print

Шет ауданының әкімі, кәсіподақ ұйымдары(қызметкерлер), ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған АУДАНДЫҚ КЕЛІСІМ

Біз, Шет ауданының атқару билік органдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының(қызметкерлердің), ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің (бұдан әрі - Тараптар) өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып,

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әлеуметтік әріптестіктің үш жақты келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы аудандық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.

 

I бөлім

 

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту

 

Тараптар келесі бағыттар бойынша бірлесе жұмыс атқаруға міндеттеме алады:

 

1.1.         Төртінші Өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізуді жүзеге асыру.

1.2.         Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеу.

1.3.         Бюджеттік қаражаттың жұмсалуының тиімділігін арттыру.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін келісті:

 

1.4.         Технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революциясының элементтерін енгізу үшін ауданның кәсіпорындарында қолайлы жағдайлар жасауға.

1.5.         Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың табысының төмендеуіне жол бермеу үшін еңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруды және республика аймақтарында, кәсіпорындар арасында және ішінде кадрлардың икемді ауысуын қамтамасыз етуге.

1.6.         Аудан кәсіпорындарын технологиялық жаңарту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға.

1.7.         Жоғары нәтижелі жобаларды қолдау үшін инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.

 

Ауданның атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

1.8.         Ұлттық экспорттық стратегияның, Ұлттық инвестициялық стратегияның және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуын жүзеге асыру.

1.9.         Экономиканы жаңғырту шеңберінде ауданның ірі кәсіпорынымен Жол карталарын жасау және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 арналған бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы мен еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.

1.10.    Экономикалық өсуді ынталандыруға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға, бюджет қаражаттары шығынының нәтижелілігін арттыруға бағытталған бюджеттік параметрлерді қалыптастыруға көмектесу.

1.11.    Тараптарды Шет ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы туралы ақпараттандыру.

 

Ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

1.12.    Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, негізгі жабдықтарды жеделдете жаңғыртуды жүргізуге кәсіпорындарды тарту.

1.13.    Еңбек нарығында шиеліністі болдырмау үшін еңбек ресурстарының ағынын басқару жүйесін құруға көмектесу.

 

Ауданның кәсіподақ ұйымдары өздеріне келесі міндеттемелер алады:

 

1.14. Экономиканың технологиялық жаңғыруына байланысты еңбек нарығында шиеліністі болдырмау үшін, еңбек ресурстарының ағынын басқару жүйесін құруға, еңбек нарығына қойылатын талаптар туралы еңбек ұжымдарында кең түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу арқылы көмектесу.

 

II бөлім

 

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту

 

Тараптар келесі бағыттарда бірлесе жұмыстарды күшейту жөнінде міндеттемелер алады:

 

2.1.         Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау.

2.2.         Экономиканың тиімді жеке секторын құруға және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

2.3.         Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде бизнес негіздеріне оқыту және халыққа микрокредиттер беру бөлігінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге.

2.4.         Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға міндеттенді.

 

Ауданның атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

2.5.         Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.

2.6.         Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шараларының кеңеюіне көмектесу.

2.7.         Әлеуметтік маңызды азық‑түлік тауарларына, реттелуші қызметтер мен тарифтердің бағаларына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік маңызды азық‑түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуі жағдайларында ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу, азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік бұрыштар ұйымдастыруға жәрдемдесу, облыстық тұрақтандыру қорынан бірінші кезектегі кейбір азық-түлік тауарларының жеткізілуін ұйымдастыру.

2.8.         Кәсіпкерлікпен айналысатын ауыл жастары үшін жыл сайын аудан әкімінің грантымен марапаттауды ұйымдастыру.

 

Ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

2.9.         Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру операторы болу.

2.10.    Кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтингілік қызметтер көрсету.

2.11.    Ұзақ мерзімдік тарифтер және тарифтік сметаларды бекітуге сұраныстарды қарау кезінде көпшілік тыңдауларға қатысу.

 

Ауданның кәсіподақ ұйымдары өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

2.12.    Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.

 

III бөлім

 

Халықты формальді және нәтижелі жұмыспен қамтуға

және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу

 

Тараптар келесі жұмыстарға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға бірлесе күш салуға міндеттенеді:

 

3.1.         Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құру.

3.2.         Формальді және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету.

3.3.         Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыру.

3.4.         Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысу.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

3.5.         Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіби дамуын, кәсіби дайындығы және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

3.6.         Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға.

3.7.         Тараптардың келісімдері бойынша медициналық қорытындыға сәйкес толық емес жұмыс тәртібіне көшу және науқас отбасы мүшесін бағып-күтуді жүзеге асыруға жұмыскерлерге құқық беруге.

3.8.         Ұжымдық шарттарда кәсіпорыннан әскери қызметке шақырылған тұлғаларды жұмысқа қайта қабылдау тәртібін қарау. Жергілікті әскери басқарма органына шақыру кезеңінде (шақыру хаты болған жағдайда) жұмыскердің жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауды қарастыруға.

