print

2019 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР

                               БЕКІТЕМІН

         Шет ауданының әкімі

         __________М.Жандәулетов

         «___»__________ 2019 жыл

 

2019 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР

Р/с

Айтылған ескертулер/

ұсыныстар (автор, мекенжайы)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

Ескертпе

1

2

3

4

5

 

Шет ауданы

  1.  

Биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай, кентіміздегі Сейфуллин көшесінің жолды жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?    

И.Жекебаев-Ақадыр кентінің тұрғыны

Аталған жолдың жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Д.Кәрсембаев

 

  1.  

Ауылдың көркі кіріп, жақсы болып келеді. Тек ауылға кіре берістегі көтерме автокөлік жолын асфальтамаса, көктемде және күзде, жаңбыр күндері ауылға машинамен кіру өте қиын. таза езіліп, ойылып кеткен. Шамасы 1,5 шақырым жер ғой, жасалып жатса ауыл тұрғындары рахметін айтар еді.      

Ш.Әубәкіров-Т.Қайрақты ауылының тұрғыны

Аталған жолдың жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Д.Жакупов

 

  1.  

Ауылда өткен жылы, одан арғы жылдары жарық шамдар орнатылып, асфальт төселген. Енді бізге керегі мектептен төменге қарай шамдар аздау, қыстың күні балалар мектепке барады, кеш қайтады. 10-15 жарық шамдар орнатып берсеңіздер.    

Ө.Рақымжанов - Тағылы ауылдық округінің тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, шілде)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Р.Әшенов

 

  1.  

Ауылымыздың орталық көшесінде жарық нүктелері бар, бірақ тағы қосымша жарық нүктелерін ауылдан шыға беріске дейін орнатып берсеңіздер. Көтерме жол салынып жақсы болып қалды. сол жолға жеткізсе жарық шамдарды.

К.Сағындық-Киікті ауылдық округінің тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Қ.Рахметов

 

  1.  

Көрші ауылдар жарқырап тұр. Біздің ауылға да жарық шамдар орнатылса.    

П.Таймасбеков-Ақшоқы ауылдық округінің тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Р.Әбенова

 

  1.  

Мойынты кентінің тұрғынымыз, біздің                    3 мың тұрғыны бар кентімізде су тартылып жатыр оған мың да бір рахметімізді айтамыз. Ендігі бір өтінішіміз түнгілікті қараңғы көшелеріміз бар, сол көшелерге жарық шамдар орнатып берсеңіздер.    

Б.Тоқабеков- Мойынты кентінің тұрғыны

 

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, шілде)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

С.Турабеков

 

  1.  

Ә.Ермеков атындағы мектеп жанындағы интернатқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұраймыз.  

Г.Талғатова-Ақадыр кентінің тұрғыны    

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров А.Әбілдин

Е.Смағұл

Д.Кәрсембаев

 

  1.  

Дәрия кентінде клуб үйіне ыңғайлы ғимарат табылды. Қашан клуб ашасыздар. Жастарға кешкі уақытта демалысын өткізетін, мерекелік шаралар ұйымдастыратын орын керек.

Ш.Дардаков-Дария кентінің тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

(2019 жыл, қыркүйек)

А.Әбілдин

Г.Акеева

Б.Райым

 

  1.  

Биылғы жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтпекшіміз. Оның атымен аталатын орталық көше қараңғылау. Қосымша фонарлар орнатсаңыздар.  

Ф.Нұржанов-Өспен ауылының тұрығыны  

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Ж.Аманжолов

 

  1.  

Республикалық жолдан ауылға кіре берістегі жарықшамдар аз. Кіре берістен бастап, орталық көшені аяғына дейін жарықтандыруға қаржы бөлсеңіз.

Т.Сәби-Батық ауылының тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Рақымжанов

 

  1.  

Осы жылы жаңадан құрылысы салынған спорт кешенге жол салмақшысыздар. Егер осы жолға қосымша жарықтандыру жүргізсеңіздер жақсы болар еді.  

Т.Әбеуов - С.Сейфуллин кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

А.Балғабек

 

  1.  

Ақсу-Аюлы ауылының Кұмжон көшесіне өтетін өткел маңайы және үйлерге барар жолдарға жарықшамдар орнатып берсеңіздер. Балалар қыстың күні таңатпай сабаққа барады және кешке кеш қайтады. Осы мәселені назарыңызға жеткізейік дегенбіз.

Көше тұрғындары

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Арыстанбеков

 

  1.  

Ауылымызға көпсалалы хоккей кортын салып берсеңіздер?

Қызылқой ауылының жастары

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, шілде)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

С.Ахимбеков

 

 

  1.  

Өткен жылдары ауылымызға көше шамдары орнатылған болатын, сол жұмыстар жалғасын тауып биылда көше шамдары орнатылса.

А.Бургаков-Бұрма ауылының тұрғыны

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Е.Аяпбек

 

 

  1.  

Жол бойындағы Қармыс, Тұмсық ауылдарына жарық шамдар орнатылса

С.Туғанбеков-Қармыс ауылының тұрғыны

 

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік сұраным жасалып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2019 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Т.Беркімбаев

 


Келулердің саны: 701


Жоғары