print

АҚШОҚЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

           Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығын орындау мақсатында 2018 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

           Өткен жылдың есептік кездесулерде халықтан түскен ұсыныс, пікірлер:

         1.Ақшоқы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша көшеге 2-3 су колонкалары қойылса, қыста су тасу қиын деген сұрақтар түскен болатын. Көшелерге колонка орнатылған жоқ.          

           2. Қызылтау, Ақбауыр негізгі орта мектептері интернет жүйесіне қосылса -деген ұсыныс түскен болатын – Осы Қызылтау,Ақбауыр негізгі орта мектептеріне 2018 жылдың сәуір айында ASTEL компаниясы арқылы интернет желісіне қосылды.

           3.Ақшоқы-Нұраталды көтерме жолын жөндеу тегістеу деген сұрақтар түскен болатын? Жаз айында Ақшоқы-Нұраталды 54 шақырым көтерме жолға тегістеу жұмыстары жүргізілді.

           4. Тазалық мәселесі ауылымызда иесіз күл-қоқыстар көп, қаржы қарастырылса? 2018 жылы ауылымыздағы иесіз күл-қоқыстарды шығаруға аудандық бюджеттен 400 мың теңге қаржы бөлініп, Ақшоқы ауылындағы иесіз күл-қоқыстар тазартылды.

          ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 қазан күнгі халыққа арнаған Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын мекемелер мен ауыл тұрғындар ы арасында талқыланып, ауылдағы 48 шаруа қожалықтарындағы жұмыскерлерінің жалақысын 12% арттыру, 4 жеке кәсіпкердің 25% арттыру бойынша меморандумға отырылды.

           Ауылдық округі бойынша халық саны - 530, осының ішінен 290-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 60, оның ішінде 5 адам тыл еңбеккерлері, мүгедектер саны - 20. Округ бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар – 100. Сыртта жаз айларында ауысыммен – 6 адам жұмыс істейді.

         Жұмыспен қамту орталығында жыл басынан 4 адам тіркелген. Олардың ішінен бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына орналасқаны 2 адам. Жыл бойы тіркеуде тұрған азаматтар 2 адам әр түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Атап айтатын болсақ  ауыл тазалығын, көше тазалығын сақтауға және басқада қоғамдық жұмыстарға тартылды

         Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

         2018 жылы Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратында әр-түрлі сұрақтармен, өтініш-шағымдармен 170 адам қатысты. Ауызша өтініш бойынша 163 анықтама берілді. 5 жеке тұлға, 2 заңды тұлғадан жазбаша өтініш түсті, барлық өтініштер түсіндіріліп, қанағаттандырылды. Азаматтардан түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген тәртіп бойынша қаралды. Одан басқа әр-түрлі нотариалдық іс-әрекет жасауға өтінген 35 азаматтың сұранысы қанағаттандырылды және 8мың 417 теңге мемлекеттік баж өндірілді. 2018 жылы округ әкімі аппаратында электрондық құжат айналымы бойынша 912 құжат түсіп қаралды. Округ бойынша 2018 жылы ауыл тұрғындарымен, шаруа қожалық жетекшілерімен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен 8 рет халықтың жалпы жиналысы өтті.

           Ақшоқы,Ақбауыр елді мекендеріндегі балалар ойын алаңдарынын жер актісінің құжаттары жасалды.

           Округте жүзеге асырылған инвестициялық жобалар 2018 жылы «Даметкен», «Ауғанбай» шаруа қожалықтары шөп шабатын ауыл шаруашылық құрылғылары, құны -1,5 млн теңге, «Тиштыбай» шаруа қожалығы мал базын салды-құны 16 млн теңге.

           Ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында өз қаражаттарына асыл тұқымды ірі қара мен бұқа сатып алғандар: «Сары-Өзек» шаруа қожалығы 6 бас асыл тұқымды бұқа – 1млн 200 мың теңгеге, « «Тиштыбай» шаруа қожалығы – 1 бас асыл тұқымды бұқа-300 мың теңгеге, «Даметкен» шаруа қожалығы – 45 бас асыл тұқымды ірі қара-13млн 500мың, 3 бас асыл тұқымды бұқа-1млн 80мың барлығы – 16 млн 80 мың теңге инвестицияны құрайды.

