған   ветеринариялық   сауықтыру іс-шарасы   өз мәнінде жүргізілді.Ірі қара малы – қой, ешкілер сырғаланды, компьютерлік дерек қорға тіркелді, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша алынған, малдар   компьютерлік   базаға енгізіліп, статқа   тіркеу   жұмыстары   жүргізіліп отырды.

   Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ауылдық округ шаруа құрылымдары өз   ризашылықтарын білдіруде. Бұл бағытта ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалық иелері   Үкімет тарапынан қолдаудың арқасында өз шаруаларын дөңгелетіп отыр.                

5. Құрылыс саласы

     Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен « 90 игі іс» бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жерге туың тік» бағдарламасы бойынша ауылымыздың азаматы, жеке кәсіпкер    Қайсар Талғатұлы «Рухани жаңғыру» аясында   жасөспірім балаларға шағын футбол кордын және балалар ойын алаңын өз қаржысына салып берді. «Қасқар би» мешітінің алдына ескертіш тас қойылып, дұға бағышталып, ас берілді. Бұл да тарих, жастарға үлгі, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие берер игілікті іс.

                         6.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

        Су құбыры - тұрақты жұмыс жасауда,екінші насос сатылып алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Халықтан   жиналатын   коммуналдық   төлем   ақы   жолға   қойылған.

       Электр жүйесі   - тұрақты. Халықтың   наразылығы   жоқ.

       Жол қатынасы  Ақтоғай – Шет - Қарағанды бағытындағы көлік қатынасы тұрақты.

       Елді - мекенді көріктендіру, санитарлық- экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ауыл аумағында, 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында екі айлық өткізілді.Бұл жұмыстарға   - 4 мекеме, 482 - адам, 11 техника қатысты.  

        Ауылда  апта сайын «Таза бейсенбі» тазалық күні, облыстық , аудандық және ауыл бойынша сенбіліктер   ұйымдастырылып отырды.

   Сенбілікке ауыл мекемелері, ауыл тұрғындары қатысып, ауылдың көркеюіне ат салысты. Әр тұрғын үй иесі өз үйінің маңайындағы   күл –қоқысты   өз қаражатымен шығарып, үй маңындағы шарбақтарын және үй шатырларын бояп,жөндеу жұмыстарын   жүргізді. Ауылдың ішінен өз техникаларымен   күл-қоқысты тазалауға атсалысқан азаматтар: Шет аудандық жеке кәсіпкер   Мұсаханов Бауыржанның 2 камаз автокөлігі және тиегіш техникасы, ауыл тұрғыны Нұржаубаев Шаймұханбеттің   МТЗ-80 трактор   тиегішімен, 282 тонна күл -қоқыстар шығарды. Әрбір аула тұрғындарымен – 186 келісім шарт жасалып, бір рейсі 2,500-4000 теңге аралығында келісіп,төлемақы төледі.

7. Қоғамдық тәртіп

     Елді мекенде   «Сарбаздар тобы» ұйымдастырылған, негізігі бағыты   елді -мекенде   тәртіпті сақтау, даталы күндерде   кезекшілікті ұйымдастыру, мал ұрлығына жол бермеу, сырттан   келген- кеткенді   бақылап, назарға   ұстау жұмыстарын   учаскелік   полиция қызметкері Альдубаев Асетпен    бірлесіп жүргізілді. Өткен жылы ұрлық-қарлық бойынша 2 факт тіркелген.

Ауыл учаскелік инспекторы Альдубаев   Асет халық алдында тоқсан сайын есебін беріп отырды. Кәмелетке   жасы толмаған жастар арасында   құқық бұзушылықтың алдын алу, діни экстремизмге   қарсы, теріс діни ағымдардан   сақтану жөнінде   Нұра орта мектебімен, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі   инспекторларымен, мешіт имандарымен   бірлесе   отырып   түсіндірме   жұмыстары жүргізілді.

       2018 жылдың II тоқсанында Кеншоқы а/о бойынша арнайы құрылған ақпараттық топ мүшелерімен   «Діни экстремизм және терроризмнің алдын –алу» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастыру бағыты бойынша, Шет ауданының әкімдігі жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының тікелей басшылығымен   ауылдың тұрғындарына, ауыл жастарына, мектеп оқушыларына   арналған   ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

        2018 жылдың   III тоқсанында діни экстремизм   терроризмнің   алдын   алу жөнінде   ауыл ақсақалдарымен   және   жамағаттарының   қатысуымен   ауыл жастарына, ауыл   тұрғындарына   арналған Шет аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжановтың   және «Облыстық  дін істер басқармасының бөлім басшысы» Тілекбаев Серік Қуатұлы «Қазақстанның болашақтағы жастар қозғалысының   қоғамдық   бірлік» басшысы Амандыкова Үмітжан Балқашбайқызы   «Діни радикализмнің алдын алу» тақырыбында семинар кездесу өткізілді.

       Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын бағдарламалық мақаласы жарық көрді.  Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз. 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарасты іс-қимыл жөніндегі   іс-шаралар жоспары   жөнінде арнайы құрылған комиссия мүшелері жұмыс жасады.    

  1. Ауылымыздың тұрғындарына әлеуметтік, мәдени тұрмыстық қызмет    көрсетуде:

       1. Әкім   аппаратының   жұмысы Қазақстан   Республикасының   Конституциясының   баптарымен Конституциялық заңдылықтарға сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару туралы   Заңымен нормативтік –құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен   жүргізіліп отырды. Ауыл әкімшілігінде 4 маман жұмыс жасайды. Мамандардың барлығы   компьютермен   жабдықталған.   Әкімшілік   мекемесі   толықтай   «Электрондық   құжат айналым   жүйесіне» қосылған.  «Аstel»   фирмасымен интернет   жүйесімен жұмыс жасауға    525 мың теңгеге келісім шартқа   отырып, интернет жүйесіне қосылдық. «Е- халық» қызмет көрсету бағдарламасына -769 мың теңге бөлінді. «E.GOV» халыққа қызмет көрсету бұрышы ашылды. 2018 жылғы негізгі қызмет бойынша -15 өкім,жеке құрам бойынша - 20 өкім шығарылды.

     Ауыл тұрғындары бойынша жыл бойы   жазбаша түрде түскен -4 өтініш, 2-еуі түсіндірілді, 2-еуі қанағаттандырылды.

     Кеншоқы ауылдық   округі бойынша   жергілікті қоғамдастық мүшелерінің 2018 жылы 11 отырысы өткізілді Жергілікті қоғамдастық құрамына сайланған комиссия құрамы -7 адам. Ауыл көлемінде мал ұрлығы, ауыл тазалығы   және   тәртіп жөнінде ауылдың сыртқы   келбетін көріктендіру, мектеп жасындағы   балаларға   сыйлық   жасау жөнінде жұмыстар атқарды. Қолма –қол бақылау шоттарына түскен қаржы   көлемі - 682 000   теңге, ЖШС «Шетэнерго» 6 дана , жарықтандыруға светодиодтық лампы 210 000 теңге, Жеңіс күні,Жаңа жыл, Тәуелсіздік мерекесіне жұмсалғаны - 68000 мың теңге,   95350 мың теңге баннер   жасауға жұмсалды. Барлығы 163 350 мың теңгені құрайды.

     2. Еліміздің ертеңгі болашағын дайындап, тұлға етіп қалыптастырып шығаратын «Нұра» орта мектебінің қазіргі таңдағы жағдайы жақсы. Ұстаздар   қауымы, жас ұрпақтарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге толықтай мүмкіндік жасалған.Мектепке даярлау ісіне   баса назар аударылуда. Оқушылардың бойына патриоттық   сезімді нығайту, рухани тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мен зиянды әрекеттерден аулақ болу, еңбекке баулу, интелектуалды деңгейін дамытуда   әр түрлі іс-шаралар атқарылуда. Жоғары сынып оқушылары  141 - бала,даярлық сыныбы -12 бала, шағын орталық 25 - баланы құрайды. Барлығы 141 оқушы. Мектеп бойынша -39 мұғалім жұмыс жасайды.

 ҰБТ – дан алынған көрсеткіш 80 % пайыз болды.  9 - бала мектепті аяқтап, 4- бала жоғары оқу орнына, яғни грантқа, 2 бала ақылы оқу орнына, 3 - бала колледждерге түсті.

Қазіргі жаңартылған   білім мазмұны бойынша 1,2,3,5,7,8 сыныптар білім алуда. Мектептің қазақ тілі, тарих, орыс тілі, физика   дәрісханалары   қазіргі жаңа технолгиялармен жабдықталған. (Ауызша тоқталу).      

   3.ФАП –дәрігер үйі өз мәнінде жұмыстар атқаруда. Бала және ана өліміне  жол   берілген   жоқ,   тұрғындар   өткен жылы   флюографиядан толықтай өтіп   қамтылған.       Ауыл бойынша скрининг тексеру нәтижесі бойынша – 138 адам өткен.Тексеру нәтижесінде бауыр, өт жолы бүйрек, қан қысымы жоғары адамдар анықталды.  Осы байқаудың   нәтижесі    бойынша   сырқатқа шалдыққан   адамдар   облыстық   медициналық   орталыққа жіберіліп, емделуде.

  1. «Қасқар   би» мешіті халыққа     тұрақты   қызмет етіп,  халықтың демеп - қолдауымен өз жұмысын жасауда. Мешітте жұма намазы оқылып отырады. Мешітке барып, имандылыққа бет бұрған жастар қарасы көбеюде. Бұл күнде мешіттің жұмысы   жақсы. Түрлі діни мерекелер, уағыз -насихат жұмыстары жиі өтіп отырады. Мешітте өткізілетін діни іс –шаралар туралы   ауыл әкімдігіне тұрақты ақпаратпен алмасып отырады. Мешітің алдында «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында түрлі спорттық ойындар өткізілді.

