print

Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына байланысты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өтті.

...

Біріншілік 2018 жылдың 08 маусым күні Шет ауданы орталығы, Ақсу-Аюлы ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан көпсалалы хоккей кортында сағат 10-00 де басталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен және кубоктармен марапатталды. Жарысқа Сәкен Сейфуллин 1, Сәкен Сейфуллин 2, Сәкен Сейфуллин 3, Ақадыр, Ақжал кенттерінен, Тағылы 1, Тағылы 2, Өспен, Төменгі Қайрақты, Нұраталды, Ақсу-Аюлы ауылдарынан, Шет агротехникалық колледж командасы, жалпы жарысқа 12 команда, 96 спортшы қатысты. Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына байланысты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған шағын футболдан аудандық ашық біріншілгінің ашылу салтанаты сағат 11-00 де басталды. Жарыста құттықтау сөз Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қаиыргелдіұлына, спорт ардагер, зейнеткер Әлғожаұлы Шайкен ақсақалымызға сөз берілді. Жалпы командалық есепте Ақжал кентінің командасы 1-орын, Сәкен Сейфуллин кентінің командасы 2-орын, Ақадыр кентінің командасы 3-орынды иеленді

  

 


Келулердің саны: 1414


Жоғары