           Үкіметтің «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша Шет ауданы кәсіпкерлер Палатасының филалында округтегі жұмыссыз азаматтар және шағын несие алу үшін ауылымыздан 6 адам оқып, сертификат алды. Оның ішінде 2 адам-5млн 300 мың теңге несие алды. Несие алған азаматтар негізінен мал шаруашылығын дамытуға алды. Қалған 4 азамат несие алуға құжаттарын тапсыруда. Шаруа құрылымдарымен, кәсіпкерлермен өткізілген жиналыста үнемі кәсіпкерлікті дамыту жолдары, беріліп жатқан несие түрлері Үкімет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау, беріліп отырған жеңілдіктер, қайта даярлау курстары арқылы білімдерін жетілдіру туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.

         Жыл басында бірінші кезектегі азық-түлік тауарларын сататын 4 дүңгіршек иелерімен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығынан жеткізілетін азық-түлік түрлеріне 10-15 пайыз көлемінде үстемақы қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жақты меморандум жасалған, апта сайын мониторинг жүргізіледі.

         Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті қоғамдастық құрылуы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жиындар өткізілді. Қолма-қол ақша бақылау шоттары ашылды. Осы шотқа бүгінгі күнде ерікті түрде түскен қаржыларды игеру, қоғамдастық мүшелерінің хаттамасы арқылы жұмсалды.

       Атап айтатын болсақ:

         Мерекелік іс-шараларға 8 Наурыз, Қарттар күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне жұмсалды.

       Округ әкімі аппаратының 2018 жылғы бюджеті 17 млн 493 мың теңге.

       Оның ішінде әкім аппаратын ұстауға 16млн 453мың теңге, Ақшоқы, Ақбауыр көшелерін жарықтандыруға – 190мың теңге, «Шет-энерго» директоры Қ.Амиров арқылы жұмсалды.

           Қараша айында бағалау әдісімен 300 мың теңге ойнатылып, Ақшоқы, Ақбауыр ауылдарының қыс айларында ішкі жолдарын қардан тазартуға «Ақшоқы» шаруа қожалығымен келісім-шартқа отырылды.

         Көгалдандыруға-150 мың теңге бөлініп ЖК «Абишев.Р» келісім шартқа отырып, гүлдер сатып алуғ,баннерлер жасатуға жұмсалды.

Санитарлық тазалыққа -400 мың теңге бөлініп, ЖК «Ахметбеков.М.Ж» келісім-шартқа отырып Ақшоқы ауылындағы иесіз күл-қоқыстар тазартылды.

         Округ көлемінде тіркелген 48 шаруа қожалығында 90 адам жұмыспен қамтылған. Осы шаруа қожалықтардың ішінде асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсіру статусын алған алты шаруа қожалығы. Атап айтатын болсақ

  1. «Ақшоқы» ш/қ – Абишев Мақсат
  2. «Түлкілі» ш/қ – Даримбаев Азамат
  3. «Ауғанбай» ш/қ- Туткушев Есенгелді
  4. «Женет» ш/қ – Тусупханов Ерлан
  5. «Нұр-ән» ш/қ – Даримбаев Ардақ
  6. «Даметкен» ш/қ –Сурма Данияр

         Округтегі «Нұр-ән», «Даметкен», «Ауғанбай», «Женет», «Түлкілі» шаруа қожалықтары қазіргі заман талабына сай техникаларын жылдан-жылға жаңартып, қысқы мал азығы шөп дайындауда шөпті рулондап буып, тасу әдісіне көшуде шаруа қожалық жұмыскерлерінің жұмыстарын біршама жеңілдетуге қол жеткізіп отыр.

       2018 жылы мал шаруашылығы бойынша субсидия төлеу құжаттары аудандық ауылшаруашылық бөліміне жолданып субсидиялар төленуде.    