3.9.         Жұмыстан босату арқылы жұмыскерді кәсіби дайындауға және кадрларды қайта дайындауға жіберу кезінде оның жұмыс орны (лауазымы), өтемақылық төлемдердің көлемін (бюджеттік ұйымдардын басқа) сақтауды ұжымдық шарттарда қарастыру. Жұмыстан босату арқылы жұмыскерді кәсіби дайындау және кадрларды қайта даярлауға басқа мекендерге жіберілген жұмыскерге, қызметтік іссапарға жіберілетін тұлғаларға қарастырылған тәртіпте және көлемде, іссапар шығындарын төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

 

Ауданның атқару билігі органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

3.10.    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.

3.11.    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендіру бойынша Жол картасын қабылдау және еңбек қатынастарын заңдастыру мен халықтың формальді емес түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуын азайту үшін ісшаралар жүргізу.

3.12.    Еңбек нарығындағы жан-жақты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру.

3.13.    Халықты жұмыспен қамту орталығына трансформациялауды жүргізу және жұмыс іздеп жүрген адамдардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін жақсарту.

3.14.    Азаматтық қызметшілерге кәсіби қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуді, оның ішінде, баланы күтіп-бағу демалысынан шыққан әйелдерді жұмысының алғашқы жылында, қамтамасыз ету.

 

Ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

3.15.    Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бизнестің қатысуына ықпал ету.

3.16.    Ауданның кәсіпорындарында дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын дамытуға жәрдемдесу.

3.17.    Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.

3.18.    Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

3.19.    Аудан әкімдігімен бірлесіп ауданның ірі кәсіпорынымен Жол картасын дайындауға қатысу және қажет болған жағдайда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды бірлесе инвестициялау және оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру.

 

Ауданның кәсіподақ ұйымдары өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

3.20.    Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша шараларды қабылдау.

3.21.    Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыруға және әзірлеуге қатысу.

 

IV бөлім

 

Адами капиталдың сапасын жақсарту

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

4.1.         Ауданның білім беру жүйесін жетілдіру үшін тиісті шараларды жүргізуге, оның ішінде:

- технологиялық дағдыларды ескере отырып, барлығын қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізуге;

- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруға.

4.2.         Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ауданның денсаулық сақтау жүйесін:

- аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде денсаулық сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізуге;

- қажетті цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз ету арқылы жаңғыртуды қамтамасыз етуге.

4.3.         Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде:

- халыққа арналған ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын арттыруға;

- халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсету кезінде көмектің атаулылығын қамтамасыз етуге;

- арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және сапасының атаулылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

 

Тараптар аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

4.4.         «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесу.

4.5.         «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және шалғайдағы ауылдық өңірлерде білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасау.

4.6.         Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

4.7.         Деректер мен процесстерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесу.

4.8.         Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

4.9.         Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыру.

4.10.    Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және тылда еңбек еткендерге, оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету.

4.11.    БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, қолжетімді орта құру ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету.

4.12.    Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

- ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;

- балаларды күтуді және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді теңдей құқықтарда қолдауға;

- шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

4.13.    Ұжымдық шарт жасау кезінде шаруашылық жүргізу құқығына көшкен мемлекеттік кәсіпорындардың (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт) қызметкерлері үшін азаматтық қызметшілер үшін берілетін сауықтыру жеңілдіктері және кепілдіктерін сақтау.

4.14.    Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,

4.15.    спорт және ветеринария ұйымдарындағы мамандарға бір тонна қатты отынның орташа жылдық құнының 30% -нан кем емес мөлшерде отын сатып алуға әлеуметтік көмектің артуына жәрдемдесу.

4.16.    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға орнығып қалулары үшін көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдау көрсету.

 

Ауданның атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:

 

4.17.    Қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту.

4.18.    Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуге жәрдемдесу.

4.19.    Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы кәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамту.

4.20.    Белгіленген экономика саласы шеңберінде жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды іске асыру.

4.21.    Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

4.22.    Жұмыс орнында денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу; жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, сондай-ақ, жұмыскерлерді сауықтыру және олардың дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану шараларын қарастыру.

4.23.    Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу.

4.24.    Аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

4.25.    Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандырумен барынша қамту, әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру.

 

Ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

4.26.    Жұмыстан шығу тәуекелділігі туындаған жұмыскерлерді алдын-ала кәсіби оқытуды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды, даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға ықпал ету.

4.27.    Босатылуға жататын ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді алдын-ала кәсіптік оқытуды дамытуға ықпал ету.

4.28.    Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

4.29.    Адамның мүмкіндігін және еңбек ету қабілеттілігін арттыру бойынша саясат пен тәжірибені пайдалану арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету.

4.30.    Аймақтық индустрияландыру картасына сәйкестендірілген дуальді оқытуды енгізуге ықпал ету.

 

Ауданның кәсіподақ ұйымдары өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

4.31.    Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру
іс-шараларын жүргізу.

4.32.    Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік және медициналық сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу.

 

V бөлім

 

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

Тараптар келесі бағыттар бойынша жұмыстарды бірлесе атқару үшін:

 

5.1.         Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.

