print

КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мәселелер ол барлықтарымызға қойылған міндеттер халықмұқтаждарын орындауға бағытталады. 2018 жылы округімізде атқарған жұмыстар және алдағы күндері атқарылатын жұмыстарға тоқталсам. Ауылдық округті 5 елді мекен құрайды. Осылардың барлығында 365 отбасы және Халық саны 1215 адам, оның ішінде 650 экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны -140, мүгедектер – 35, оның ішінде 3-і бала жасынан мүгедек.

2018 жылы өткізген есеп кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар.

Барлық ауылындарында жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулердің барысында 6 сұрақ түскен. Оның ішінде 4 сұрақ шешілген болса, 2 сұрақ қаржы қаралуына байланысты орындалатын болады.

Көктіңкөлі ауылдық округі экономиканың даму үрдесі басымшылығы ауыл шаруашылығы                                        Округ экономикасының негізгі тірегі болатын ауыл шаруашылығы саласында төрт түлік малды көбейту мен асылдандыру. Осы мақсатта округімізде 3 шаруа қожалық асыл тұқымды ш/қ мәртебесін алып басқа ш/қ асыл тұқымды бұқаларды сатуда. 2018 жылғы жүргізілген санақ қортындысы бойынша ірі қара мал басы 4503, қой – ешкі- 7964, шошқа – 110, жылқы - 1040.   2018 жылы «Жаңа» ш/қ жетекшісі Ковальчук В. «Казагрофинанс» несие беру корпорациясы арқылы 20 млн теңгеге инвестициялық жобаны іске асырды. Ресей елінен 50     бас сүтті тұқымды тайшаларды әкелді және 1500000 теңгеге 3 асыл тұқым бұқалар алынды,7 млн.тенгеге трактор МТЗ -82,1 млн 300 мыңға теңгеге шоп шапқыш(косилка) алынды. 2018 жылы «Шет көмек» ЖШС – гі арқылы «Дружба» шаруа қожалығының жетекшісі Ахатаев Айдар 4 млн теңге , жеке кәсіпкер Акамбаев Данияр 12 млн. теңге мал басын көбейтуге несие алды. Округтегі шаруа қожалықтары үкімет тарапынан асылдандыру жұмыстарына берілген қаржыны 12 ш/қ алды. Көктіңкөлі ауылдық округіне

-2-

қарасты Ақжол ауылында   мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетуде 2018 жылы «Дружба» шаруа қожалығымен Көктіңкөлі ауылында   екінші мал сою алаңы ашылды және 3 млн 200 мың тг. прес подборщик алды. 2018 жылы Көктіңкөлі ауылдық округінде «Көктіңкөлі Агро Премиум»ЖШС-гін Николаенко Яков ашты. Инвест жоба бойынша мал басын асылдандыруға 50 млн. тг.қаражат жұмсалу жоспарлануда.

Ветеринария жұмысы толығымен орындалуда. Бруцеллез ауруына тексеріс жүргізіліп 28 бас анықталды, оның 15 басын жеке пайдалану үшін, қалғандары Жамбыл облысының ет комбинатына тапсырылды.Бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік базаға енгізілуде. Сібір жарасы, құтыру, бруцеллез, қара сан ауруларына қарсы барлық малдарға ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар орындалды.Жыл басынан 24 қанғыбас ит атылды. Мал бағу ұйымдастырылып малшылармен келісім-шарт жасалған. Округ бойынша 9 табын бар. 2018 жылы егін салған , «Надежда» ш/қ жетекшісі Мотыгуля С.,«Рахимжан» ш/қ жетекшісі   Кожамберлин Е. Барлығы 475 га ,оның ішінде бидай – 55 га, арпа -420 га. Халықтың жеке шаруашылығында 4 гектар жерге көкіністер салынған, оның ішінде 3 га картоп қалғаны басқа

