print

«Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы»

...

2018 жылдың 5 маусым күні Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен Шет ауданының Ақадыр кентінде мемлекеттік тіл саясатын, оның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін насихаттау мақсатында «Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы» тақырыбында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғалымдары: ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі- Ж.Қағазбаев, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Б.Қалиев және Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры А.Игенованың қатысумен ақпараттық-насихаттау аудандық шарасы өтті. Аталмыш шараны Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдин жүргізді. Бұл шараға   Ақадыр кентіне жақын орналасқан ауылдық округтер мен кент әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, кітапхана, мәдениет, клуб үйі мекемелерінің қызметкерлері, мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты. Шара барысында Шет аудандық «Ұлағат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Жәнібеков, Ақадыр кентіндегі «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, тіл жанашыры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ө.Кәріпұлы, Шет ауданының білім бөлімінің әдіскері Т.Меңдібаева, Ә. Ермеков атындағы ЖОББ тірек мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Шатекова, Шет аудандық мемлекеттік мұрағаттың директоры К.Мықыш латын әліпбиіне байланысты өз ойларын білдірді. Мәдениет үйінің фойесінде «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында кітап көрмесі қойылды. Көрмеде Астана қаласының 20 жылдығы, Шет ауданының 90 жылдығы, ұлы жыраулар Бұқар мен Шортанбай жыраулардың мерейтойларына арналған материалдар және Шет ауданының мемлекеттік мұрағатында сақталған 30-40 жылдар аралығындағы латын қарпінде жазылған құжаттар қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Кездесуге келген көпшілік «латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық сананың қайта жаңғыруына жол ашатынына сенімді болып, қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек үшін жасалып жатқан ауқымды іс екендігіне көз жеткізіп тарқасты.

  

  

  

 


Келулердің саны: 1359


Жоғары