       Жалпы бағдарлама бойынша бүгінгі күнге округтегі 10 шаруа қожалығына -10млн 184 мың теңге субсидия төленуге жіберілді.    

         Бүгінгі күнде жасыл экономиканың негізі болып отырған таза экологиялық баламалы энергия көзін алудың маңыздылығы жоғары.        

         Еліміздегі аграрлық салаға дендеп еніп келе жатқан күн саулесінен қуат алатын панелдердің тиімділігін шаруашылықтар көтеруде. Биылғы жылы 4 шаруа қожалығы атап айтатын болсақ: «Түлкілі», «Ауғанбай», «Женет», «Даметкен» шаруа қожалығы аталмыш баламалы электр қуатын пайдалануда. 17 млн 500 мың теңгеге 5 дана күн сәулесінен қуат алатын панелдер сатып алынған. Осы мақсатқа жұмсалған қаражаттың 80%-ын үкімет субсидиялайды. Қыстақтарға орнатылған күн сәулесінен қуат алатын панелдер мал су ішу үшін орнатылған.

         Мәселен етті бағыттағы мал өсіру әрі оның етін экспортқа шығаруға мықтап ден қойылуда. Жыл басында экспортқа берілген жоспар бойынша 6 тонна 700 кг ет тапсыру міндеттелсе, бүгінгі күні «Түлкілі» шаруа қожалығы- 41 бас, «Сары-Өзек» шаруа қожалығы- 16 бас ірі қара тапсырылды. Яғни-8,100 тонна ет экспортқа тапсырылып, жоспар – 120,9% пайызға орындалды.

         Сонымен қатар «Арай кз» арқылы экспортқа – Ақшоқы шаруа қожалығы – 165 бас қой етін өткізді.

         Биылғы жылы «Сары-Өзек», «Даметкен» шаруа қожалықтары сыйымдылығы -300 бас жаңадан мал базын салды.

        Шаруа қожалықтарына барлығы 67мың 065га жер бөлінген, оның ішінде -2211 га егістік, шабындық -5856 га, жайылым-54156 га жері.    

         Биылғы жылы шаруа қожалықтардың жерлерін электронды картаға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Округ бойынша шаруа қожалықтардың жерлері электрондық картаға енгізілгені – 40 мың 781 га - жайылым, 4101 га- шабындық, 1110га –жақсартылған жер, егістік-2686га. Барлығы -48 мың 678 гектар, енгізілмей тұрғаны-16822гектар бұл таулы, сулы жерлер санаты кіріп тұр.

           2018-2019 жылдардың қыс маусымына мал азығы берілген жоспар бойынша жоғарғы деңгейде дайындалды.

           Сары-Өзек, Ақшоқы шаруа қожалықтары барлығы 520 га алқапқа егін салды.      

         Жиналған – 520 га арпадан, алынған түсім орташа деңгейде дайындалды.

         Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша егістік жерлерді пайдаланбай отырған 3 шаруа қожалықтары анықталып, атап айтатын болсақ «Ақбастау» ш/қ Балгожин Мубарак егістік -617га, «Шыңғыс» шаруа қожалығы Шахай Манат -88 гектар жерін мемлекеттік жер қорына тапсырды. Барлығы -705 гектар егістік жер мемлекеттік жер қорына тапсырылды.

        Одан басқа жерлерін дұрыс мақсатта пайдаланбай жатқан ауылымыздан қоныс аударған шаруашылығында малы тіркелмеген    «Бектас» шаруа қожалығының жерін мемлекеттік қорға қайтып алу үшін аудандық жер бөліміне ұсыныс берілді.

       2019 жылғы 1 қаңтарға жүргізілген санақ қортындысы бойынша ірі қара мал басы- 4110, қой, ешкі -6183бас, жылқы -3167 бас.тіркелген.

           2018 жылы ірі қара, қой, ешкі малдарының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары толықтай жүргізіліп,

           Ірі қара малдың төлдерінен – 2410 бас, ұсақ мал төлдерінен-4500 бас компьютерлік базаға енгізілді.