көкіністердің түрі. Қысқа толық жем-шөппен қамтамасыз етілген. Ауылдық округ бойынша пайдаланылмай жатқан егістік жерлерді аңықтау мен мемлекеттік жер қорына қайтару бойынша келесі жұмыстар атқарылды.Көктіңкөлі ауылдық округі бойынша пайдаланылмай жатқан егістік жерлерді , келесі 10 шаруа қожалықтар аңықталды, «Ақжол» , «Батыр», «Асем», «Жыланды», «Көктіңкөлі», «Қанағат» , «Ынтымақ», «Матан», «Ғалым», «Қоғам» Шаруа қожалықтармен тұсіндіру жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде 4 шаруа қожалықтар «Көктіңкөлі» , «Батыр», «Асем», «Жыланды» 2018 жылы егістік жерлерін мемлекеттік жер қорына тапсырды ,«Данияр», «Сатжан» шаруа қожалықтары қызметтерің тоқтатып,жерлерін аудандық жер қорына тапсырды.

Елбасмыздың әр жолдауында шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдіру белгіленген. Осы

 

-3-

идеяларды орындау мақсатында округ бойынша 2018 жылы 2 рет халықтың жалпы жиналысы өтті. Ақсақалдар алқасы,

жергілікті қоғамдастықтын жиындары , ауылымызда құрылған ақпарат насихат тобымен бірлесіп пікір алмасу шаралары ұйымдастырылып өткізілді. Әкім аппаратынын жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясынын баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде 6 өтініш, барлығы шешілді .                                                                       Шағын бизнес саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жұмысы үнемі әкімшілік назарында. Кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп, меморандум жасалған.Округімізде 1 кафе ,3 –дүкен, халыққа қызмет көрсетуде , оның ішінде 2 дүкен азық-түлік ,1 дүкен тұрмыстық заттар сатады, жоспар бойынша 2019 жылы 2 дүкен ашылады. 3 жеке кәсіпкер оқушыларды мектепке тегін тасымалдайды. Көктіңкөлі станциясынан 15 оқушы Алихан негізгі мектебіне барады.Целинное ауылынан 4 оқушы – Көктіңкөлі орта мектебіне,Жыланды ауылынан 12 оқушы Көктіңкөлі орта мектебіне тасымалданады.                                          

Салық базасының жағдайы мен алдағы уақыттарда оны ұлғайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар.

Округ бойынша 2018 жылға жер – 161506 тенге, мүлік -35000 теңге және транспорт салығы толық жиналып 100 пайыз орындалды.Алдағы уақытта салық базасын ұлғайту жөнінде әкім аппаратында мобилідық топ құрылып жұмыстар жүргізілуде.                                                                                          Округ елді мекендерінде 2018 жылдың санитарлық тазалау, сәулеттендіру және көгалдандыру бойынша

айлықтар өткізу барысында атқарылған іс шаралар. Ақадыр   кентінен жеке кәсіпкер Сериков Ораз   1/бір/

погрузчик,камаз прицеппен шақырылды және ауылдық округі бойынша «Дружба», «Қанағат», «Фриден», «Али» , «Жана», «Қайырбек» , «Луч Надежды», «Ынтымақ» шаруа қожалықтары ,жеке менішіктегі Ивачев Андрей,Макажанов Марат өз теникалармен ,округ бойынша 5000 тонна кұл-

 

-4-

коқыс шығарылды. 5/бес/ елді мекенде электр – телефон бағаналары ақталып,сырланды.Мекемелер оның ішінде

әкімшілік ,мәдениет үйі,аурухана,мектептер, мешіт, жанындағы қоршауларды жөндеу сырлану, әктеу                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

жұмыстары жүргізілді. Көктіңкөлі –Ақадыр,Көктіңкөлі –Жаңаарқа трасса бойы күл-қоқыстан тазаланды.

Ауыл округі бойынша 50 түп ағаш,100 буталар отырғызылды. Мекемелер аланына 20 ағаш отырғызылды,үйлердің аландарына 30 ағаш отырғызылды,500 ағаш кесілді.

          Ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қолма қол ақша бақылау шотынан 100 мың теңгеге 10 жерден ауылға билбордтар орнатылды . Полиция учаскелік инспекторы және

әкім өкілі басқарған топ тарапынан 383 үй иелеріне ескертулер берілді, «Қазақстан Республикасының   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабына сәйкес 45 ауыл азаматына хаттама толтырылды. Үш жыл бойы таудан келген су , Көктіңкөлі ауылдағы үш көшені су алатын, себебі ауылдың сыртындағы орналасқан арықтар бұзылған,201 8 жылы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен техникалар бөлініп ,бульдозермен 2000 метр бөгет(дамба) орнатылды.

Жыланды ауылында 700 метр, Ақжол ауылына 3000 метр   Жаман сарасу өзенің бойында ауылға су кірмеу үшін бөгеттер (дамбалар) орнатылды.

Су тасқын   салдарынан Республиқалық маңызы бар Ақадыр – Бидайық тас жолын төрт жерінен жартылай,бір жерден, екі рет толық шайылып кеткен бүгінгі таңда уақытша бір көлік өтетін жол жасалды. 2017 жылы проектно – сметалық құжаттары жасалып 2018 жылы қараша айы көпір салуға және 3 шақырым жол жөндеуге «Матан» ЖШС –гі кірісті.

          2018 жылы Көктіңкөлі ауылы бойынша 22 жол білгілері , 5 ауыл атаулары орнатылды және Көктіңкөлі –Нарбақ 36 шақырым аудандық манызы бар жолға 36 жол білгілері (километровые указатели) орнатылды.

          Әлихан ауылы – Көктіңкөлі стаңциясы 9 шақырым,Жыланды ауылы –Көктіңкөлі ауылы 9 шақырым ішкі жолдардың құжаттары толық жасалып мемлекеттік жер актілері әділет басқармасына тіркелді.

        Бүгінгі таңда Республиқалық маңызы бар Ақадыр – Бидайық тас жолына ағымды жөңдеу жұмыстары 25 шақырымға жүргізілді. Ауылдың ішкі жолдарын, Жыланды

-5-

ауылының тас жолын қардан тазалауға 300 мың теңгеге «Бірлік» шаруа қожалығымен, Әлихан ауылы мен Көктіңкөлі

станциясынын арасындағы тас жолды тазалауға «Жана» шаруа қожалығымен 350 мың теңгеге келісім –шартқа отырды.Қолма-қол ақша бақылау шотынан елді мекендерді аббаттандыруға 560 мың теңге, жұмсалды, Былтыр 65 жарық нүктелері болса биыл 70, оның 15-сі Алихан ауылында, Жыланды ауылында -7, Целинное ауылында – 6,қалған -45 фонарь Көктіңкөлі көшелерінде орнатылған. Қолма қол ақша бақылау шотынан мерекелік іс- шараларға 300 мың теңге жұмсалды, 190 мың 4 көшелердің атауын   жасауға жұмсалды.

Жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларымен жүргізілген жұмыстар: 2018 жылы жұмыссыздар ретінде тіркелген 9 адам оның ішінде 1 адам жұмысқа орналасты, біреуі бизнес бастау курсын бітіріп несие алды, қалғандары қоғамдық жұмысқа тартылды .2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Көктіңкөлі ауылдық округтеріне, Ортау,   К. Мыңбаев округтеріне бір ассистент жұмыс жасайды.Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны: 3 отбасы. Жаңа –жылдық мерекеде 13 - аз қамтылған отбасыларына тәтті сыйлықтар берілді. 3 мүмкіндіктері шектеулі балаға қолма-қол ақша бақылау шоттының қаражатынан сыйлықтар таратылды. Шет ауданы білім бөлімі тарапынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан 5 оқушы қысқы киімдермен, мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Ата-анасынан айырылған 2 оқушы патронат отбасында тәрбиеленіп жатыр, қамқорлығына алған патронат отбасы Гуреевтар отбасына Шет аудандық білім бөлімінен ризашылық ретінде сыйлықтар табысталды.Сонымен қатар, аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысқан патронат отбасында тәрбиеленіп жатқан 2 оқушы, мүмкіндігі шектеулі 1 оқушы қысқы киімдер (куртка, етік), ойыншық және тәтті сыйлықтар берілді.

