print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің аппараты» MM -нің хабарландыруы 20.07.2018

«Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің аппараты» MM -нің хабарландыруы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-G-3 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      -Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                     21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).      

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

E-G-3

69903

94148

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz, g.iglikova@karaganda-region.gov.kz, аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

           1. Киікті ( санаты Е-G-3, № 22-3, 1 бірлік), Өспен  (санаты Е-G-3,       № 14-5, 1 бірлік) ауылдық округтері  әкімі аппараттарының бас мамандары.

          Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. Бухгалтелік есеп жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану), «қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша,  “білім” мамандықтары бойынша  білімге рұқсат етіледі. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2.  Ақадыр кенті  әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, №25-12, 1 бірлік )

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау; Заңгерлік жұмыстары; Кент әкімдігінің тиісті мамандарының талабы бойынша қажетті Заңдармен қамтамасыз ету, заңдылық тұрғыда тиісті нұсқаулар беру. «Мемлекеттік сату және сатып алу туралы» шыққан Заңды басшылыққа ала отырып ашық тендер, бағалар ұсынысы т.б жекелеген сала мамандарымен тиісті шараларды ұйымдастыру, құжаттардың дайындалуын, бас есепшімен бірге мердігерлермен келісім шарттар жасалуын қадағалау; Әділет, сот, прокуратура және басқа құқық орындарда кент әкімдігіне қатысты істерді рәсімдеу, олармен тығыз байланыста болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. Ақадыр кенті  әкімі аппаратының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша бөлімінің бас маманы (санаты Е-G-3, №25-4, 1 бірлік )

Функционалдық міндеттері: Энергетика салаларына байланысты жұмыстарды атқару,кент әкіміінің өкімін дайындау, ақпараттық-аналитикалық тәсілдерін игеру, экономикалық талдау жасау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметін үйлестіру. Кондоминимум жұмыстарын ұйымдастыру. Жолаушылар көлігінің жұмысын, автокөлік жолдарын пайдалану және ұстау барысындағы жұмыстарды үйлестіру, теледидар телекоммунникация қызметтерін жетілдіру бағытында жұмыстарды үйлестіру, болжау, жоспарлау. Су, жылу, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларының орындалысын қадағалау. Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуді қадағалау.

Жергілікті деңгейдегі су құбырларына ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға тиісті құжаттарды дайындау. Құрылыс немесе күрделі жөндеу жүргізілген су құбырларын қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; Коммуналдық қызметтің төлем ақысының жиналымын ұйымдастыру, жүргізу, мониторингісін жасау. Қыс айларында жылу беретін қазандықтардың қалыпты жұмысын және бюджет мекемелеріне көмір түсірілуін қамтамасыз ету.

Кентті көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру, санитарлық тазалық жөнінен әрбір мекеме-кәсіпорындармен бірігіп, жұмыс атқару, сенбіліктер, «таза бейсенбі» шараларын ұйымдастыру және санитарлық тазалық қадағалау басқармасы, кенттік полиция бөлімшесі, ветеринарлық станциясы мамандарымен біріге рейдтік тексерістер ұйымдастыру.

Білімі – жоғары “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша  (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4.  Красная поляна ауылдық  округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, №11-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Ауылдың көркеюіне байланысты жоспар әзірлеу. Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдар мен жұмыстар жүргізу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары  “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша, “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша ), “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша,  «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі.; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5.  Ортау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, №15-2, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша  жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу. Жиналған салықтардың тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерін әзірлеу. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, зоотехния). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану),  “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша, «ауылшаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу, зоотехния) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6.  Красная поляна  ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, №11-3, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “білім” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары  бойынша (құқықтану), “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша,  “білім” мамандықтары бойынша  білімге рұқсат етіледі.    Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен- жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 


Келулердің саны: 1130


Жоғары