voting
print

Шет ауданы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылатын іс – шаралар туралы ақпарат

...

Қазақстан халқының бірлігі күнін Шет ауданында атап өту Қазақстан Республикасы Мерекелік іс-шараларды өткізу тұжырымдамасына сәйкес және Президент Әкімшілігі мен облыс әкімдігінің ұсыныстарына сай жүргізілді.

         Мерекеге орай ауданның барлық ауылдық округтер мен кенттері тақырыпқа сай безендіріліп, аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, ауданымыздағы 24 ауыл, кент округтерінде 24 тартпа ілініп, оның ішінде Ақсу-Аюлы ауылдық округінде, Ақадыр, Ақжал, С.Сейфуллин, Мойынты кенттерінде 30 банер, 200 жалауша орнатылды.

                  Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудан орталығы, Ақсу-Аюлы ауылында және Ақадыр, С.Сейфуллин, Ақжал кенттерінде «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» атты мерекелік шеру ұйымдастырылды. Осы күні ауылшаруашылығы жәрмеңкесі, ашық ресторан, «Достық шаңырағы» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің салт- дәстүрі, әндері, ұлттық киім үлгілері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарынан көрме жәрмеңкесі, бауырсақ шоу фестивалі өткізілді.

           Сондай-ақ «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикалық тізбеге енгізілген ұлттық қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі «Ұлағат» Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен атқарылды.

          Шеруге аудан бойынша барлығы 5 мыңға жуық тұрғындар (мекеме, кәсіпорын қызметшілері, ақсақалдар мен әжелер, мұғалімдер, оқушылар, студенттер, дәрігерлер) қатысты.   Мереке барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектепттеріне 2 газел автокөлігінің кілтін табыс етті.        

                  Бұл күні тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында аудандық мәдениет үйінің алаңында аудандық орталық кітіпхана ұжымымен кітап көрмесі, сондай – ақ кәсіпкерлер мен сауда – саттық, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді.  

         Аталмыш мерекелік іс-шаралар: шеру, дөңгелек үстел отырыстары, мерекелік концерттер, қайырымдылық акциялары ауданның барлық елді мекендерінде мектепттері мен мәдениет үйлерінде, кітапханаларда ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар Шет ауданының 90 жылдығына байланысты 1-7 мамыр аралығында «Ұлт бірлігі ұлы байлық атты апталық жарияланды.

         Мерекеге орай ауданымыздағы «Шет шұғыласы» газетінде арнайы айдар ашылып, 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін насихаттайтын мақалалар жарияланды.

         Мереке кезінде ауданның ішкі істер, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан кезекшілік шаралары ұйымдастырылды.

         1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні Ақсу-Аюлы ауылында өткізілген шараны ақпараттық қолдау үшін «Қазақстан Қарағанды» телеарнасы арнайы шақыртылды.

  

  


Келулердің саны: 1433


Жоғары