print

АҚЖАЛ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы орган басшыларының, әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын орындау мақсатында, өздеріңізбен кезекті есеп беру жиналысында кездесіп отырмыз. Өткен жылғы кездесуде түскен өтініш, ұсыныстар бойынша барлығы 9 сұрақ көтеріліп, оның 3 қанағаттандырылып, 6 кездесу барысында жауап берілді.    

   Елбасының халыққа Жолдауларында айтылған негізгі бағыттар бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруда 2018 жылы кентімізде атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңдерде атқарылар жұмыстарға тоқталсам.

   Ақжал кенті округінің экономикалық даму, әлеуметтік бағдарламалардың орындалуында біршама жұмыстар атқарылды. Округте Ақжал кенті, Ақжартас ауылы және 49 малшы қыстақтарында барлығы 3840 адам тұрады.      

   Есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға әр сала бойынша тоқталатын болсақ.

     Кентімізде «Nova-Цинк» ЖШС-і кәсіпорны жұмыс істеуде. Кәсіпорында 2018 жылы 927 адам тұрақты жұмыс атқарса, 2019 жылға 987 жұмыскермен толықпақ. 2018 жылы 26 млрд 100 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылмен        салыстырғанда 1 млн 600 мың тенге артық.                                                                                                                                                                                     

   Кәсіпорынның пайдалы қазбаларды ашық әдіспен алудан шахталық әдіске көшуіне байланысты 60 адамды жаңа мамандыққа қайта даярлықтан өткізді. Бүгінде кәсіпорыннан екі адам іштей бөлімде, сегіз маман сырттай бөлімінде Ресей жоғары оқу орнына жолдама беріліп, мамандығын жетілдіруде. Кәсіпорын кен өндірумен қатар кенттегі әлеуметтік салаға да, тұрақты көңіл бөледі. Кент бойынша өтетін барлық түрлі мәдени іс-шараларға тұрақты демеушілік көрсетіп, ат салысады. Осы бағытта бөлінген қаржы 8 млн 650 мың тенгені құрады. Кәсіпорын өз тарапынан демеушілік ретінде кентіміздегі Ш.Батталова атындағы орта мектеп ғимаратының кіре- беріс баспалдақтарын қайта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар өз еңбеккерлеріне күз айларында 22 млн теңгеге еңбек ақылары есебінен төменгі бағамен картоп, көмір, кебек таратуды жылдағы дәстүрмен орындауда. Кент тұрғындарының басым көпшілігі кәсіпорында еңбек ететіндіктен осындай игі істер үнемі жалғасын табады деп сенемін.

     Білім саласында екі мектеп, балабақша, мектеп жанындағы бір шағын орталық жұмыс атқарады. Аталған мекемелерде 218 адам жұмыспен қамтылған. Мектептерде 111 оның ішінде: 85 жоғары білімді, 26 арнаулы орта білімді ұстаздар еңбек етеді. 2018 жылы 23 мұғалім әртүрлі деңгейде біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 2018 жылы 80% ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5% жоғары. Мектептерде материалдық техникалық базасы 75% қамтылған.   Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда   93 оқушы «Nova -Цинк» кәсіпорын демеушілігімен Қостанай қаласына, 127 бала мектеп жанындағы лагерлерде демалды.

   «Мектепке жол» акциясы бойынша «Nova-Цинк» ЖШС-і биылғы оқу жылына мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге 650 мың теңге қаржыға бірінші сынып оқушыларына арналған құрал жабдықтар сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында тұрмысы төмен отбасылардың 45 оқушыға, 628 мың теңгеге сырт киімдер әперілді. Аталған шарадан   кент кәсіпкерлері де тыс қалмай 50 мың теңгеге толық емес және көпбалалы отбасылар оқушыларына оқу құралдары мен киім кешек таратты. Мешіт имамы өз тарапынан демеушілік жасап толық емес отбасының бес оқушысына бес мың теңгеден көмек көрсетті.

     Денсаулық саласында Ақжал дәрігерлік амбулаториясы қызмет атқарады. Бұл салада 3 дәрігер, 14 медбике қызмет көрсетеді. Есептік мерзімде 12004 адам дәрігерлердің қабылдауында болған. Жыл бойына жоспар бойынша 2250 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді. Амбулатория жедел жәрдем автокөлігімен және жылу маусымына қажетті көмірмен толық қамтамасыз етілген.

