print

«Би әлемі» байқауы

...

Шет ауданының Жастар ресурстық орталығымен Шет аудандық мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы Шет ауданының 90 жылдығы аясында аудандық «Би әлемі» фестивалі өткізілді. Байқауға  Ақсу- Аюлы,С.Сейфуллин,Жұмыскер,Мойынты,Нұраталды, Талды ауылдарының бишілері қатысып өз бақтарын сынады.Байқау 5-8 жас (кіші топ),9-12 жас (орта топ),13-16 жас (үлкен топ) өткізілді.Жалпы алғанда 13 би тобы өз өнерлерін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша Сәуір айының 28 күні Қарағанды қаласында өтетін облыстық байқауға 5-8 жас(кіші топ), аралығындағы бишілерден «Жұлдыз ай»би тобы жолдама алды.9-12 жас (орта топ), аралығындағы бишілерден Мойынты ауылынан келген «Көркем»би тобы облыстық байқауға жолдаманы женіп алды. 13-16 жас (үлкен топ) аралығындағы бишілерден «Нұр шашу» би тобы жолдаманы женіп алып мерейлері үстем болы.Байқау женімпаздарына арнайы  Алғыс хаттармен бағалы силықтар табыс етілді.Женіске жеткен бишілерімізге облыстық сайыста толағай табыстар мен женіс тілейміз.

 

Шет ауданының Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.


Келулердің саны: 802


Жоғары