         Мал ауруларының алдын алу, болдырмау және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық ветстанция арқылы тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта ауылымызда 1 мал дәрігері мен 1 фельдшер, 1 санитар халыққа қызмет көрсетуде. Осының нәтижесінде округ бойынша бруцуллез ауруына оң нәтиже берген 24 бас ірі қара мал анықталып, олар белгіленген тәртіппен оқшауланып, жойылды. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ірі қаралар тұрған 10 ауланың қоражайларды тұрғындар есебінен 1460ш.м дезинфекциядан өткізу жұмыстары жүргізілді.

         Көктем, күз айларында 4929 бас ірі қара малынан, 7106 бас ұсақ малдардан қан алынды. Бруцеллез ауруына шыққан мал жоқ. Сонымен қатар сібір жарасына қарсы -4929 бас ірі қара, 3000 бас жылқы, ұсақ мал – 7106 бас егілді. Ірі қарадан – 2500 бас мал қара санға қарсы егілді.

           Жеке меншік малдар бағыны кезекпен бағылады. Жаз айларында орталық басында ірі қара малдары 2 табында,қой,ешкі малдары 3 табынға бөлініп бағылады. Ақбауыр елді мекенінде ірі қара малы 1 табын, қой, ешкі малдары 1 табын болып бағылады. Жеке меншік мал бағыны туралы арнайы жиналыс өткізіліп, тұрғындармен жеке-жеке келісім-шарт жасалған.           Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, ауылымыздың экономикалық даму көрсеткіштері жаман емес жылдан-жылға жоғарылауда.

          Жыл сайын әр отбасына зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын – 1 отбасына тағайындалып берілуде.

         Округте санитарлық тазалық және аббатандыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы ауыл тұрғындарының үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары толығымен тазартылды. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Көшелерде жол бойында шашылып жатқан қоқыстар жиналып, талдардың ауыл ішіндегі бағаналар түптері әктелді.

         Көктем айларында әкім аппаратының ғимаратының ауласына, мектеп, мәдениет үйінің алаңдарына гүлзарлар, шырша, қайың ағаштары отырғызылды.

             Округ көлемінде 2018-2019 жылғы қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, бюджеттік мекемелерге қажетті көлемде көмір толықтай түсірілді.

             Орталық басындағы су мұнарасы қазір уақытта тұрақты жұмыс істеп тұр.

        Қыркүйек айында мәдениет үйінде Қарағанды облыстық дін істері басқарма басшысының орынбасары Тлекбаев Серік Қуатұлы және Жанқұтты би мешітінің наиб имамы Ансар Әкімтай мен Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Сейтжан діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында басқа да діни ағымдарға түсіп кетпеу жолдары туралы ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         2018 жылы туылған 18 балаға бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақылары уақтылы тағайындалып отырылады. Округ бойынша халыққа қызмет көрсетіп отырған мекемелер.

           Әкімшілік аппаратында мемлекеттік қызметкерлер саны - 5, Мамандар толықтай компьютермен қамтамасыз етілген. Әкімшілік аппараты мекемесіне интернет желісіне қосылған, электрондық құжат айналымы мүмкіндігіне қол жеткізді. Бүгінгі күнде жаңа заман талабына сай «Қазынашылық клиент», электрондық құжат айналымы бойынша мамандар жұмыс жүргізуде.

Бүгінде халық игілігі үшін Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды.

Ауыл тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қол жеткізді. Арнайы ашылған бұрышта жеке куәлікке жазылған электронды-сандық қолтаңбаны оқу үшін компьтерде «card reader» (картридер) қосылған.

Ауыл тұрғындары «E-gov» порталы арқылы бірнеше қызмет түрін ала алады, оның ішінде:

-         Мекен-жай анықтамасы

-         Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру

-         Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

-         Декларация тапсыру т.б.

