print

Батық ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Батық ауылдық округінің әкімі Б.Рахимжановтың 2018 жылы   атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері жайлы есебі.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы  2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуына лайқталған. Елбасы айтып кеткендей: «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Сонымен қатар, өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты».

Округіміздің тіршілігі туралы әр сала бойынша таратуды жөн көріп отырмын.  Ауылда тұрғандықтан  бірінші ауыл шаруашылық саласынан  бастауды рұқсат етіңіздер.

Барлықтарыңыз  білесіздер  ауылдың   күн  көрісі  төрт-түлік мал өсіру  мен  жер өңдеумен байланысты, қорасында  малы бар, даласында  жері бар  ауыл тұрғыны  ет, сүт, көкөніс  өнімдерін  қажетіне жаратып  отырады.

Батық ауылында 2018 жылдың 01 шілдесіне статистикалық есепке 2786  бас  ірі қара мал, 3783 бас ұсақ мал және 456 бас жылқы тіркелді.  2017 жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны  700 басқа, ұсақ мал 940 басқа, жылқы  73  басқа артты.  Жыл санап  тұрғындардың мал бастары өсіп келе жатқаны  айтпаса да белгілі.  2018 жылы «Қайрат», «Мәди», «Парасат», «Б.Бірлік, «Жаңа-Ғасыр», «Ақжолтай», «Мақсат», «Алмас» шаруа қожалықтары мал басын көбейту мен асылдандыру үрдісін жақсы қолға алған. «Қайрат» шаруа қожалығының жетекшісі Советов Нұрперзент  мал баздарын салып  қожалығын кеңейтіп,  асыл тұқымды ірі-қара мал әкелді, жоспарда сүт кластерін дамытып,  сүттен жасалатын өнімдер шығару, осының  нәтижесінде биыл осы аталған қожалыққа 6 адам бақташы ретінде жұмысқа орналасты.

 Жеке –қосалқы шаруашылықтары бар ауыл тұрғындары сүт өткізуден шаруа қожалықтарынан қалыспай келеді, «Нәтиже» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдың екі жеріне сүт тоңазытқыштарын  орнатып, 100 -ден  аса жанұя  500  тонна  сүт  өткізді, осының нәтижесінде отбасыларына жалпы алғанда  38  миллион 720 мың теңге табыс кіргізді.  Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 10%-ға  асты.

Ауылымызда суармалы егістік жерлері  бар "ДАРНиН", "Болашақ", "Мұра", "Игілік", "Жаңа-Ғасыр", "Еламан" шаруа қожалықтары  61 га жерге картоп отырғызып, 1693 тонна картоп өнімін алды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғарлады.

Мал бағымын ұйымдастыру бойынша  көктемде халықпен  жиналыс өткізіліп, 3  сауынды сиыр табыны ауыл маңында бағылып,  5 табын  ірі-қараның бойдағы мен  ұсақ мал  жайлауларда  бағылды. Осы малды қыстатуға 14 мың тонна шөп дайындалды.

Ет экспорты бойынша аудан әкімдігінің тапсырмасына сәйкес 1.7 тонна ет өткізуге жоспар берілді, округтегі субсидияланатын шаруа қожалықтарымен 12 тонна ет экспортқа беріліп,  тапсырыс асырылып орындалды.

 Ветеринария саласында  - 2018 жылы  ветеринариялық-профилактикалық  жұмыстарының жоспары  толығымен орындалды, мал басы түгелдей бірдейлендірілген. 2017 жылы және 2018 жылы «Бруцеллез» тіркелген  жоқ. Ветеринар мамандары  профилактикалық жұмыстарды өз деңгейнде атқарып келеді.   Жыл  ішінде  30  қаңғыбас  иттің көзі жойылып, 95 итке  «Д» герментизация жасалды. 

Жер қатынастарын реттеу мәселесінде- Өткен жылы   "Болашақ" шаруа қожалығының жетекшісі Қағазбай Базардын -25 га егістік жері мемлекеттік жер қорына қайтарылды, 2017 жылы  жерлерін пайдалану туралы ескертулер алған "Қасен ауылы" мен «Нұра» шаруа қожалықтарының жетекшілері егістіктеріне көп жылдық шөптер егіп, шөптін сапасын жақсартуда.Жерлерін ұтымды және тиімді пайдаланбай жатқан қожалық иелерімен жұмыстар атқарылып келеді.

