print

МОЙЫНТЫ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Елбасы Жарлығынан туындаған тапсырманы орындау мақсатында Мойынты кенті бойынша 2018 жылы атқарған жұмыстар жайлы есепті назарларыңызға ұсынамын.

1.Өткен жылдың есептік кездесулерде халықтан түскен сұрақ, өтініштер бойынша мәселелер қарастырылып, барынша шешілді.

Бірінші сұрақ: Мектептің іші суық. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.

ЖОББ мектептің от қазандығы, жылу тарту құбырлары түгелімен ауыстырылды. Көмірмен толық қамтамасыз етілді. Терезелері қосымша сыланып, қапталды.

Екінші сұрақ: : Су жағдайы қиындау? Су жабдықтау мекемесін жаңа техникамен қамтамасыз етсеңіздер?

Су мәселесі толығымен шешілді. Мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінді. 12.01.2017 жылы ашық конкурс жарияланып, «Электржабдықтау» ЖШС мекемесі тендр бойынша ұтып алған еді. Бұл мекеме талаптарға сәйкес жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Су құбырлары толығымен жаңартылды. Су жабдықтау мекемесінің ғимараты толық жөндеуден өткізілді. Әрбір аулаға су құбырларының желілері тартылды, биыл күзде толығымен жұмыстары аяқталады. Су тәулік бойы ағып тұрады.

Үшінші сұрақ: «Ақадыр –Мойынты» автокөлік жолы грейдер жөнделе ма? Осы мәселе қандай шешімін тапты ? Бұл мәселе шешімін тапты. Жол жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге қаражаты бөлінді. Көктем мезгілінде жол жөндеу жұмыстары басталады.

Ауыл ішіндегі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына келсек, тас құм төгіліп, жолдары тегістелді.

2.Елбасының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмалардың орындалысы.

Елбасының жолдауында берілген тапсырмалары орындалуда.    Қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеуге шақырды. Кентіміздің кәсіпкерлері, іскер азаматтары өз қаражаттары есебінде азық-түлік дүкендерін, жанар-жағар май бекеттерін жаңартуда. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектепте 3-7-8 сыныптары жаңа оқу бағдарламасына көшті.

  1. Мойынты кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Мойынты кентінің экономикалық қабілетті тұрғындарының 80% теміржолдың әр саласында жұмыс атқаруда. Мойынты кентіне қарасты Ақбұлақ ауылында және қыстақтарда бүгінде 40-адам өмір сүруде, жұмыстары негізінен «шаруа қожалықтарында» мал өсірумен айналысып күнделікті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруда. Ақбұлақ ауылының жұмысқа жарамды тұрғындары да Бапы кен орындарында жұмыс істейді. 4.Кентіміздегі жүзеге асырылған, асырылмақшы инвестициялық жобалар мен инвестиция құю бағытында атқарылып жатқан жұмыстар.

Мойынты кентінде 2 тойхана, 8 азық –түлік дүкені, 4 киім-кешек дүкені бар.

2019 жыл «Жастар жылы» делінді, яғни кентімізде жас ұрпақ салауатты өмір салтын ұстану үшін спорт кешенін салу жоспарлануда. 386 млн. теңгені құрайтын сметалық құжаттары дайын.

Алдағы уақытта орталық көшелерді асфальттау жұмыстары, мектепке дейінгі жас балаларға балабақша салу, кіре беріс аркасын орнату және бір балабақша алаңы жоспарлануда, сметалық құжаттары дайын.

5.Мойынты кентіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары.

2018 жылы кенттегі жеке кәсіпкерлермен Елбасының жолдауына қатысты жұмыссыздықты болдырмау және жалақыны 25 % -ға көтеру туралы меморандумға отырдық. Апта сайын азық-түлік дүкендерімен мониторинг жүргізіліп отырады. Алайда жол алыс және қиын болғандықтан аудан бағасынан азық-түлік бағасы біршама жоғары.

Жеке кәсіпкер Серикова Мағираш Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай «Үздік кәсіпкер» атты номинациясына   аудан әкімі М. Жандаулетов марапатады.

6.Кент бойынша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ.

«Қожалықтар саны -11», олар бүгінде округ жерінің 45,814 гектарын пайдалануда. Бүгінгі күнге ветеринария жұмысы толығымен орындалуда. 2018 жылы шаруа қожалығын қайтадан жаңғыртты. Бірдейлендіру жұмыстары жүргізіп, компьютерлік базаға енгізілуде. Мал бағу, жазғы айларда кенттегі тұрғындардың малдарын алыс жайлауға 5 жерге бағылады, бағу бағасы кент әкімшілігімен келісіліп алынған. Мал бағу және мал басына төленетін қаражат көлемі келісім –шарт арқылы бекітілді. Ауыл ішінде кезек ұйымдастырылады. Мал басы жыл санап өсуде, қысқа толық жем-шөппен қамтамасыз етілген.