         Ауыл тұрғындарымен жер учаскелерін өз бетімен иелену жағдайларын болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді. Бүгінгі күні ауыл азаматтары жер учаскелерінде салынған, құрылыстарын заңдастыру жұмыстарын жүргізуде. Ауылымызда Қызылтау негізгі , Ақбауыр негізгі орта мектептерінде оқушылар дәріс алуда. Бұл мектептердегі жалпы оқушылар саны – 86. Мұғалімдер саны – 20. Мектепте 20 мұғалім дәріс береді. 1ші сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар саны -56, даярлық топқа осы жылы 4 бала келіп отыр. Қосалқы қызметкерлер саны- 16.

         Ақбауыр негізгі мектебінде 16 мұғалім, 33 оқушы, қосалқы қызметкерлер саны – 18.

         2018-2019 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үш жас маман Ақбауыр негізгі орта мектебіне бастауыш сыныпқа, информатика, дене шынықтыру пәндерінің бойынша жұмысқа қабылданды.            

           Ауылымызда 1 учаскелік полиция қызмет етеді.

           Округте міндетті медициналық сақтандыру бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауылымызда дәрігерлік бөлімшеде 1аға медбике, 1 акушер медбике, 2 балалар медбикесі қызмет етеді. Ауылымыздағы дәрігерлік бөлімше ғимараты жеке меншік иелігінде және апаттық жағдайда болуына байланысты аудан әкімдігінің балансында тұрған үйге көшірілді. Қазір уақытта ішкі, сыртқы терезелерін сырлап, біршама жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Осы ғимарат аудандық орталықтандырылған аурухана балансына берілсе.

       Жыл сайын қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында Қарағанды қаласына скринингтік байқаудан тексеріліп, әр түрлі ауруларға күдікті аналар дәрігерлік бақылауға алынып емделуде.

         Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылжымалы медициналық рентген келіп ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден 170 адам өтті. Науқасы күдікті адамдарға жолдама беріліп, облыс орталығындағы ауруханаларға жіберілді. Бүгінгі күні тіркеуде тұрған жүкті әйелдер саны-4 Тубуркулез ауруымен тіркеуде тұрған адам жоқ.

           Ауылымыздағы мәдениет үйінде барлығы 6 адам, 1- кітапхана еңбектенуде. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылады. 8 наурыз мерекесінде тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді, 22 Наурызда мекемелердің қатысуымен, ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық сал дәстүр бойынша жарыстар өткізілді.

         Қарттар күні мен мүгедектер күніне орай шаруа қожалықтардың және ауылымыздағы мекемелердің демеушілігімен мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

         1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, ауыл азаматтары мен мекеме басшылары ауыл әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары сыйлықтармен марапатталды. Жаңа жыл мерекесінде 1 мүгедек балаға және көп балалы отбасымен аз қамтылған отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

         Шет ауданының 90 жылдық мерей тойында демеушілік көрсеткен ауыл тұрғындарына және шаруа қожалық жетекшілеріне үлкен алғысымды айтамын.

           Зейнеткерлерге зейнетақы т.б. жәрдемақылар ай сайын бекітілген кесте бойынша уақтылы беріліп отырылады. Ауыл тұрғындарымен газет-журналдарға жазылу жұмыстары 2018 жылға берілген тапсырма бойынша барлық жазылу жоспары толығымен орындалды.

       Құрметті ауылдастар!

       Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар салық базасын нығайту мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту, көшелерді жарықтандыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жоғарылату, мал басын өсіру, асылдандыру, ірі шаруа қожалықтарымен тығыз қарым-қатынаста болу, тұрғындар тарапынан болған ұсыныс, пікірлердің шешілуіне үнемі ықпал ету.

       Осы алдымызда қойылған жоспарлар сіздердің пікірліріңізбен санаса отырып жергілікті қоғамдастық пен бірлесе отырып жүзеге асырылады.        

         Біздің ортақ мақсатымыз мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, әр ауыл тұрғының тұрмыс жағдайын жақсарту.


Келулердің саны: 675


Жоғары