print

2018 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР

 

БЕКІТЕМІН

Шет ауданының әкімі

__________М.Жандәулетов

«___»__________ 2018 жыл

 

 

2018 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған

халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР

 

 

Р/с

Айтылған ескертулер/

ұсыныстар (автор, мекенжайы)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

2018 жылдың

1-жартыжылдығындағы

орындалысы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

 

 

Шет ауданы

  1.  

Ақадыр кентінің тұрғын үй кезегіндегілерді азайту үшін шаралар қабылдамасаңыздар болмайды. Бұл мәселені шешуде қандай ойларыңыз бар?

С.Қанатбаев-Ақадыр кентінің тұрғыны

70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын және екі 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастауға тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қараша)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

Д.Кәрсембаев

Биылғы жылы Ақадыр кентіндегі 70 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйді қалпына келтіруге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа тиісті құрылыс жұмыстары жұргізілуде. Осы жылдың аяғына дейін аталмыш үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жергілікті тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 2019   жылы екі 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге құжаттары дайындалды.

  1.  

Мойынты кентінің су құбыры ескірген, жиі жарылып жатады және судың сапасы да нашарлап кетті. Жаңадан су құбыры тартылса.

Б.Тоқабаев-Мойынты кентінің тұрғыны

Тиісті құжаттары дайындалып, жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

С.Тұрабеков

Биылғы жылы Мойынты кентінің ауыз су құбырының құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен 272 млн. теңге қаржы қаралып, мердігермен шарт жасалды. Жаңа су құбырының құрылысы мамыр айында басталды. Нысанға 2019 жылы қосымша қаржы бөлініп, келесі жылға ауыспалы негізде құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

  1.  

Ортау ауылының мектеп ғимараты ескі, шағын орталықтың іші суық, спорт залының едендері тозған. Асханасы талаптарға сәйкес келмейді, осы мектепті жөндеп берсеңіздер.

З.Дүйсембаева -Ортау негізгі орта мектебінің директоры

Тиісті құжаттары дайындалып, қаражат бөлініп жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, тамыз)

А.Әбілдин

Е.Смағұл

О.Жақанов

Ортау негізгі орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 7,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

  1.  

Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің сыртқы келбеті нашар, қаптап көріктендіріп берсеңіздер.

Т.Хасенова - Ю.Гагарин атындағымектеп лицейдің директоры

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қыркүйек)

А.Әбілдин

Е.Смағұл

Д.Кәрсембаев

Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің сыртқы келбетін жаңартып, қаптауға облыстық бюджетен 35 млн. теңге бөлініп, әзірленген жобалау-сметалық құжаттарының сараптамасы жасалды. 2019 жылға облыстық бюджетке сұраныс берілді.

  1.  

Ақжал кентінің көше жолдары жөнделсе, Себебі көшелердің жолдарының барлығы ойлып шұңқыр болып қалған.

А.Сахава- Ақжал кентінің тұрғыны

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

М.Молыбаев

 

Кенттегі орталық көше жолын жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қаралып, орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

  1.  

Дәрия кентіміз теміржол бойында орналасқан, жалғыз үкімет үйі әкімшілік қана бар. Осы әкімшілікті жөндеп берсеңіздер.

Б.Ақшалова Дәрия кентінің тұрғыны

Тиісті құжаттары дайындалып, қаражат бөлініп жұмыстар атқарылсын

(2018 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Б.Райым

 

Кенттегі әкімшілік ғимаратын жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, аудандық бюджеттен бөлінген 6,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1.  

Ақадыр кентіне баратын жолдағы су шайып кеткен көпір қашан жөнделеді ?

И.Жекебаев- Ақадыр кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі

Тиісті жұмыстардың атқарылуы бақылауға алынсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

 

Кентке баратын көпірдің құрылысын жүргізуге облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттары дайындалды. Конкурстық процедуралар нәтижесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер анықталды. Жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыспалы негізде болғандықтан құрылыс жұмыстары жақын арада басталып, 2019 жылы аяқталатын болады.

  1.  

Универмаг дүкенінің артындағы көшеде арзан дүкен ашылды. Сол дүкенге бару қиын және де Ескі Дежурный магазинінен Жанғұтты би көшесіне қарай өтетін жолдың да жағдайы нашар, қараңғы, бұл жолдарды білесіздер, көктемде балшық болып кетеді. Тілегім осы көшелерге шам орнатып, тротуар салып, асфальттау биыл жоспарда бар ма?          

Д.Нұрпейісов - Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны

Тиісті жұмыстар атқарылсын

(2018 жыл, шілде)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Арыстанбеков

Жалпы Ақсу-Аюлы ауылындағы 3 көшенің жолдарын жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді. Көшелер қиылысындағы   жолдарды жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

  1.  

Арғы жылы да, былтыр да ауданның бірқатар ауылдарына жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілгендігін есебіңізден естіп, қуанып отырмыз. Ақсу – Аюлыдағы біз тұратын Жанғұтты би көшесінің орта жағы жанады да екі жақ шеттеріндегі шамдар жанбайды. Осыған көңіл бөлсеңіздер. Шам орнатсаңыздар.  

А.Жакупов - зейнеткер,

Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны  

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, мамыр)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Арыстанбеков

Аудандық бюджет есебінен Жанқұтты би көшесінің екі жағына, жарық шамдарын орнатуға жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, көшедегі 300 метр жерге 12 бағана және жарық шамдары орнатылды.

 

  1.  

Кенттің Абай даңғылын асфальттау керек. Мүмкіндіктеріңіз болса әрине. Себебі орталық көшемізбен көліктер көп жүреді.

Қ.Рысбай- Ақадыр кентінің тұрғыны

 

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Д.Кәрсембаев

Абай даңғылының жолын жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаралған 80 млн. теңге қаражатқа конкурстық процедуралар өткізіліп, асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.


Келулердің саны: 106


Жоғары