     Цифрлы Қазақстан бағдарламасына сәйкес Мойынты кентінің ауыл шаруашылқтарының иесі шабындық жерлерін электронды картаға енгізді.

7.Салық базасының жағдайы мен алдағы уақыттарда оны ұлғайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар.

Кент бойынша 2018 жылға транспорт және жеке кәсіпкерлердің патент салығы мен жер мүлік салығы толық жиналды. Алдағы уақытта салық базасын ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдан бастап Мойынты кенті 4 салық түрі бойынша жұмыстар жүргізеді.Салық базасы жергілікті бюджетке ауыстырылды Алдағы уақытта салық базасын ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

8.Мойынты кентіне бөлінген қаржының игерілуі:

2018 жылға бөлінген қаражат 100 % пайызға толығымен игерілді.

  1. Абаттандыру, санитарлық тазалық және тұрғын уй –коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағытында атқарылған жұмыстар.

Денсаулығымызға тікелей әсері бар мәселе, ол кентіміздің «санитарлық тазалығы» жолындағы науқан. Мойынты кентінде аббаттандыру, санитарлық тазалау іс-шараларын жүргізу барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмысты кент тұрғындары және барлық мекемелер бір адамдай жұмылып атқарды. Әр аптада   «Таза бейсенбі», сенбілік өткізіледі. Кент бойынша бүгінгі күні әктеліп, сырланған үй саны 300. Тазартылған аулалар саны 400. Шығарылған күл-қоқыс көлемі -500 тонна. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 8 адам. Кент бойынша тұрғындардың өз күшімен 90 % жеке-меншік үйлеріне су тартып, жеке септик орнатты. Теміржол және бюджеттік мекемелердің жанындағы қоршаулар жөнделіп, сырланды. Арнайы техника шақыртылып, көп қабатты үйлердің кәріз құбырлары тазартылды.

10. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздықты жоюға бағытталған жұмыстардың барысы және аз қамтылған отбасыларымен жүргізілген жұмыстар:

Жұмыссыздықты болдырмау бағыты бойынша, Жұмыспен қамтылғандар кент бойынша 723 адам,  16 адам бос тұрған жұмыс орындарына орналасты. 8 адам қоғамдық жұмысқа тартылған, соңын ішінде 3 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.    Инвестициялық жобалалар іске асса, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Кент бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны: 5 отбасы. Мойынты кентінің әкімшілігінің демеушілігімен 5-аз қамтылған отбасы қысқы отын-көмірмен қамтамасыз етілді. Сондай –ақ аталған топтағы отбасыларға қажетті маңызы бар азық –түліктер берілді.

11. Білім мен спортты жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстар.

Еліміздің болашақта іргелі ел болып қалыптасуына тікелей әсер ететін, мектеп оқушылары екені күмәнсіз. Мойынты ЖОББМ 1937 жылы құрылған. Мойынты орта мектебінің сыйымдылығы 500-525 бала, ғимараты ескі. Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. Оқушылар саны 402, 2017-2018 оқу жылында мектепте 45 педагог қызмет етеді. Оның ішінде 1-і психолог,1-і әлеуметтік педагог,1 тәлімгер. Шағын орталық жұмыс істейді. Онда 25 бала тәрбиеленуде. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 76% көрсеткіш көрсетті.

2018 жылы аудан мектептері арасында оқу тәрбие саласындағы жетістіктері үшін III орынды иеленді. «Мектепке жол» акциясы бойынша 15 оқушыға мектепке кажетті оқу құралдары мен киім-кешектер табысталды. Сонымен қатар мектептегі (жетім) қамқорлықтағы балалар, көп балалы отбасынан шыққан 30 оқушы күніне бір рет 5 күн  асханадан тегін ыстық тамақ ішеді.

Әкімшіліктің ұйымдастыруымен мерекелік күндерге   волейболдан мекемедегі ерлер командалары арасында ашық кент біріншілігі ұйымдастырылып, өткізілді. Кентімізде «Рухани жаңғыру» аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен аймақтық яғни Ақжал, Сарышаған, Босаға тағы да басқа ауыл командалары арасында шағын футбол турнирі өткізілді. «Қазақ барысы» аудандық жарыста Смагулов Бауыржан II орынды иеленді. Ақадыр кентінде «Жас барыс» қазақ күресінен Жаманқұл Айдын І орын, Ақсу – аюлы ауданында Тәуелсіздік күніне орай аудан мекемелері арасында баскетбол жарысында Мойынты кентінің мекеме орындарынан іріктелген жастар командасы IV орын иеленді. Мектеп қабырғасында тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды.

