print

Балалардың отпен ойнауы

Балалардың отпен ойнауынан өрттер өкінішке орай жиі туындайды. Мұндай өрттер өте қайғылы нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Балалар оттың қауіпін түсінбегендіктен оған аса қызығушылық білдіреді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектерді, олардың іс-әрекеттерін, тұрмыс-тіршілігін қайталайды. Бұл жастағы балалар барлық нәрсені тезірек білуге және өз қолымен жасауға асығады. Әсіресе олар үйде жалғыз қалғанда бұл қызығушылықтарын істе байқап көруге тырысады. Бала жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнап, қағаз жағып, бір кездері орманда жанған алауды көргенін есіне түсіріп тұтатқысы келіп, әрекет қылуы мүмкін. Әр түрлі жағдайларға байланысты үлкендердің балаларды қараусыз жалғыз қалдыруға мәжбүр болатын кездері де болады. Әсіресе балаларды пәтерде немесе бөлмеде жауып кеткен жағдайда бұл өте қауіпті. Өрт болған жағдайда олар дер кезінде қауіпсіз жерге шыға алмайды.

Шет ауданыныңда балалардын отпен ойнауы туралы жиі жұмыстар жүргізіледі.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу үшін не істеу қажет:

- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтыңыз;

- өрт қауіпсіздігі ережелеріне байланысты барлық жағдайда үлгі көрсетіңіз;

- сіріңкелерді балалардың қолы жететін жерлерге қоймаңыз;

- газ плиталарды, пешті жағуды, электр құрылғыларын қосуды балаларға тапсырмаңыз;

- балалардың от жақпауын қадағалаңыз;

- балаларды үйде ересектердің бақылауынсыз жалғыз қалдырмаңыз;

- балалардың бос уақытына көп көңіл бөліңіз.

Қазақстандағы өрт қауіпсіздік мәселесінің шешімі көбінесе елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі білімінің сапасына байланысты. Сол себептен мемлекеттің маңызды тапсырмаларының бірі барлық жергілікті халықты және бірінші кезекте балалар мен жастарға өрт қауіпсіздігін сақтауды үйрету болып табылады.

Балаға өрт жағдайында дұрыс іс-қимыл жасауды үйретіңіз. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіннің таралуы, ауа температурасының жоғарылауы, күйік иісі және т.б.) кез келген жастағы бала дер кезінде сыртқа шығуы қажет. Өрт туралы үлкендерге және өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірлеріне дереу хабарлау қажет.

Шет ауданы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Сапаров Е.Т.


Келулердің саны: 871


Жоғары