print

Шетелдік қаржыландыру

Шет ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы  жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары мен мерзімдері туралы төмендегідей ақапаратты ұсынады:

Мәліметтерді өткiзу тәртiбi мен мерзімдері  Жеке және заңды тұғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық бөлімшелері (бұдан әрі - тұлғалар) орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы, 1 теңгеден асатын сомаға олармен жасалған мәмілелер жөнінде, мынадай  түрлерге бөлінеді:заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкілі болу, және де оларға консультативтік мағлұмат беру;қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеулерден басқа), және де олардың қорытындысын тарату және жария ету;мағлұматтарды жинау, талдау және тарату, көрсетілген қызмет коммерциялық бағытта жүргізілгенінен басқа. Мәліметтер бекітілген бұйрыққа сәйкес тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етіледі. Толтыруға жататын мәліметтер болмаған жағдайда нысан нөлдік көрсеткішпен табыс етіледі.Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді табыс етілетін кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.  Кешенді немесе тақырыптық тексеру кезінде (тексеру мерзімін ұзартылған және тоқтатылғанды қоса), тексеру жүргізіліп жатқан алдыңғы мерзімге табыс етілген мәліметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тыйым салынады.Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті толығымен жаратылса мәліметтерді беру тоқтатылады.Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті салықтық кезеңінің бірінде қайтарған жағдайда, алынған ақшалар көрсетілген бағанаға көрсетіліп, басқа бағаналар қайталанып жазылады, «минус» белгісі бар және сомалық бағаналардан басқа.Мәліметтерге өзгертулер енгізілген жағдайда «Қосымша» түрі белгіленіп алдыңғы мәліметтер көрсетілген бағаналар толтырылып жіберледі, «минус» белгісі бар және сомалық бағаналардан басқа. Дұрыс толтырылған мәліметтер жаңа бағаналарға, жаңа дәрежесімен толтырылады.Мәліметтерге толықтырулар енгізілген жағдайда «Қосымша» түрі белгіленіп жаңа бағаналарға, жаңа дәрежесі толтырылып, бірақ реттік саны кезекті (қосымша) тапсырған мәліметтерден кейін толтырылады.Тұлғалар мәліметтерді өз еріктері бойынша жеке келіп немесе қағаз тасығышта береді;электрондық түрдегі мәліметтер Салық кодексінің 572-бабына сәйкес электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған, салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы жүзеге асырады.Қағаз тасығыштағы мәліметтер:екi данада жасалады, тұлғалар қол қояды, мөрмен куәландырылады (боған жағдайда);бір данасы мемлекеттік кірістер органының кіріс нөмірі қойылған мөрімен тұлғаға қайтарылады; Мемлекеттік кірістер органымен тіркеліп, салық есептіліктерін қабылдау және өңдеу жүйесінде енгізу жүзеге асырылады.Қағаз тасығыштағы мәліметтердің табысталған күні болып Мемлекеттік кірістер органдары қағаз тасығыштағы мәліметтерді қабылдаған күні болып табылады.Электронды түрдегі мәліметтерді салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі немесе мәліметтерді компьютерлік өңдеуге жататын электронды тасығыш арқылы тапсырылады. Бұл ретте, электрондық түрдегі мәліметтер салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы тапсырылғанда, тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Тұлға, электронды түрде табысталған мәліметтерді, Мемлекеттік кірістер органымен осы қағидалардың қосымшасына сәйкес тіркеу нөмірін беру арқылы салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық қорабымен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы растауды электронды түрде алады.Электрондық түрдегі мәліметтердің табысталған күні болып салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық қорабымен қабылданған күні болып табылады. 


Келулердің саны: 88


Жоғары