print

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Х-аудандық жеңіл атлетикалық жарысы өтті.

...

Жарыс 2018 жылдың 01 мамыр күні Шет ауданы орталығы, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт алаңында сағат 9-00 де басталды.

Жалпы аудандық біріншілік төрт топқа бөлініп өткізілді I-топ 6-7 сынып қыздар 800 м, ұлдар 1000 м, II-топ 8-9 сынып қыздар 1000 м, ұлдар 1500 м, III-топ 10-11 сынып қыздар 1000 м, ұлдар 2000 м, IV-топ 18-29 жас аралығы қыздар 1500 м, ұлдар 3000 м.

Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен, жалпы командалықта кубоктармен марапатталды. Жарысқа С.Сейфуллин, Дария, Ақшатау кенттерінен, Нұраталды, Тағылы, Киікті, Ақсу, Төменгі Қайрақты, Батық, Үңірек, Ақой ауылдарынан, Ақсу-Аюлы ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы, жалпы жарысқа 12 команда, 119 спортшы қатысты.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Х-аудандық жеңіл атлетикалық жарысының ашылу салтанаты сағат 12-00 де басталды. Жарыста құттықтау сөз, Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қаиыргелдіұлына сөз берілді.

Жалпы командалық есепте Батық ауылының командасы 1-орын, Нұраталды ауылының командасы 2-орын, С.Сейфуллин кентінің командасы 3-орынды иеленді.

  


Келулердің саны: 1878


Жоғары