print

«КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН ЖАРНАМАҒА – САУАТТЫЛЫҚ» АКЦИЯСЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Мемлекеттік тіл саясатын және Қазақстан Республикасында  «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 28 мамыры мен 28 маусым аралығында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық»  атты аудандық акция өтеді.

Акцияның мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, жарнама саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, аудандағы елді мекендердегі көрнекті ақпарат пен жарнаманы ретке келтіру, мемлекеттік тілдің қолданылуының сапасын арттыру.

Акцияның шарты- Акцияға қатысқысы келетіндер тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуы деректері бар жарнама материалдарын, нысандардың маңдайша жазулары, прейскуранттар мен баға көрсеткіштерінің, баспа өнімдері, орналастырылған жарнамалар мен көрнекі ақпараттардың фотосуреттерін, орналасқан жерін көрсете отырып,  өткізуі тиіс. Өткізілетін шараға қоғамдық ұйым өкілдері, зейнеткерлер, мектеп оқушылары, сондай-ақ  аудан тұрғындары қатыса алады.

Акция барысында аудан тұрғындары мынаны басты назарда ұстанғандары жөн: ҚР Тілдер туралы заңының 21 бабы бойынша, яғни,   сыртқы жарнаманың орналасу тәртібі мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағында немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылуы, мәтіндердің өзге тілден мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы, көптеген грамматикалық, орфографиялық, лексикалық қателер кездескен жағдайда суретке түсіріп,  нысанның мекен-жайын, атауын, сондай-ақ өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс телефондарыңызды жазып мына kultotdel_shetsk@mail.ru. электронды мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз. Маусым айында барлық жинақталған мәліметтер бойынша қорытынды жасалып, акцияға белсене қатысушылар арнайы марапатталады.

Сіздердің белсенділігіңіз ауданымыз үшін маңызды. Ауданымыздағы тіл мәртебесін арттыруға, қолданыс аясын кеңейтуге, тіл саясатын насихаттауға, тіліміздің байлығы мен көріктілігі, сауаттылығы  үшін атсалысыңыз. Тіл тазалығын сақтау сіз бен біздің ортақ борышымыз екенін ұмытпағанымыз жөн!

Толық мәліметті Ақсу-Аюлы ауылы 39 үй мекен-жайында орналасқан «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі, «Ұлағат» «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің  8(71031) 21880 (факс),  22236  байланыс телефондары  арқылы  хабарласуға болады.

«Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ


Келулердің саны: 1523


Жоғары