print

2018 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР

                                                                                                      БЕКІТЕМІН

                                                                                                                        Шет ауданының әкімі

                                                                                                                                   __________М.Жандәулетов

                                                                                                                                      «___»__________ 2018 жыл

 

2018 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР

Р/с

Айтылған ескертулер/

ұсыныстар (автор, мекенжайы)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

2018 жылдың

3-тоқсанының

орындалысы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

 

 

Шет ауданы

  1.  

Ақадыр кентінің тұрғын үй кезегіндегілерді азайту үшін шаралар қабылдамасаңыздар болмайды. Бұл мәселені шешуде қандай ойларыңыз бар?

С.Қанатбаев-Ақадыр кентінің тұрғыны

70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын және екі 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастауға тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қараша)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

Д.Кәрсембаев

Ақадыр кентіндегі 70 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 184 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары наурыз айында басталды. Нысанға қосымша 2019 жылы қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары кесте бойынша 2019 жылдың қараша айында аяқталады. Сонымен қатар, 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге құжаттары дайындалды.

  1.  

Мойынты кентінің су құбыры ескірген, жиі жарылып жатады және судың сапасы да нашарлап кетті. Жаңадан су құбыры тартылса.

Б.Тоқабаев-Мойынты кентінің тұрғыны

Тиісті құжаттары дайындалып, жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

С.Тұрабеков

Мойынты кентінің ауыз су құбырының құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен 272 млн. теңге қаржы қаралып, мердігермен шарт жасалды. Жаңа су құбырының құрылысы мамыр айында басталды. Нысанға 2019 жылы қосымша қаржы бөлініп, келесі жылға ауыспалы негізде құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады.

  1.  

Ортау ауылының мектеп ғимараты ескі, шағын орталықтың іші суық, спорт залының едендері тозған. Асханасы талаптарға сәйкес келмейді, осы мектепті жөндеп берсеңіздер.

З.Дүйсембаева -Ортау негізгі орта мектебінің директоры

Тиісті құжаттары дайындалып, қаражат бөлініп жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, тамыз)

А.Әбілдин

Е.Смағұл

О.Жақанов

Ортау негізгі орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 7,1 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары қайта жарияланды

  1.  

Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің сыртқы келбеті нашар, қаптап көріктендіріп берсеңіздер.

Т.Хасенова - Ю.Гагарин атындағымектеп лицейдің директоры

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қыркүйек)

А.Әбілдин

Е.Смағұл

Д.Кәрсембаев

Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің сыртқы келбетін жаңартуға, қаптауға облыстық бюджетен 35 млн. теңге бөлініп, әзірленген жобалау-сметалық құжаттары сараптамаға жіберілді.

  1.  

Ақжал кентінің көше жолдары жөнделсе, Себебі көшелердің жолдарының барлығы ойлып шұңқыр болып қалған.

А.Сахава- Ақжал кентінің тұрғыны

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қыркүйек)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

М.Молыбаев

 

Кенттегі орталық көше жолын жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қаралып, конкурстық процедуралары аяқталды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Дәрия кентіміз теміржол бойында орналасқан, жалғыз үкімет үйі әкімшілік қана бар. Осы әкімшілікті жөндеп берсеңіздер.

Б.Ақшалова Дәрия кентінің тұрғыны

Тиісті құжаттары дайындалып, қаражат бөлініп жұмыстар атқарылсын

(2018 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Б.Райым

 

Кенттегі әкімшілік ғимаратын жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп. Жөндеу жұмыстары басталу үстінде.

  1.  

Ақадыр кентіне баратын жолдағы су шайып кеткен көпір қашан жөнделеді ?

И.Жекебаев- Ақадыр кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі

Тиісті жұмыстардың атқарылуы бақылауға алынсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

 

Кентке баратын көпірдің құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттары жасалды, жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер анықталды.

  1.  

Универмаг дүкенінің артындағы көшеде арзан дүкен ашылды. Сол дүкенге бару қиын және де Ескі Дежурный магазинінен Жанғұтты би көшесіне қарай өтетін жолдың да жағдайы нашар, қараңғы, бұл жолдарды білесіздер, көктемде балшық болып кетеді. Тілегім осы көшелерге шам орнатып, тротуар салып, асфальттау биыл жоспарда бар ма?          

Д.Нұрпейісов - Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны

Тиісті жұмыстар атқарылсын

(2018 жыл, шілде)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Арыстанбеков

Жалпы Ақсу-Аюлы ауылындағы 3 көшенің жолдарын жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді. Көшелер қиылысындағы жолдарды жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталу үстінде.

  1.  

Арғы жылы да, былтыр да ауданның бірқатар ауылдарына жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілгендігін есебіңізден естіп, қуанып отырмыз. Ақсу – Аюлыдағы біз тұратын Жанғұтты би көшесінің орта жағы жанады да екі жақ шеттеріндегі шамдар жанбайды. Осыған көңіл бөлсеңіздер. Шам орнатсаңыздар.  

А.Жакупов - зейнеткер,

Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны  

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, мамыр)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Б.Арыстанбеков

Жанқұтты би көшесінің екі жағына, яғни 300 метр жерге 12 бағана және жарық шамдар орнатуға жобалау сметалық құжаттары әзірленді. Қажетті қаржы бөлініп, конкурстық процедураларының жеңімпазы белгіленіп, жөндеу жүргізілуде

 

  1.  

Кенттің Абай даңғылын асфальттау керек. Мүмкіндіктеріңіз болса әрине. Себебі орталық көшемізбен көліктер көп жүреді.

Қ.Рысбай- Ақадыр кентінің тұрғыны

 

Тиісті жұмыстар атқарылсын.

(2018 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

Д.Смаилов

Д.Кәрсембаев

Абай даңғылының жолын жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 80 млн. теңге қаржы қаралып, конкурстық процедуралар аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары басталу үстінде.


Келулердің саны: 573


Жоғары