print

Балхаш қаласында өткен мемлекеттік қызметшілер арасында XX облыстық спартакиадасы

...

2018 жылдың 26-27 мамыр аралығында Балхаш қаласында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған қала, аудан әкімшілік аппаратының, олардың құрылым бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілер арасында XX облыстық спартакиадасы өтті. Облыстық спартакиадаға Балқаш қаласы, Приозерск қаласы, Ақтоғай ауданы Шет ауданы, жалпы жарысқа екі қала, екі аудан қатысты. Облыстық спартакиада 2018 жылы 26 мамыр күні Балқаш қаласында «Металлург» стадионында ашылу салтана өтті. Тікелей біріншілікті өткізу Балхаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізді. Облыстық спартакиадада Шет ауданының командасы волейболдан үшінші орын, жеңіл атлетикадан үшінші орын, шағын футболдан екінші орын, үстел тенисінен екінші орын, қол күресінен екінші орын, кір тасын көтеруден екінші орынды  иеленді. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Балхаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. 

  

  

       


Келулердің саны: 1306


Жоғары