12.Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:

Денсаулық саласына келсем, кентте дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін балаларды қабылдау, әйелдерді қабылдау алдын-ала екпе, аға-медбике бөлмелері жұмыс жасауда. Сонымен бірге күндізгі стационар бөлмесі, кезекші фельдшер бөлмесі пайдалануда. «Жедел жәрдем» тәулік бойы жұмыс істейді. Амбулатория жылу маусымына керекті көмірмен толық қамтамасыз етілген.

Салауатты өмір салтын насихаттауда біраз іс-шаралар атқарылуда. Спортты дамыту бойынша ауыл жастарына арналып волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, конькимен сырғанау спорт ойындары түрлерінен секция уақыттары белгіленіп, мектеп спорт залында жүргізіледі. Бұл жасалған игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Спорттық ойындар кентімізде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады, дәстүрге де айналған. Жастарымыз салауатты өмір салтын ұстануда.

13.Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылған жұмыстар:

Кент бойынша мекеме басшыларының демеуімен баспасөзге жазылу 115 %-да жоғары деңгейде орындалды.

Діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, Мешіт құрылысының жұмысы толық аяқталды. Кентімізде ақпараттық түсіндіру жұмыс тобы құрылды. Мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында кездесулер өткізіліп тұрады. Жастарға дін туралы көп уағыздар, мағлұматтар айтылды. Діни бірлестіктермен тығыз жұмыс атқарылуда.   Мешітте жұма намазы оқылып тұрады. Ауыл жастарының 10-20% имандылыққа бет бұруда. Таза, дұрыс жолды жастарымыз таңдаса, бұл әрине нұр үстіне, нұр.

Ауыл имамы мен ауыл ақсақалдарын, учаскелік полиция инспекторларын тарта отырып халықпен, ауыл жастарымен дәстүрлі діни тақырыпта жиналыстар ұйымдастырылып өткізілді. Кентімізде терроризм жағдай тіркелмеген.

14.Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар:

2018 жылы барлық мемлекеттік және ресми мерекелер осы Мәдениет үйінде аталып өтті. Мерекелік бағдарламаларға мектеп оқушылары, ауыл жастары, сонымен қатар, мекеме қызметкерлері ат салысуда. «Халықаралық аналар күні» мерекесіне орай «Армысың – Ару нұр көктем!» атты әдеби сазды кеш өтті. Ұлыстың ұлы күніне орай «Айтөре» тойханасында «Наурыз – думан, наурыз – шаттық мереке» атты үлкен мерекелі әдеби сазды кеш ұйымдастырылып, барлық ауыл шақырылды. Қошқар көтеру, кір тасын көтеру, қол күресі және арқан тартыс өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жылқы малы сойылып, мерекелік ас берілді.

1–мамыр күніне орай «Бірлігі жарасқан – қазақ елі»ұлт аралық сайыс өткізілді. 9 мамыр – «Жеңісті тойлайды ел бүгін» патриоттық ән кеші болды. 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне бүлдіршіндерге балмұздақ берілді және мерекелік концерт қойылды. 1 қазан Қарттар күніне орай кентіміздегі ең үлкен жастағы ақ жаулықты анамыз Қалима Омарованы құттықтап, сыйлық берілді.

ҚР Президенттінің Жолдауын насихаттауда Мойынты кентінің кітапханасынада «Ел басы – ел тірегі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында мекемелердің ерлер мен қыздар арасында волейболдан кент біріншілігі ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. 29-желтоқсан күні кентіміздің «Айтөре» тойханасында «Қош келдің Жаңа жыл» атты кент әкімінің   шыршасы өтті. Жаңа-жылдық шырша безендіріліп, Аяз ата мен Ақшақар келіп бүлдіршіндерді ертегі әлемінде қарсы алды.Жаңа жылдық мереке дәстүрге сай аталып өткізілді. Мойынты кентінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Bapy Mining» компаниясының демеушілігімен жаңа –жылдық мерекеде -80 аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, мүгедектік топтағы адамдарға 15 000 теңге ақшалай және сыйлықтар берілді. Үлкен алаңға баларларға арналып сырғанақ, мұз айдыны , жыл мүсіндері салынды және шырша орнатылды.


Келулердің саны: 536


Жоғары