print

АҚШАТАУ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Сіздермен кездесуді, биылғы жылғы Президентіміздің өсу мен өрлеу жолына түскен қазақ еліне тағы бір «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі : табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен бастағым келіп отыр. Еліміздің бағыт – бағдарын тағы бір айқындап берген Елбасымыздың Жолдауында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер көрсетіліп, халқымыздың әлеуетін көтеру міндеттері нақты белгіленді. Сонымен қатар алдағы уақыттағы барлық жоспарымызға керекті түйінді ойларды көрсетіп берді.

Алдыңғы 2018 жылғы кездесулер барысында округ бойынша келіп түскен 10 ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен болатын, соның 7-і орындалды.

Кент округіне қарасты 3 елді мекенде барлығы - 1259 адам тұрады. Ақшатау кентінде – 960 адам, Жарылғап батыр ауылында –253 адам, Қарғалы ауылында – 46 адам. Экономикалық белсенді халық –605 адам. Жалпы округ бойынша жер көлемі - 184,079 га. кенттің жалпы жер көлемі - 14,963 га. Оның ішінде жалпы ауыл шаруашылық мақсатында – 131 022 га. Округте 1 мәдениет үйі, 1 клуб үйі, 1 орта және 1 негізгі мектеп, 1 ФАП,, медпункт, Кегок подстанциясы, семсер күзет, казмұнай газ және ГАЗОЙЛ фирмалары өз қызметтерін нәтижелі де сапалы атқаруда.

Өткен 2018 жылы кенттік округіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақыттардағы әрбір сала бойынша жоспарланған жұмыстарға тоқталсақ:

Округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті   дамыту саласында жол бойындағы кафелер саны -15, дүкендер мен дүңгіршектер -3. Шаруа қожалықтар саны -43.

Биылғы жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобаға Ақшатау кентінде орналасқан бұрынғы кен байыту фабрикасынан шыққан қалдықтарды Теміртау қаласынан LAM 2030 ЖШСі мен «Вольфрам ресурс Груп» ЖШС-і қайта өңдейтін завод салу тамыз айына жоспарлануда. Қараша айында аталған кәсіпорын өкілдері мен кент әкімшілігі халыққа қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қазіргі уақытта жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қоса кенттегі вольфрам мен молибден өндіруге ниет білдіруші кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде.

Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында кенттегі орналасқан дүкен иелерімен меморандум жасалып, азық-түлік бағасы апта сайын мониторинг етіп отырылды. Дүкен иелері негізсіз бағаны тым көтеру жолында жұмыстар атқарылды. Алматы Астана күре жолы бойында орналасқан кафелер мен асханалар тұрақты жұмыстарын атқарып, салық уақытылы төленіп отыр.

Округ бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қаржы көше жарығын жөндеуге, баннерлерді жаңартуға және мектепке баратын су құбырына қаржы бөлініп, ауыстырылды. Сонымен қоса кентегі су таситын көлікке сайман алынды. Салық төлемдеріне келсек 2018 жылға берілген барлық салық төлемдерінің көрсеткіштері бойынша орындалды.

Ауыл шаруашылық саласында

Бүгінгі күнге округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарының барлық мүйізді ірі қара мал басы - 3815, ұсақ мал басы- 8422 бас, жылқы-2754 бас, түйе -19 бас, құс 2747 бас болды. Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда ірі қара мал -2.7 %, ұсақ мал басы-3.7% , жылқы- 4.9%, түйе- 10.5, құс-0.4% өсті. Округ бойынша малдарға көктем-күз айларында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шаруа қожалықтары мал басын асылдандыру мақсатында өткен жылы 5 бас асыл тұқымды бұқалар алды. Қыс айларына малға жем шөп дайындау уақытылы орындалды. Биылғы жылы 12500 тн шөп шабылып, жиналды. «Айдәулет» шаруа қожалығы 2.900 мыңға шөп жинайтын пресс, «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша 31млн теңге несие алып, «Ер-Дос» шаруа қожалығы жетекшісі Жукенов Ғ герофод тұқымының 47 бас аналығын алды. 2018 жылы 13 шаруа қожалығы құны 3 650 мың тұратын тоқ беретін модуль алды. Осы алынған тоқ модульдарын мемлекет 2 920 мыңын субсидиялады. Мал етін экспорттау бағытында округ бойынша 78 бас ірі қара еті барлығы 11,7 тн өткізіліп, 15 210 мың теңгені құрады. Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша жалпы 93млн 660 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электрондық картаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Ақшатау округі бойынша 41 шаруа қожалығының 131 022 га жалпы жер көлемі, оның ішінде шабындығы -2108га, жайылым - 122 398га , егістік – 985 га бар. Аталған жерлердің 85% жайылым жерлер, 76 % шабындық жерлер электрондық картаға түсірілді. Жұмыс атқармай отырған 2 шаруа қожалығымен жерлерін өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ветеринария саласы бойынша бруцеллезге, қарасанға, сібір жарасына, құтыруға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Күз айында Қарағанды қаласында өткізілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шаруа қожалықтары қатыстырылды.