Мәдениет саласында Шұғыла мәдениет үйі халыққа тұрақты мәдени қызметтер көрсетуде. Елбасының «Рухани жаңғыру», «Жаңа бастамалардың жарқын жолы», Үш тілділік және латын әліпбиіне көшу-заман талабы атты бағдарламасын кент жастарымен біріге отырып дөңгелек стол өткізілді. Кентімізде мемлекеттік және ресми мерекелер өз мәнінде ұйымдастырылып, үнемі концерттік бағдарламалар, салтанатты шерулер, спорттық іс шаралар өткізіліп тұрады. Жыл басынан әкімшілік тарапынан атаулы мерекелерді атап өтуге: аналар күні, Жеңіс күні, балаларды қорғау күні, халықаралық қарттар күніне орай, сыйлықтар алынып, мерекелік дастархан ұйымдастырылды. «Электржабдықтау» ЖШС-і балалар күніне орай демеушілік ретінде мүгедек төрт балаға планшет телефонын сыйға тартты. Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына кентіміздегі кәсіпорын тарапынан демеушілік ретінде қаржылай көмек көрсетіліп, әкімшілік тарапынан екі киіз үй тігіліп, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары аудан жұртшылығының көңілінен шықты.          

     Сонымен қатар ағымдағы жылдың жаз айында Қарабұлақ ауылының азаматтары «Ауыл жылын» өткізуді жоспарлап отыр.

Орталықтандырылған кітапхана саласында екі адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда кітап қоры 5501 дананы құрайды. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда «Абайдың қара сөздері», М.Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін», Бұхар Жырау Қалқаманұлына 300 жылдық, Шортанбай Қанайұлына 200 жылдық  мерейтойларына көрме ұйымдастырылып, «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» , өміріне шолу жүргізілді.

   Байланыс саласында Қазпошта бөлімшесі, Қазақтелеком байланыс жүйесі жұмыс істейді. Аталған салада 8 адам жұмыспен қамтылған. Кентте сымсыз байланыс станциясы орнатылып, маңайдағы   барлық ауылдар мен қыстақтар байланыспен қамтамасыз етілген. Мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалды.

   Жұмыссыздық пен кедейшілікті азайтуда жыл басынан жұмыссыздық есебінде 16 адам тіркеліп, оның ішінде 10 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа қабілетті I ,II топтағы 25 мүгедек адам кәсіпорын, мекемелерде жұмыспен қамтылған. Округкте аз қамтылған отбасы тіркелмеген.

   Діни бірлестіктер саласында кентімізде шағын мешіт үйі жұмыс атқаруда.   Мәуліт мерекесі де өз деңгейінде атап өтілді. Ауыл имамы мешітте өткізілетін діни іс шаралар туралы кент әкімдігімен тұрақты ақпарат алмасып отырады.Кентімізде елімізге жат бөтен діни бірлестіктер тіркелмеген.

   Спорт саласында Ә.Сәлімбаева атындағы спорт кешені, екі мектептің спорт залы, «Болашақ» спорт алаңы жұмыс атқарады. Кентімізде спортпен айналысатын тұрғындар саны 790 адам, яғни кент тұрғындарының 32% құрайды. Жалпы спорт саласында ауылымыздың жастары, оқушылары аудандық, облыстық, Республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға   ие болып жүргені баршаңызға мәлім. Сондай-ақ қазан айында Марокко елінде Самбо күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы аталған жерлесіміз Манабаев Болат ағамыз жүлделі орынды жеңіп алды. Мектебіміздің оқушылары да облыстық деңгейде өткен қазақ күресінен, волейболдан жоғары орындарды иеленді. Жылдағы дәстүр бойынша 2018 жылы футбол, волейбол лигалары өткізілді. Келешекте осындай іс шаралар әр жыл сайын өз деңгейінде өтіп, көптеген жақсы нәтижелер көрсетеміз деген сенімдеміз.

   Қоғамдық тәртіпті сақтауда кент әкімдігі жанынан құрылған «Құқық бұзушылықтың алдын алу» жөніндегі комиссия жылдық жоспар бойынша тұрақты жұмыс атқарады. Комиссия отырыстарында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, мал ұрлығының алдын алу мәселелері қаралады. Қоғамдық тәртіп сақтау саласында   бір учаскелік инспектор, екі көмекші қызмет етеді. Учаскелік полиция қызметкерлерінің бөлмесі жиһаз және компьютер құрылғыларымен толық жабдықталған. Есептік мерзімде 2017 жылмен салыстырғанда округ бойынша қылмыс 5% азайған. Жаз айларында тұрғындардың бойдақ малдарын екі шаруа қожалығы және ауылдың екі азаматы жайлауға шығарып бақты. Мал бағыны туралы тұрғындармен жиналыс сайын сұрақ көтерілсе де, учаскелік инспекторлар тарапынан ескерту парақшалар таратылса да, күрделі мәселе күйінде қалып тұр. Аталған мәселені биыл ерте бастан бірігіп шешімін табуға шақырамын.

   Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Елбасының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына сәйкес, аудандық бюджет есебінен кентімізде екі қабатты 12 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй қолданысқа берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған үйдің құрылысы 57 млн теңгені құрайды. Аудандық тұрғын үй жөніндегі комиссиясы арқылы, тұрғын үйге мұқтаж 12 отбасына кезектілік тізіміне сәйкес берілді. Құрылыс жүргізуші мердігер Корпорация «МСК-Строй» ЖШС-і.

    Сонымен қатар кентіміздің тумасы, жас кәсіпкер Ардақ Берікұлы кентке кіре берісте жанар-жағар май бекетінің құрылысын аяқтап, өткен жылы іске қосты.

Өз кәсібін дамыту үшін «Бизнес-Бастау» бағдарламасы арқалы және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы кентіміздің алты тұрғыны тегін оқып,оларға сертификат ұсынылды.

      2019 жылға «Nova Цинк» кәсіпорыны кентке кіре берістегі 12 шақырымдық жолды жөндеуді және  орталықтағы «Болашақ» спорт алаңының ішіне футбол, волейбол ойын алаңын қайта жабдықтауды қолға алмақ. Сонымен қатар кәсіпорын өз жұмыскерлеріне арнап екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуды жоспарлауда.

  Орта және шағын кәсіпкерлік саласында кент бойынша 54 нысан қызмет көрсетеді. Өткен жылы кентіміздің тұрғыны И.Томашева кәсіпорынның «Ақжал» тойханасын жалға алып өз кәсібін айналдырып отыр. Округке қарасты шаруа қожалықтарымен бірігіп, азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында күз айларында кентімізде бес рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған осы жәрмеңкеге әкімдіктің арнайы шақыртуымен Балқаш,Қарағанды қалаларының жеке кәсіпкерлері кентімізге келіп, өзіміздің Отандық өнімдерді халыққа ұсынды. Жәрмеңке соңында кәсіпкерлер кентіміздің аз қамтылған   отбасыларына азық түлік себетін тарту етті. Әкімшілік тарапынан кентіміздегі жалғызбасты зейнеткерлерге де «Nova Цинк» кәсіпорнына хат жолданып, төменгі бағамен көмір таратуды ұйымдастырдық. Сонымен қатар шаруа қожалықтарын ұйымдастыру арқылы аз қамтылған 8 отбасына 2 тоннадан   шөп таратылып берілді.

          Жергілікті салық түсімдерінің орындалуында 84 мың теңге мүлік, 70 мың теңге жер салығы есептеліп, 90 пайызға орындалды. 2016 жылдан бастап «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Заңына   енгізілген өзгерістерге байланысты кент әкімі аппаратының арнайы есепшотына салықтың төрт түрінен, яғни жеке кәсіпкерлердің патенттік төлемі, жеке тұлғалардан мүлік, жер, көлік салықтары түсе бастады. Алдағы уақытта жергілікті салық базасын кеңейтуде, кент бойынша мүлікке және жерге түгендеу жұмыстарын жүргізу, тіркеусіз кәсіппен шұғылданушыларды анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізетін боламыз.

   Ауылшаруашылығы саласында 2018 жылы 71 шаруа қожалығы тіркелген. Бұл салада 216 адам жұмыспен қамтылған, бұған қосымша науқан кездерінде қосымша жұмыс орындары ашылып отырады. Шаруашылықтардың айналысатын негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Шаруа қожалықтары кейінгі жылдары қолда бар малдарын асылдандырумен айналысуда. Елбасының бағдарламасына сәйкес, кентімізде «Адал Береке 2017» ауылшаруашылық кооперативі құрылып, бүгінгі күні осы кооператив мүшелері өз шаруашылықтарын әрі қарай дамытуда.

     2018-2019 жылдардың қыс маусымына жеткілікті 15 мың тонна мал азығы дайындалды.  

     «Сыбаға бағдарламасы» бойынша қажетті көлемде арзандатылған несиеге қол жеткізіп, «Райян» шаруа қожалығы 50 бас жылқы, 60 бас етті бағыттағы ірі қара мал және ауылшаруашылық техникаларын алды.