  5. Кітапхана - Бейсенбекова Назгул  өз мәнінде  еңбек  етуде.

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толығуда. Кітапханада оқырмандарға арналған әдеби сазды кештер, дөңгелек үстелдер,  жиі өтіп отырады. Атап айтсақ, 1 мамыр күні - «Ынтымағы жарасқан өлкем» атты әдеби –сазды кеш, ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында түрлі әдеби кештер , 16 желтоқсан   мерекесі қарсаңында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи кеш өткізілді.

6. Почта   меңгерушісі  - жас маман, Жунусова Салтанат қызмет етуде. Басылымға 100 % пайыздан астам    жазылу артығымен   орындалды. Басылымға жазылу жылдан –жылға толығуда.

     7. Клуб үйі - меңгерушісі Дарибаев Өмірсерік   ұжымымен   өз мәнінде   еңбек   етіп, мерекелік, даталы   күндерде   халықтың көңілінен шығуда. Жыл ішінде еліміздің ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері ойдағыдай аталып өтті. 8 наурыз – Аналар мерекесі   қарсаңында көгілдір от кездесу кеші өтті, ауылдың батыр аналары, күміс алқа иегерлері арнайы шақырылып, мерекелік кешке қатысып, ауыл әкімшілігінің сыйлықтарымен марапатталды. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында барлық ауыл адамдары Сейтжан Кайырдың тойханасында көше-көше болып, дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрден өнер көрсетіп,ұлттық ойындар тамашалады. Ауыл азаматтарының, шаруа қожалықтарының, кәспкерлердің ұйымдастыруымен «Қазақ күресі» өткізілді.

9 мамыр қарсаңында ауыл тұрғындары, ауылдың жастары және мектеп оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік алау» жағылып, Даңқ алаңында еске алу кеші өткізілді. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, ауыл азаматтары , кәсіпкер Нуртазин Серік және Шет ауданының жеке кәсіпкері Мусаханов Рахметолла  балаларды киім –кешекпен, оқу -құралдарымен қамтамасыз етті. Қарттар ждәне мүгедектер күні қарсаңында «Қасқар би» мешітінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты   уағыз –насихат кеші өтіп, ауыл қарттарына арналған дастархан жайылды. Жаңа жылдық мерекеге орай ауыл балалары   арнайы сыйлықтармен, қораптағы тәттілермен қамтамасыз етілді. Мереке қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен , асыраушысынан айырылған  отбасыларға арнайы   сыйлықтар жасалды.

   Спорттық іс-шаралар да мектеп тарапынан, әкімшілік тарапынан   өтіп отырды. Атап айтсақ, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақша күрес, қазақтың ұлттық спорттық ойындары мереке қарсаңында жиі өтті. Ауыл балаларына арналған   шағын футбол кордының ашылуына орай ауылдық округтер арасында   футбол ойыны өтті.    Аудандық жарыстарға ауыл жастары қатысып отырады.      

    16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл жастары, ауыл   тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқушылар арасында воллейболдан   жарыс өткізілді. Үстел теннисінен   «Ауыл әкімінің кубогі» өтті.   Ауыл азаматтары және шаруа қожалықтары демеушілік көрсетті.

    Нұра орта мектебінің спорт залында аптаның 4 күні қазақ күресінен жаттығу секциясы өтеді. Секцияға қатысатын 25 жасөспірім бар. Аталмыш секция Шет ауданының жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы. Арнайы бапкері,ауыл азаматы Балкенов Елу. Қазақ күресінің көрсеткіштері жаман емес. Ауыл балалары Ақтоғай ауданында, Шет ауданында, Шет ауданына қарасты округтерде  өткен қазақ күресінің жеңімпаздары.

  2018 жылы үлкенді-кішілі атқарған жұмыстарды   саралай келе, жасалған жұмыстарға белсенді қатысып, көмек көрсеткен, мекеме басшыларына, ауыл ақсақалдарына, жалпы барлық ауыл тұрғындарына   рахмет айтамын!        

      9. Ағымдағы жылға   және жақын болашаққа   арналған   іс-қимыл бағдарламаларым:

   1. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту. Елді –мекеннің ішкі жолдарын көше жарықтарын жақсарту, тоқ көзін, су және күл –қоқысын төгетін полигонды заңдастыру.

   2. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің белсенді топтарын құру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестициялау. (Шаштараз, жылыжай, автокөлік жөндеу цехін іске қосу).

   3. Ауылдың қоғамдық тәртібін сақтау.


Келулердің саны: 757


Жоғары