Мал бағынын ұйымдастыру бойынша тұрғындармен 2 рет кездесу өткізілді. Кент бойынша 2 бағын, 2 кезек ұйымдастырылды. Бойдақ малдар 3бағытта жайлауда бағылады. Жылқы арнайы табында. Ақшатау округіне қарасты шаруа қожалықтарының малдары арнайы бақташылармен бағылады.

Көркейту, көгалдандыру саласы

Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Облыстық елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округтің елді мекендерінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізіліп отырылады. 2018 жылы санитарлық тазалық сенбілігіне 420 адам қатысып, көшелерді, автокөлік трасса бойларын, бұрынғы қоқыс төгу алаңдарын, арық жағаларын, тазарту жұмыстары жүргізілді, яғни арам шөптерді орып, өртеу, қалың ағаштар бұтақтарын кесу, ағаштарды әктеу жұмыстары, көшелер, аулалар, автомобиль жолдары қоқыстардан тазартылды. «Байбатыр» ЖШС-і 1 камаз автокөлігі мен 1 погрузчик тазалады. Жарылғап батыр ауылы бойынша тұрғындардың ақшалай жинауымен күл қоқыс шығарылды.

Ақшатау кентінде 260, Жарылғап батыр ауылында 78 үй иелеріне тазалықты сақтау жөнінде ескертулер таратылды. Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылының көше жарықтарының ағымды жөндеу жұмыстары мен лампалары ауыстырылды. Ал кент бойынша сыртқы көрнекі үгіт құралдары (билбордтар) жасалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

     Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен коммуналдық қызмет төлемдеріне көмек көрсету бағытында халықтың «әлжуаз» топтарына кешенді көмек көрсетілуде. Соның бірі кенттегі азқамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларына балалар жәрдемақылары тағайындалып, толық төленген.

Округте биылғы жылы халық саны -1259 , оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны -605 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 470, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 51 адам. Округ бойынша 2018 атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасына тағайындалып төленді. Жыл басынан жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркеуде тұрған - 7азамат. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеке жоспарлар құрылып, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 4 адам қоғамдық жұмысқа алынып, жұмыс істеді. Әлеуметтік көмек алушы азаматшаның қызына Қарағанды қаласындағы колледжге түсуіне жәрдем етілді. Қазіргі уақытта тегін жатахана және ай сайын жәрдемақы төленіп отыр. Биылғы жылы да алдағы уақытқа жеке жоспарлар дайындалып, атаулы әлеуметтік көмек алу қарастырылуда. Кент әкімдігіне 2 адам жұмысқа тұрғызылды. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов орта мектебі мен Ж.Алтайбаев негізгі мектептеріне жыл басынан 14 адам жұмысқа тұрғызылды. Олар: әлеуметтік педагог, көмекші тәрбиеші, кітапханашы, гардеробшы, от жағушы-6адам. Шаруа қожалықтары, жол бойы кафелері мен кенттегі дүкендерге барлығы 13 жұмыссыз адам жұмысқа тұрғызылды. Елбасы жолдауына байланысты барлық округтегі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілерімен жұмысшылардың жалақысын көтеру бойынша меморандум жасалды.

Мектепке жол акциясы аясында кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілерінің демеушілігімен Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылындағы аз қамтылған 12 отбасына оқу құралдары мен мектеп киімі, спорт киімдері алып берілді. Демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтамын. Олар: Сматылұлы Ғ «Ақжол» ш/қ, Қапсаламов Қ «Жартас» ш/қ, Елеубеков М «Ұлан» ш/қ, Жүкенов Ғ «Ер-дос» ш/қ, Алибаев Н «Қаращілік» ш/қ, Сиқымбаев М «Ернұр» ш/қ, Шорин Е «Жайнар» ш/қ, Ермекбаев С «Жолғұтты» ш/қ және «Лаззат» дүкені иесісі Аманжолова Н

Биылғы жылы ораза айында Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылының тұрғындары Астана қаласында тұратын ауылымыздың ауруға шалдыққан баласына ота жасауына қайырымдылық көмегіне ақшалай көмек жинап берілді.

    Білім саласы

   Округімізде 1- орта мектеп, 1-негізгі мектеп бар. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде бүгінгі таңда 112 оқушы оқып, 36 бала шағын орталықта, 24 мұғалім, 20 техникалық жұмыскерлер қызметін атқаруда. Ж.Алтайбаев атындағы негізгі мектебінде 45 оқушы, 19 мұғалім,16 техникалық жұмыскерлер қызмет атқаруда. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маман жұмыс атқаруда. Жыл сайын мектептердің барлығына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырылады, қысқы маусымға барлық білім мекемелері қатты отынмен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілген. Кент тұрғындары мен барлық мекемелер жаз айларында президенттік тест тапсырды. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында волейбол және стол теннисінен Жарылғап батыр ауылы жастары мен кент мекемелері, оқушылар арасында жарыстар өткізілді. Желтоксан айында Ш.Уәлиханов мектебінің оқушылары Балқаш қаласында өткізілген республикалық «Қысқы тамшылар» атты балалар шығармашылығы конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Конкурсқа қатысқан оқушылар мен ұстаздары арнайы дипломдармен марапатталды. Жетекшісі Тлеуберлин Т.Т