Білім мен спортты жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстар. Округ бойынша 4 мектеп:1 орта, 1 негізгі және 2 бастауыш мектеп бар.Оның ішінде 207 оқушы білім алады, 63 мұғалім сабақ беріп, 48 жұмыскер еңбек етеді. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне, мектепке даярлау ісіне баса назар аударылуда. Қазан айынан бастап Көктіңкөлі орта мектеп жанындағы жарты күндік "Айгөлек" шағын орталығы толық күндік болып ашылды 12 бала тәрбиеленуде. Аудандық білім бөлімі тарапынан шағын орталықтың асханасына арнап электрпеші, жаңа жиҺаздар

-6-

берілді.Мектепте 2- қабаттың кәріз (канализация) жүйесін іске қосып, ойын добы, принтер, модем, 1 интерактивті тақта, 1

мультимедиалық проектор,автоматты кір жуу машина, т.б. тұрмыстық және шаруашылық заттар берілді.

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Туған жерге туың тік» деген мақсатпен мектебімізде ұзақ жылдар ұстаздық, директорлық қызметтер атқарған ауылымыздың ардақты азаматы Қожамберлин Рахымжан Садырбайұлының ұрпақтары шет тілдер кабинетін және Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Білім саласының үздігі, ұлағатты ұстаз Бекқожин Асан Мәлкентегінің ұрпақтары заманауи жабдықталған, математика кабинетін ашып

берді. Шет ауданы білім бөлімі мультимедиялық проектор, интерактивті тақта берді.        

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы   24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Көктіңкөлі ауылындағы моральдық тұрғыдан ескірген төрт көшенің атауын олар:

-         Садовая көшесін – Ынтымақ көшесі;

-         Новая көшесін – Бастау көшесі;

-         Транспортная көшесін – Тәуелсіздік көшесі;

-         Центральная көшесін – Бірлік көшесі,

және Целинное ауылынын – «Ақжол» ауылы деп

атауын өзгертілді. Төрт көшедегі әр үйге жаңадан тақтайша орнатылды, қалған көшелерге тақтайшалар ақпан айында орнатылады.

Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:

Көктіңкөлі дәрігерлік амбулатория науырыз айының бірінен бастап халық санының екі мыңға жетпеуіне байланысты Көктіңкөлі ФАП болып өзгертілді. Бірінші дәрігерлік көмек жасау үшін бір ФАП-те орта буынды мамандар және мед пунк Алиханда, ст.Көктіңкөлінде ғимаратсыз екі мед бике қызмет көрсетеді.

2018 жылдың шілде айында жылжымалы медициналық кешені келіп тұрғындарды тексеріп, дәрігерлік көмек берді.

Жалпы Көктіңкөлі ФАП-ке 972 адам тіркелуде оның ішінде: ересектер – 595

-7-

Балалар – 303

Жасөспірімдер - 47

Сәбилер – 27

Диспанцерлік есепте – 192 ересек, 21 бала тіркелген барлықтары уақытылы дәрілерін алып отыруда.

Скрининг тексерістен 291 адам өткізілді.

Мамографиялық тексерістен 87 әйел өтті.

Флюрографиядан жоспар бойынша 543 тұрғын, өткені 466 адам, оның ішінде: 108 адам туберкулез ауруына күдікті болып шықты, барлықтары қайта тексеріліп туберкулез ауыруы анықталмады.

Спортты дамыту бойынша ауыл жастарына волейбол, қазақ күресі, спорт ойындары түрлерінен мектеп спорт залында сайыстар жүргізіледі. Ауданың 90 жылдығына орай XXI аудандық «Сарыарқа -2018» спартакиадасында Көктіңкөлі орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «24 кг кір тасын көтеру» жарысында I-орын және «Қол күрестен» II- орынға ие болды. Әлихан негізгі мектебінің оқушысы Кенжеғұлов Еңбек қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат»спроттық разряды берілді.

Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылған жұмыстар:

Казпошта бөлімшесі арқылы 2019 жылдың I жартыжылдығына мерзімдік баспасөзге жазылу толық орындалды.Басылымдар уакытында жеткізіліп, зейнетақылар жоспар бойынша таратылып отыр.

Казақтелеком байланыс бөлімшесі тұрақты қызмет етеді. Барлық елді мекендерде телефон байланысы 225 нүкте. ғаламтор желісі бар 71 нүкте қосылған. Саяси –діни тұрақтылық сақталуда. Көктіңкөлі

станциясында Мешіт, Көктіңкөлі ауылында намазхана, «Преображение» Інжілдік мәсіхші баптистердін шіркеуі жергілікті діни бірлестігі тіркелген.

Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар: Барлық мемлекеттік және ресми мерекелер өз деңгейінде аталып өтті. «Ынтымақ, бірлік-ел ертеңі» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, «31 мамыр – саяси қуғын

 

-8-

– сүргін жылдарының құрбандарын еске алу» күніне байланысты еске алу кеші өткізілді. 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай

«Балдаурен» балалық шақ, 6- Шілде күні Көктіңкөлі Мәдениет үйінде Астананың 20 жылдығына орай "Астанаға тарту" атты мерекелік кеш болып өтті.22 наурыз ауыл тұрғындардың қатысуымен дастархан ұлттық салт-дәстүр бойынша өткізілді. Қараша айында мәдениет үйінде қарттар күні мерекелеріне 120 адам шақырылып ақ дастархан жайылды. 1–желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай «Намыс дода» спорттық сайысы және 16-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» мерекесіне «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертті өткізілді. «Қош келдің Жаңа жыл» атты ауыл әкімінің   шыршасы өтті. Мәдениет үйінде би, вокал, домбыра үйірмелері бар.   Кітап

қоры 10500 дана құрайды. Әр мерекеге арнап кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталсақ Округімізде жастар саны 165, оның 48 студент, 70 жұмыс істеуде,16 бала күтімі, 2- әскер қатарында.

биылғы жылы 4 жас маман жұмысқа қабылданды: Әлихан негізгі мектебіне екі бастауыш сынып мұғалімдері, Көктіңкөлі орта мектебіне тарих пәні мұғалімі және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша технология және музыка пәнінің мұғалімі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде қабылданған шаралар туралы ақпарат

2018 жылы полиция қызметкерлері 96 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды оның ішінде:

434 бап –10 кішігірім құқық бұзушылық

440 бап – 21 адам қоғамдық орында мас болған

492 бап – 18 адам төл құжат ережесін бұзған

505 бап – 45 адам сәулеттендіру ережесін бұзған

437 бап – түнгілікті тыныштықты бұзған

73 бап – 3 адам дене жарақаттары

608бап – 2 адам көлікті масаң күйінде басқарғаны бойынша

602 бап – 4 адам жол ережесі бойынша

Бір ауыл тұрғыны ішімдіктен емделу мекемесіне жіберілген.

Бір жыл ішінде 4 адам әкімшілік қамаққа алынған болатын.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеудің бірден бір амалы ол профилактикалық жұмыстар.Жыл бойы

-9-

мектептерде ашық сабақтар, кітапханада жастар арасында дөнгелек үстелдер, пікір алмасу сияқты жұмыстар жүргізілді.

әкімшілік-аумақтық бірліктің проблемалық мәселелері және оларды шешу жөніндегі қабылданып отырған шаралар туралы ақпарат

Бірінші кезекте тұрған мәселелер: жолдарды жөндеу және оларды ұстау, елді мекендерді абаттандыру, білім, денсаулық салаларының материалдық базасын нығайту.


Келулердің саны: 460


Жоғары