print

ТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Өткен 2018 жылда көптеген ауқымды іс шаралар атқарылды. Атап айтсақ, Астана қаласының 20 жылдығы, Бұхар жыраудың 350 жылдығы, Шортанбай жыраудың 200 жылдығы, ауданымыздың 90 жылдығы және ауылымыздың 50 жылдық мерейтойы. Әрине жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші , игі істер халықтың бірлігінің арқасында ұйымдастырылып, өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын орындау мақсатында 2018 жылы атқарған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

2018 жылғы қаңтардағы есептік жиында жергілікті тұрғындардың ұсыныс пікірлеріне, өтініштеріне жауап берілді.

1.Маукишева Қарашаш- ауыл тұрғыны, әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Талды-Нұраталды аралық жолды жөндеуден өткізсе .

Талды-Нұраталды аралық жол бүгінгі күнде ағымдағы жөндеулерден өткізілгенмен, күрделі жөндеу жұмыстары жасалмады. Облыс, аудан әкімдерінің назарында.

2. Кузембаева Жұлдыз -ауыл тұрғыны, мұғалім:

     - Талды ауылының 50 жылдығына орай ауылдағы спорт алаңын спорттық жабдықтармен жабдықтап, абаттандыру жұмыстары жасалса.

  2018 жылы бюджеттен 7 млн. теңге бөлініп, тендерге түсірген болатынбыз, Қарағанды қаласынан «Металгрупп» ЖШС 5млн. 544 мың теңгеге ұтып алғанмен, сот арқылы келісімшартты бұзып, қаржы толық бюджетке қайтарылды. 2019 жылға тағы сұраныс жасалды.

3. Кішкентаев Арғын -Жаңа-жұрт ауылының тұрғыны:  

- Жаңа-жұрт-Талды аралық тас жолды қыс айларында тазартып отырса

Қыс айларында өткен жылы қардан тұрақты түрде тазартылып отырды.

Жәшікке келіп түскен ұсыныс хаттар

1. Кузембаева Жұлдыз -ауыл тұрғыны, мұғалім:

- Аудан бойынша денсаулық порталына тіркелу өте қиын.

Орталық аурухана директоры Д.Нұртаев порталға тіркелу жұмыстарын өзінің назарында ұстайтынын жеткізді.

2. Ержанова Қарлығаш – ауыл тұрғыны, мұғалім:

- Көп балалы отбасы қатарына жатамын. Анаммен бірге тұрамын. Осыған орай маған үймен көмек көрсетілсе.

  - Коммуналдық меншіктегі үй акт жасалып, Ержанова Қарлығашқа қолданысқа берілді.

Талды ауылдық округі экономикалық даму үрдісінің басымшылығы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Талды ауылдық округі бойынша 3 елді мекен бар. Халық саны 1035 адам. 40 шаруа қожалығы, 1 «Талды» ЖШС, Талды орта мектебі, Берекеттіде бастауыш мектеп, ФАП жұмыс істейді.

2018 жылғы 5 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жаһандық сын –қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі екені айтылған. Осыға сәйкес Жолдаудаға 6 негізгі бөлім халықтың тұрмыс жағдайына бағытталған. 1. Халық табысының өсуі – оның әл ауқатының артуы болып табылады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында біз Жалпыға орта еңбек қоғамын құра аламыз. 2. Тұрмыс сапасын арттыру – білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір отбасыға қатысты. 3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру – тұрғын үйдің қолжетіділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы. 4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат – «Сапа» - мемлекеттік қызметші өмірінің басты стилі, ал өзін-өзі жетілдіру оның басты қағидаты. 5. Тиімді сыртқы саясат- Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру. 6. Әрбір Қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне ат салысуы – әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын түсіну. Осы аталған алты басымдық бағытта жұмыстар атқарылса еліміздің бәсекеге қабілетті алып елдер қатарына өтері сөзсіз. Елбасымыздың сындарлы саясатын қолдап, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына әрқайсымыз үлес қосып еңбек етуге тиіспіз.

Елді мекендер бойынша жүзеге асырылып жатқан және іске қосылатын инвестициялық жобалар:

-  «Ақтасты» шаруа қожалығының жетекшісі Сәдуәқәс М. 2 млн 650 мың теңгеге рулондық преcс лизингке алды.

-  «Дәулет» шаруа қожалығының жетекшісі Нуркеева Р 10млн теңгеге МТЗ -82.1 лизингке алды.

-  «Ынта-Агро» шаруа қожалығының жетекшісі Абенов Е 14 млн тенгеге МТЗ -952.2, преcс подборщик, косилка алды.

Елді мекенде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысында Округ бойынша «Қазқұрылыс» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру цехын ашу мақсатында өткен жылы Цехтың құрылыс жұмыстарын бастаған болатын. Осы жылы өндіру жұмыстарын бастамақ, яғни халықты кірпіш, төселгі тастармен, тас қоршаулармен қамтымақ.Абдикерова Айнагүл азық - түлік дүкенің ашты.