5.2.         Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде қолайлы еңбек жағдайларын жасауға.

5.3.         Кәсіпорындарда еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті сақтау бойынша ішкі қадағалаудың тиімділігін арттыруға.

5.4.         Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытуға.

5.5.         Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге.

5.6.         Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

5.7.         Жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақ ұйымы өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруға.

5.8.         Жұмыскерлердің өмірі және денсаулығын сақтау бойынша кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау шараларын қоса алғанда, жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

5.9.         Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жасау үшін кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға шаралар қабылдауға.

5.10.    Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы
(№ 200) ұсынымдарын іске асыру бойынша шаралар қабылдауға.

5.11.    Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізуге.

5.12.    Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға.

5.13.    Ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды сақтау және дамытуға.

5.14.    Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге.

5.15.    Жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлерді, ең алдымен зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан жұмыскерлерді, сауықтыру бойынша емдеу-алдын алу іс-шараларын, оның ішінде шипажай-профилакторийлерде, кәсіподақтардың шипажай-курортты мекемелерінде (болған жағдайда) шарттық негізде жүзеге асыруға ықпал етуге міндеттенеді.

 

Ауданның атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

5.16.    Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыруға ықпал ету.

5.17.    Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау.

5.18.    Қауіпті өндірістік объектілерді қашықтықтан қадағалау механизмдерін енгізу.

5.19.    Апаттардың болуы ықтимал салдарын ескере отырып, өндіріс қауіптілігінің классификациясы негізінде қатерлерді мемлекеттік басқару жүйесін құруға қатысу.

5.20.    Кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе орта және шағын кәсіпкерлік саласында жұмыскерлерге мемлекеттік кепілдіктерді (еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты, еңбек демалысының ұзақтығы) жүзеге асыру бойынша түсіндірме-ақпараттық жұмыстарды жүргізу.

 

Ауданның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

5.21.    Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз және лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.

5.22.    Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру.

5.23.    Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізу.

5.24.    Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қаржыландыруды жүргізу шараларын өткізу.

5.25.    Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріп қаралуын және жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексеріп қаралуының нәтижелері бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.

5.26.    Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

5.27.    Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті декларациялау бойынша жұмыс жүргізу.

5.28.    Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

5.29.    Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.

5.30.    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша мамандар мен жұмыскерлердің білімін, тексеруді және даярлауды, қайта даярлауды білімін тексеруді қамтамасыз ету.

5.31.    Жазатайым оқиғаны тергеп‑тексеру, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігінің бұзылу деректерін кәсіпорында (ұйымда) тексеруге еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспекторын кедергісіз жіберуді қамтамасыз ету.

5.32.    Кәсіпорынның экономикалық жағдайын нашарлатуға алып келуші өндіріс көлемінің, атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің төмендеуі жағдайында тиісті шаралар қабылдайды, Қазақстан Республикасы заңнамасына және салалық келісімдерге сәйкес жұмыскерлердің қысқаруын азайту, сондай-ақ, төменде көрсетілген шараларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырады:

- жұмыс тоқтап қалған жағдайда, бос штаттық бірліктер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті біліктілігі болған жағдайда, жұмыскерді денсаулық жағдайына қарама-қарсы келмейтін жұмыстарға, атқарған жұмысына қарай төлем жасау арқылы ауыстыру.

- әкімшілік-басқару шығындарын қысқарту.

 

Ауданның кәсіподақ ұйымдары өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

5.33.    Тиісті кәсіптік стандарттарды ескеріп заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

5.34.    Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға және олардың жұмысына қатысу.

5.35.    Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.

5.36.    Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

5.37.    Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

5.38.    Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру.

 

VI бөлім

 

Әлеуметтік әріптестік

 

Тараптар келесі бағыттар бойынша жұмыстарды атқаруға бірлесе жұмыс атқаруға:

 

6.1.         Консультациялар өткізуге, ұжымдық шарттар жасасу тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерін қараумен әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргізуге.

6.2.         Әлеуметтік әріптестік тараптарының консультациялары мен келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды аудандық газетте үнемі жариялауға, өзіне алынған міндеттемелерді орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.

6.3.         Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргізуге.

6.4.         Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге.

6.5.         Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

6.6.         Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріс саясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенеді.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

6.7.         Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келісімде айқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

6.8.         Шағын және орта бизнес ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық шартпен реттеу ауқымын кеңейтуге ықпал етуге.

6.9.         Ауданның кәсіпкерлері және жұмыс берушілері арасында бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігін насихаттау және дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға.

6.10.    Республикалық «Еңбек шартын жасаңыз» ортақ акциясына белсенді қатысуға.

6.11.    Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар қабылдауға. Комиссия отырыстарында жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, оның ішінде еңбекақы берешектері мәселелерін тұрақты түрде қарауға.

6.12.    Аудандық келісімнің,ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негізде талдау жүргізуге.

6.13.    Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

6.14.    Еңбек нормативтерін іске асыруды және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз етуге.

6.15.    Келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді көздеуге, оның ішінде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктейтін салалық коэффициенттерді


Келулердің саны: 1073


Жоғары