print

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

...

Ағымдағы жылдың 28 маусымында мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 180 тұрғын қатысты.

Атап айтқанда, төмендегі қызметтер бойынша түсініктемелер алынды: тұрғын үй кезегі мәселесі – 28 адам, елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау беру – 22, ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру мен бірдейлендіру - 15, ветеринариялық анықтама беру - 9, жер қатынастары саласы бойынша – 11 адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - 11, тұрғын үй көмегін тағайындау – 13, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды кезекке қою - 24, cпорттық разряд және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру – 8, жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу – 18, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынша анықтама беру - 12, неке қиюды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 10, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу қызметтері бойынша – 8 адам және мемлекеттік кірістер басқармасынан – 7 адам.

Алдағы уақыттарда тіпті пайдалануы қоғамда өте маңыздырақ рөлі болатын ақпараттық жүйелерді қолдана отырып барша жұрт цифрлық қолтаңба орнына электронды қызметтер алу үрдісі дағдыға айналдырмақ. Тұрғындарға цифрлық қолтаңбаның мүмкіндіктері мен қолдану тетіктері түсіндіріліп, барлығы электрондық цифрлық қолтаңба алуға 19 адамнан өтінім қосылды.

         Жәрмеңке соңында «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы қызметтерді алу тәртібі мен мемлекеттік қызметтер алудың тиімділігі жайында оқыту бейнероликтері көрсетілді.

Жәрмеңке қорытындысымен тұрғындар тарапынан практикалық көмек іс - шарасын тұрақты түрде өткізіп отыруға ұсыныстар айтылды. Аталмыш іс – шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстардың жүйелі жүруіне үлкен септігін тигізіп, оң ықпалын берді.

 


Келулердің саны: 1362


Жоғары