Ауылдық округке бөлінген қаржының игерілуі:

Көшенің жарығын қалыпты ұстау үшін 300,0 мың теңге, қыс айларында Берекетті, Талды елді мекендерінің көше жолдарын тазартуға 700,0 мың теңге, ауылдың ішкі жолдарының суағарларын тазалауға 90 мың теңге, санитарлық және абаттандыру жұмыстарына 300 мың теңге, Берекетті су насосын ауыстыруға 192 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

ҚР Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру аясында Қазақстан халқына Үндеуінің «Туған елге туыңды тік» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылымыздың тұрғындары мен көшіп кеткен жерлестеріміздің көмегімен Талды ауылының 50 жылдық мерейтойын өткізген болатынбыз. Бұл шараға 5млн 584 теңге қаржы, және 2 жылқы, бір ірі қара, 3 қой жұмсалды.

Округ бойынша мүлік, жер, көлік салығы толық төленді. 2018 жылы жер салығы бойынша 42 мың, мүлік салығы бойынша 26 мың, көлік салығы бойынша 422 мың салық жиналды.

Мал басы жылдан жылға өсу үстінде. Ірі қара 3167, қой ешкі 7588, жылқы 1858 ге жетті. Ірі қараны бордақылауға және асылдандыру мақсатында бір шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 65 млн 650 мың тенгеге Ресей елінен 101 бас асыл тұқымды мал әкелді және «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры»-нан үш азамат «Игілік» бағдарламасы бойынша несие алып 35 бас ірі қара малы алынды.

15 шаруа қожалығы үкіметтен 18,0 млн тенге субсидия алып мал азығын артығымен дайындап алды. Мал шаруашылығы бойынша аурудың алдын алу үшін тегін қан алынып бруцеллезге және қарасанға қарсы екпе егілді. Мал бастары тегіс сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді. Әзірше осы атқарылған шаралардың арқасында жұқпалы мал ауруы болған жоқ. Жаз айларында ветстанциядан бригада келіп қора-жайларға дезинфекция жасап кетті. Аурудың шықпауы әр тұрғын, әр шаруа қожалығы мал көнімдерін өз күштерімен тазалады. Ірі қара мал Талды ауылында келісім шартпен екі табын бағылады.Малшылар 4 адам. Орташа еңбекақысы 65/70 мың теңге. Жылқыны 3 адам келісім шартпен бағады, мал басына 1200 теңге. Орташа жалақы 95 мың теңге. Қой ешкі малдарын халық өзі кезекпен бағады.

Санитарлық тазалық, абаттандыру, көгалдандыру іс шаралары бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстар:

Округ бойынша 2018 жылы санитарлық тазалық және көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде өткізілді. Көкетмгі және күзгі екі айлық сенбілік жарияланды. Қыс айларында ауылдың ішкі жолдарын жеке кәсіпкер Тусжанов Е., Берекетті жолын «Бақыт» шаруа қожалығының жетекшісі Балауеков Кенесбай тұрақты түрде қардан тазартып отырды. Су тасқынын алдын алу мақсатында комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары жасалды. Көше бойына жауапты адамдар бекітілді. Санитарлық тазалық бойынша ауыл тұрғындарымен келісім шарт жасалып, үй маңдарын тазалап, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың өз қаражатымен 3100 тн күл қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындары үй маңына 0,5га жерге көкөніс егіп, 1,5га жерге картоп салды. Сонымен қатар, Наршөккен, А.Құнанбаев, Бейбітшілік, Р.Мажитов көшелерінің тұрғындары өздерінің күштерімен көше жолдарына қиыршық тас төгіп тегістеді.

Талды ауылының 50 жылдық мерей тойын өткізу қарсаңында ауыл тұрғындары мен жерлестерінің демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жасалды:

  1. Д.Смаилов атындағы саябаққа сақна қойылып, цементтен тас құйылды. Ортасына үлкен Бәйтерек монументінің көшірмесі бой көтеріп, жарық нүктелері тартылды. Орындықтарымен жабдықталып, гүлзарлар егілді, сыртқы қоршаулары сырланып, Смаилов Дулат ағамызға раналып ескерткіш тақатасы орнатылды. Жалпы бұл жұмыстарға 1 млн 20 мың теңге қаржы жұмсалды.
  2. Ауылымыздағы Сеңкібай мешітіне жөндеу жұмыстары өткізілді, атап айтсақ, шатыры ауыстырылып, су кіргізілді, ішіне жылу жүйесі тартылып, төбесі жаңартылды, маңайына шыршалар отырғызылды. Сонымен қатар түлектердің демеушілігімен діни кітаптар сатып алынды. Аталған жұмыстарға 1 млн 262 мың теңге қаржы құйылды.
  3. Түлектердің демеушілігімен 560 мың теңгеге округтегі Фельдшерлік-акушерлік пунктінің терезесі ауыстырылды, ішіне линолиум салынып, осы жылы су кіргізілмекші.
  4. Ауылдың кіреберісіне демеушілер тарапынан арка және ауыл ішіне «Мен Талдыны сүйемін»жазбасы жасалынды.