Денсаулық саласы

    Денсаулық саласында округте 1-ФАП, 1-медпункт халыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде осы салада 1 дәрігер, 6 медбике, 2 санитар қызмет атқарып келеді. Ауыл тұрғындары жас ерекшеліктері бойынша скринингтік тексерулерден 283 адам өтті. Сонымен қатар, есепте тұрған гипертония, демікпе ауруымен ауыратын адамдар профилактикалық тексеруден өткізіліп, тиісті дәрі-дәрмектер берілді. Жыл сайын ауыл тұрғындарына арнайы жылжымалы рентген – флюрография келеді, биылғы жылы барлығы адам өтті. Медициналық қызметкерлер үнемі ауыл тұрғындарына белсенділікпен көмек көрсетіп отырады.  

  2017 жылы округ бойынша 11 бала дүниеге келіп, 13 адам қайтыс болды.  

Ақшатау кенті округі бойынша әскери есеп үстелі бойынша барлық әскери міндеттілер саны 219 адам, оның ішінде запастағы офицерлер саны -12, сержант пен солдаттар саны -207, әскери шақырушылар саны – 91. Биылғы жылы 5 бала әскер қатарына қызмет атқаруға кетіп, 5 азамат әскер қатарынан келді.   Дәрігерлік сараптамадан жалтарып жүргендер саны – 6 бала. Кент әкімшілігі тарапынан қажетті жұмыстар жүргізіліп, Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімге ұсыныс хат жіберілді.

                  
 Мәдениет саласы

Округте 1 мәдениет үйі, 1 клуб үйі бар.   Ауылымызда 16201 кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Екеуі де мәдениет үйінде орналасқан. Барлық атаулы мерекелер мен мәдени шаралар жүргізіліп отыр. Кенттегі аналарға мерекелік кештер ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Округтегі аз қамтылған көп балалы отбасыларға КСН есебінен жылда кент әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар берілді. Кенттегі мүгедек балаларға балалар күні мен жаңа жылда бағалы сыйлықтар берілді. Атаулы мерекелерде әр саланың үздік қызметкерлері кент әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Почта мен телефон байланысы қалыпты жұмыс жүргізуде.

Кент тұрғындары мен мекемелер қызметкерлерінің 2018 жылға мерзімді баспасөзге жазылу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Баспасөзге жазылу толығымен орындалды. Аудандық газетке 5 мақала жарияланды.

Жаз айында Жарылғап батыр ауылында «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Шет ауданының 90 жылдық мерекесіне орай «Ауылым – алтын бесік, ақ ордам» атты ауыл күні өткізілді. Барлық қаржылай демеушілік ауыл тұрғындарының көмегімен жасалды. Ауыл азаматтары барлық шараларға ұйымдасып, белсенділік танытты.Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» ауыл азаматары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Аудан әкімі Жарылғап батыр ауылының мектебіне интеллектуалды кабинет жабдығының сертификаты табысталады. Сонымен қатар аудан әкімі ауылдағы клуб үйіне музыкалық аппаратура алуға сертификат табыстады. Ауылдың көркейуіне қосқан үлестері үшін кент әкімінің алғыс хатымен ардагерлер марапатталды. Ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойына «90 жылдыққа - 90 игі іс» бастамасымен ауыл балаларына әкімшіліктің КСН есебінен 1700 мың теңге балалар ойын алаңы орнатылды.

2018 жылы ауданымызда өткен Шет ауданының 90 жылдығы мен Шортанбай жыраудың 200 жылдығына Ақшатау кенті округі демеушілік көрсеткен, ат салысқан шаруа қожалықтар жетекшілеріне алғыс білдіреді.

   Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан 12 өтініш түсті. 11-і жеке тұлғаларда түсіп, оның 5-і ауызша, 6 жазбаша, уақытылы шешімін тапты. Заңды тұлғадан 1 жазбаша өтініш түсіп , өтініштерге уақытылы жауап берілді.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндет­терін іске асыру мақсатында, кенттің әлеу­меттік-экономикалық дамыту жө­нін­дегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыс­тарды саралап алдағы істелер жұмыстарды талдадық.

Бүгін біз әлеуметтік жаңарудың жаңа сатысына қадам бастық. Бұл бағытта кенттің жергілікті атқарушы органдарының алдағы қызметі  қарапайым халықтың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүргізіліп келеді.

Кенттің әлеуметтік - экономикалық дамуы жолында бірқатар шешуін күтіп тұрған мәселелер әлі де бар, алдағы уақытта бұл мәселелердің өзіндік шешімін табуға бірігіп жұмыс істейтін боламыз.


Келулердің саны: 556


Жоғары