 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша -  ауылымызда айтарлықтай   жұмыстар атқарылуда.   Ауылда   4 дүкен, 2 дәмхана, шаштараз, монша  тұрғындарға қызметтерін көрсетуде. Осы нысандарда  10-нан астам адам жұмыс атқарып келеді. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция тапсырмасы 14 млн. теңге болса, есептік кезеңде ауыл шаруашылық саласында орындалып,  инвестиция көлемі 20 млн. теңгені құрады.

 "Ауыл шаруашылықты  қаржылай қолдау қорынан" өз ісін ашуға 15 адам "Бастау-Бизнес" жобасы  бойынша айлық курстарын оқып, сертификаттарын алып, жалпы 30 млн. тенге несие алды.

Әлеуметтік және білім беру мәселелерге келсек -  2018 жылы аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 15 адамның 10  жұмысқа  орналасты. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 15 артып отыр. 18 жасқа дейнгі шартты атаулы әлеуметтік көмекті 25 отбасы алады. Тұрғын үй кезегінде болған  2 топ мүгедегі азаматша Шоот Еркеболға коммуналдық меншіктен пәтер бөлінді.  

Батық жалпы орта білім беру  мектебінде  147 оқушы дәріс алса, 26 мұғалім қызмет атқарады. Ұлттық –біріңғай тестілеуде  мектеп түлектері орташа  85  балл нәтижесін көрсетті. Бұл нәтиже 2017 жылмен салыстырғанда 8-балға  жоғарлады.  Мектебімізде 40 көп балалы отбасылардың балаларына күнделікті  бір мезгілдік ыстық тамақ  беріліп отыр. Шағын орталықта  25  бала тәрбиеленуде,  2 тәрбиеші және 1 методист жұмыс атқарып отыр.  Жаңа-жыл мерекесіне  79  ұздік оқушыларға және  3 мүгедек балаға  сыйлықтар берілді.

  Денсаулық сақтау саласында – ауылымыздағы фельдшерлік-акушерлік пунктте 1 медбике қызмет атқарады,  айына 2 рет Красная поляна ауылының ауруханасынан  дәрігерлер келіп медициналық қызмет көрсетіп отырады. 2018 жылы дәрігер мен медбикенің қабылдауында 1040 адам болды,  оның ішінде 450 ересектер мен  470 балалар қабылдауда болған. Дүниеге 11 сәби келді. Қарағанды облысына 6 адамға тегін операцияға жолдама берілді және 47 адам порталмен Қарағанды қаласына  дәрігерлер қабылдауында болды.  2019 жылы  ФАП ғимаратына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысым  бар.

  Тұрғын үй коммуналдық саласына келсек. Ауылда ауыз су меселесі шешіліп,  15 коллонка жұмыс істеп тұр. 48- үйге су тартылды.  146 телефон нүктесі бар. Одан тыс сымсыз кернеу арқылы 1 нүкте орнатылған. 140 үйде интернет желісін және 10 үй  «Айди тв» каналдарын тамашалап отыр. 2018 жылы көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары орындалмағанымен 2019 жылы жолға жөндеу жүргізу  жоспарға алынды.

Ауылдағы көпшілік мәдени спорттық іс-шараларға келсек, мемлекеттік атаулы күндерден бөлек әр түрлі конкурс, ән байқаулары жоспар бойынша өткізіледі. Жастарды қазақи салт-дәстүрімізбен таныстыру мақсатында көкпар , наурыз күндері «Қош келдің әз-наурыз» думанды той әртүрлі әндер мен қазақ халқының ұлттық ойындарымен жалғасын тауып, ауылдастардың ықыластарына бөленді. 1 желтоқсан Елбасы күніне, Тәуелсіздік күніне мектеп ұжымы ұйымдастырумен концертік бағдарлама, шаруа қожалықтардың демеушілігімен қазақша күрестен жарыс өткізілді. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңа-арқа ауданы мен Шет ауданы шекарасына 2 миллион 247 мың теңгеге  ұлттық  нақышта орындалған  "Шет ауданы" белгісі орнатылды.  Сонымен қатар тамыз айында 1 млн. 778 мың теңге қаржыға жасалған  Батық ауылының  саябағының  құралысы аяқталып, оның ішіне  "Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған" ескерткіш тақтасы орнатылды. Ескерткіштін ашылу салтанаты жасалып, киіз үй тігіліп, ауылдың қарт азаматтарына дәм берілді. Осыған қоса  шаруа қожалықтардың демеушілігімен Батық жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына  Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының»  мұражайына бір күндік экскурсиясы ұйымдастырылды.          