«Іскер» бағдарламасы бойынша екі жеке кәсіпкер 18 бас жылқы, 32 ірі қара малын алып өсіруде.

«Игілік» бағдарламасы бойынша кент тұрғыны З.Жахметбекова 13 бас ірі қара мал сатып алды.

      Күз айында округке қарасты он бір шаруа қожалық жетекшілері 27 бас ірі қара малдарын, яғни 5500 тонна ет өнімін Астана қаласына «АгроЭкспорт ЛТД» ЖШС-на өткізді.

Коммуналдық қызмет саласында «Nova -Цинк» ЖШС-і, «Электржабдықтау» ЖШС-і, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіне жеке кәсіпкер «Касымов С» қызмет көрсетеді.

«Электржабдықтау» ЖШС-і тарапынан кентіміздегі жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтатын болсақ: мектеп алдынан поштаға дейінгі (100 метр), ықшамауданы көпқабатты №4, №13, №14 үйлердің және әкімшіліктен балабақша арасындағы (100метр) жылу жүйесінің құбыры айырбасталып, сырланып, жылыланды.

Кентіміздегі Сәкен Сейфуллин атындағы орталық көшесіне аудандық бюджеттен бөлінген 40 млн теңгеге бір шақырым асьфалт төселді. Атқарушы мердігер ашық конкурс жеңімпазы болған «Тастемір» ЖШС-і.

Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай , 90 игі істі қолға алып, іске асыруда     Балқаш Қарағанды бағытындағы автожолдың бойындағы Ақтоғай мен Шет ауданының шекарасында «Шет ауданы» белгі тақтасы орнатылды.

Мердігер «КазЭнергоРЭМ» ЖШС-і. Жұмсалған қаржы 2 млн 228 мың теңге.

Қарабұлақ ауылының көшесін жарықтандыруға 3 млн 200 мың теңге қаржыға

34 дана күн көзінен қуат алатын жарық шамдары орнатылды.

     Сонымен қатар «ШетКоммунСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны су мұнарасын айырбастады.

1 млн 298 мың теңге қаржыға әкімдік ғимаратының жылу жүйесі толығымен айырбасталды. Жұмыс жүргізуші мердігер «Happy Land» фирмасы.

   Биылғы жылы аудандық бюджеттен орталық Сейфуллин көшесіне тұрғындар жүретін жол (тротуар) салынады. Жалпы құны-17 млн теңге

   Елді мекендерде санитарлық тазалау, сәулеттендіру және көгалдандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылып, сенбілік күндері кент көшелерінен, рұқсатсыз төгілген   күл-қоқыстар арнайы полигонға шығарылды. Есептік мерзімде аудандық бюджеттен коммуналдық салаға 300 мың тенге бөлініп, кент көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.Кәсіпорын демеушілігімен кентіміздің кіре берісіне 210 түп қарағаш, саябақ, обелиск және мекемелер алдында гүлдер отырығызылды. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында 16 рет рейд жүргізіліп, санитарлық тазалық ережелерін бұзған тұрғындарға учаскелік полиция инспекция тарапынан 14 үйге ескерту берілді. Кент көшелеріндегі бағандар боялып, үгіт насихат плакаттары жаңартылды. Кент бойынша 124 қаңғыбас иттер ауланып жойылды.

   Ақжал кенті әкімі аппаратында 6 мемлекеттік қызметкер, еңбек шартымен 6 маман қызмет атқарады.

   2018 жылы кент әкімі аппаратының қаржылық жоспары толық игерілді.

     Мамандардың тиісті функционалдық міндеттер бөлініп берілген. Мамандар тұрғындарға қызмет көрсетуде түрлі анықтамалар беру, нотариалдық қызмет көрсету,   тұрғындардан түсетін өтініш, арыз-шағымдарды қабылдап заңдылықтарға сәйкес, шешімдер туралы жауап берілді және     автоматтандырылған жүйеге енгізілді. 2018 жылы барлығы 1141 өтініш түскен, оның ішінде 65 жазбаша, қалғаны ауызша. Ауызша өтінішер қанағаттандырылып, жазбаша өтініштер уақытында қаралып отырылды. 388 нотариалдық қызмет көрсетілді. Кент әкімдігі жанынан ақсақалдар алқасы, отбасы және әйелдер ісі, құқық бұзушылық, әлеуметтік мәселелер, мүгедектер, жастар жұмысы жөніндегі   құрылған қоғамдық ұйымдар   жұмыс   атқарады.


Келулердің саны: 716


Жоғары