print

Шет ауданы бойынша мемлекеттік мемлекеттк кірістер басқармасы онлайн-бақылау-кассалық машиналарын колдану туралы

Салық төлеушілерді онлайн-бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдануға кезең-кезеңмен тарту мақсатында «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы тіркелді. Осы Бұйрық онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлері ұлғайтылды және 2018 жылдың 1 қазанынан әрекеттке енгізілді.
Қызмет түрлері:
1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу;
3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме
саудада сату;
4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек
саудада сату
5. Сусындарды көтерме саудада сату;
6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату;
7. Тоқыма бұйымдарын сату;

8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату;
9. Киімдерді сату;
10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату;
11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату;
12. Ломбард қызметі;
13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің
қызметі;
14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
15. Жарнама агенттіктерінің қызметі;
16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;
17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.
Патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.


Келулердің саны: 683


Жоғары