  «Қарттар күні»  мерекесінде «Жаңа Батық»  шаруа қожалығының жетекшісі Алимханов Жағыпар ауылымыздын қарияларына  дастархан жайып, ауыл жастары мерекелік концерт ұйымдастырды.

  Құқық  қорғау  саласы бойынша – 2018 жылы  жалпы 80 әкімшілік хаттамалар  толтырылып, айыппұлдар салынды. Мал ұрлығы тіркелген жоқ.  Ай сайын жергілікті полиция өкілі  мектеп жасөспірімдерімен  кездесулер  өткізіп отырады.  Полиция өкілі толық жабдықталған  компьютер, факс, сейф пен жиһаздармен жабдықталды

    Санитарлық тазалықты сақтау саласы бойынша - ауылды көркейтуге және абаттандыруға  жиі  ат  салысып тұратын "Алмас" шаруа қожалығы өз  техникасымен 2018 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде шайылып кеткен жол бөліктерін қалпына келтіруге, және  1,5 шақырым жол бетін тегістеуге көмектесті.   Көктемгі және күзгі тазалық айлықтарында  144 үй маңынан 2000 тоннадай күл-қоқыс  шығарылды.

2018 жылы көп үйлердің  қоршауларын, төбелерін профлистпен қаптау  қолға алынды. Бірақ біраз үй иелері шатырдың франтондарын боямай, үй қоршауларын қалпына келтірмей отыр. Осыған сол көшелердің қауымдастық мүшелері, көшеге жауапты әкімшілік мамандары жұмыс атқару керек деп ойлаймын.  Көше бойындағы ағаштар, бағаналар ақталып,сырланды. Мектеп, ФАП,  әкімдік ғимараттарының  алдына гүлзарлар отырғызылды.  Жаз айларында барлық мекемелер, оқушылар сенбілікке шығып ауыл ішін, күре жол бойын, тоған айналасын тазарту жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Биылғы қысқы дайындыққа келсек ауылдағы үйлерге орта есеппен 850 тонна көмір түсірілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 100 тоннаға артық. Бюджеттік мекемелерге 360 тонна көмір түсті.   Тоқ көзі болмаған жағдайда электро-генераторлар іске қосуға дайын тұр.

      Әкім аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан жазбаша 1 және көптеген ауызша өтініштер мен сұраныс, талаптар  түсті. Олардың барлығы уақытылы орындалып, тиісті жауап берілді. 132 нотариалдық іс әрекеттер атқарылды.  Ауыл тұрғындарымен әр түрлі мәселе бойынша 10 жиын өткізілді. Барлық құрылымдармен тікелей жұмыс жүргіземіз. Әкім аппаратының қызметкерлері аудандағы бөлімдер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, әртүрлі қорлармен тікелей қатынаста болып жұмыс атқаруда. Күнделікті атқарылатын жұмыстарынан бөлек салық жинау, баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, жылына екі мәрте санақ жүргізу мәселелерімен шұғылданады. 

   Енді 2019 жылы жоспар бойынша атқарылатын жұмыстар туралы айтқым келеді. Бірінші кезекте  сметалық жобалау құжаттамалары дайындалған 53 млн. 799 мың теңге қаражатқа  1100 метр ауылдың ішкі жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды, екіншісі осы 1100 метр жолдың бойынша мектепке дейін 10 млн. 397 мың теңге қаржыға 36 жарық шамдарын орнатуды және 2 миллион 245 мың теңгеге әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарға қойып отырмын.  Екінші тоқсанда қаражат бөлінсе тозығы жеткен су мұңарасын ауыстыруды жоспарлап отырмын.      

    Жылда есепті кездесулерде халық арасында айтылатын сұраныс ол мәдениет үйіне жөндеу жүргізу, осы ғимарат құжаттары дайындалып жатыр, биыл мәдениет үйіне жөндеу жасалады.


Келулердің саны: 974


Жоғары