print

БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ!

...

Шет ауданында достықты ұрандап шыққан тұрғындар саны осы күні 1000-нан асып жығылды

Түрлі ұлт өкілдерінің салт дәстүрі көрсетіліп, мерекелік шоу - концерт ұйымдастырылды. Биылғы мерекеде Астана қаласының 20, Шет ауданының 90 жылдығына және  Шортанбай жыраудың екі ғасырлық тойына ерекше басымдылық берілген.

Шет ауданында мереке  ұлттар мен ұлыстың басын қосқан  шерумен басталды. Ардагерлер көшті бастап, байкерлер мен велошабондоздар көк тудыжелбіретіп, аудандағы жасы да, жасамысы да  сап түзеп, аудан орталығындағы басты көшемен жүріп өтті. Олар татулықты ту етіп, бір үйдің баласындай «Бақыттың кілті бірлікте» деп ұрандады.

Шеруге қатысушылар мәдениет үйінің алдына  аялдады. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары қойылып,  салт - дәстүрі дәріптелді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолөнершілердің жәрмеңкесінде көз тартар еңбектерді тұрғындар арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде тұрғындар қап - қабымен көкөністерді сатып алып жатты.

Сахнада өнерпаздар орыс, украин, беларусь, шешен, татар  ұлтының биін билеп, сахнаның сәнін келтірді. Аудан әкімі бастаған жұртшылық ән айтып, би билеп мерекелік күнге біркісідей атсалысты.  Ал, Қазақстан эстрадасының жұлдызы, бүгінде түрлі хит әндердің авторы  Нұрболат Абдулиннің мерекеге қатысуы нағыз тосын сый болды.

Бұдан бөлек аудан тұрғыдары жүгіру, гір көтеру, күрес тәрізді спорттық ойындардан өзара додаға түсті.


Келулердің саны: 1366


Жоғары