print

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою – азаматтық борышымыз

...

Еліміз егемендігін алып, дамудың даңғыл жолына бет алғанына 26 жылға жуық уақыт болды. Бұл бағыттағы жеткен жетістіктерімізде аз емес. Алайда, шешімі күрделі мәселелер де жетерлік. Солардың бірі және ең өзектісі – жемқорлық. Қазақстанда осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар мен атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Бірақ, әзірге бұл індеттің тамырына балта шауып, түбегейлі көзін құртудың мүмкіндігі болмай отыр.

Бүгінгі біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оған тосқауыл қоюдың барлық айла – амалдарын қолдану арқылы ғана бұл індетке қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстандық азаматтық борышым деп білуі қажет. Ал, мемлекеттік органдар үшін бұл – міндет!

 

 

        

         Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

         азаматтық қорғау майоры  

Б.Арыстанбеков


Келулердің саны: 1415


Жоғары