print

Красная поляна ауылдық округіндегі «Гаражная », «Звездная», «Ленина», «Набережная» көшелер атауын өзгерту туралы көше тұрғындармен өткізілген қоғамдастық жиналыстың

ХАТТАМАСЫ №1

Красная поляна ауылы                                            25.12.2017 жыл

 

Жиналыс төрағасы - С.Макажанов – Красная поляна ауылдық округінің  

                                                                     әкімі;

Жиналыс хатшысы – Ж.Омарова –     Красная Поляна ауылдық округ әкімі

                                                                     аппаратының бас маманы;

 

Қатысқандар: Красная поляна ауылының көше тұрғындары, жергілікті қауымдастық мүшелері, қоғамдық ұйымдар.

Қатысқандардың жалпы саны:                 65 адам.

 

Күн тәртібінде:

  1. Красная поляна ауылдық округіндегі идеологиялық тұрғыда ескірген «Гаражная», «Звездная», «Ленина », «Набережная» көшелерін қайта атау туралы.

Тыңдалды: Красная поляна ауылдық округінің әкімі С.Макажанов: Құрметті тұрғындар! ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» және Елбасының 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес ономастикалық жұмыстарын жүргізу бойынша бүгін Красная поляна ауылдық округіндегі идеологиялық тұрғыда ескірген «Гаражная», «Звездная», «Ленина», «Набережная» көшелерін қайта атау мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Осыған орай өз ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

        Сөз ұсыныс, пікірін білдірушілерге берілді.    

        Карыбаев Акбар- Красная Поляна ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы: Кеңестік дәуірде өктемдігін жүргізгендер өз идеологиясын санамызға күштеп тықпалай берген. «Гаражная», «Звездная», «Ленина», «Набережная» көшелері де соның айғағы емес пе. Қалалардың өзінде орысша атау сіресіп тұр ғой. Ескірген мән-мағынасыз атауларды ауыстырсақ, біз де шаңнан бір сілкініп, тазарар едік.

        Курманбаев Аманжол – ауыл тұрғыны: Мен сіздердің ойларыңызға толығымен қосыламын «Гаражная», «Звездная» көшелерін   «Бірлік», «Сарыарқа» көшесіне ауыстырайық.

        Мусина Бибісара – ауыл тұрғыны: Мен де сіздердің ойларыңызға толығымен қосыламын «Ленина», «Набережная» көшелерін «Байқоңыр», «Нұра» көшесіне ауыстырайық.


Келулердің саны: 886


Жоғары