 

Округ бойынша аз қамтылған отбасыларға

Округ бойынша АӘК нақты мұқтаж 8 отбасы алып отыр.Мектепке жол акциясы бойынша аз қамтылған үш отбасына жеке кәсіпкерлерден мектепке арналған киім кешек берілді.

Жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы қоғамдық жұмысқа 16 адам жұмысқа тартылған болатын. Талды орта мектебіне 3 адам жұмысқа орналасса, Жұмыспен қамту орталығына 1 адам орналасты, әкімшілікке іс қағаз жүргізушіге 1 адам алынды. Орташа еңбекақы 40 мың теңгені құрайды.

Білім және спортты жетілдіру бағытында Талды орта мектебінің материалдық –техникалық базасы үнемі жаңартылып отырады. Мектеп оқу жабдықтары жылдан жылға жақсаруда. Мектеп денешынықтыру ұстаздары жас балаларды күрес, волейбол, баскетбол, үстел теннисі ойындарына қосымша секция ұйымдастыруда. Спортты дамыту мақсатында аудан көлеміндегі спартакиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

  Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда округке «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында автопоезд келіп, ауыл тұрғындары білікті мамандарға қаралып, тиісінше кеңестерін алып, емделу мекемелеріне жолдама алып отырады.

  Жанұялық амбулаторияда 3 медбике халыққа қызмет көрсетеді.

  Діни бірлестіктермен тығыз қарым қатынаста жастар арасында тәрбиелік жұмыстар атқарылуда. Жылда Мәуліт мерекесін атап өту дәстүрге айналған, ауылымызды белгілі ақыны Дидар Қамиев айтыскер ақындарды ауылға шақырып, тұрғындар осы мерекеге белсене ат салысады. Мектеп, мекеме қызметкерлері, зиялы қауым газет журналдарға үнемі жазылып отырады.

Мамыр айында жеке кәсіпкер Тусупбек Гүлсім демеушілігімен аудандық футболдан ашық біріншілік өткізілді.

8 наурыз мерекесінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен аз қамтылған отбасыларына мерекелік концерт ұйымдастырылып сыйлық берілді. Ақсақалдар алқасының төрағасы және әйелдер кеңесінің төрайымы атаулы мерекемен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Ауылдың мәдени іс шараларына белсенді ат салысқаны үшін Рымтай Айтжановаға құрмет грамота, Азиза Атабаеваға ауыл әкімінен алғыс хат берілді.

  22 наурыз ауылда дәстүрлі көшелер сайысы ұйымдастырылып, ұлттық салт дәстүрімізді насихаттауда үлкен іс шаралар жасалады.1 мамыр-бірлік күні, 7-Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекелері мәдениет үйімен бірлесе өткізіп және тыл ардагерлеріне азық-түлік себеті жасалды. 1 маусым балаларды қорғау күні мектеп қабырғасына ауылымыздың кәсіпкері Касенбекова Ләззаттың демеушілігімен өткізілген болатын. 6 шілде Астана күні, 30 тамыз Ата заңымыз – Конституция күні аталып өтті және биылғы жылы ауылымыздың жарты ғасырлық мерей тойын атап өттік. Оған ауыл тұрғындарымен ауыл тумаларынан 2 млн 742 мың тенге қаржы жиналып мәдени - спорттық іс шаралар ұйымдастырылып, ас берілді. Сонымен қатар «Тал бесігім-Талды ауылы» атты кітап шығарылды жиналды. Ауылдың тойында 700 ге жуық қонақ күтілді, спорттық іс шаралардан қазақша күрес, бәйге жоғары дәрежеде өтті. Бұқар жыраудың 350 жылдық және Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына ауыл халқы сырт қалмай барынша ат салысты.

Мектептің 50 жылдық мерей тойы қарсанында мектепте ауылдар арасында «Мектебім менің мақтанышым» байқауы өткізілді.1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан Тәуелсіздігі күні жылдағы дәстүр бойынша аталып отырады. Ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі 4 балаға жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар берілді.

2019 жылы атқарылатын жұмыстар:

1. Мектептің 50 жылдық мерей тойын атап өту;

2. Орталық көшелер жолдарын асфальттау;

3. Спорт алаңын спорттық жабдықтармен жабдықтау;

4. Көшелерге балалар ойын алаңын салу;

5. Р. Мажитов, Д.Смаилов көшелеріне жарық нүктелерін орнату.


Келулердің саны: 656


Жоғары