print

Волейболдан ерлер арасында «Nova Цинк» ЖШС-нің кубогына арналған ашық турнирі өтті.

...

Турнир 2018 жылдың 21 сәуір күні Шет ауданы Ақжал кенті Ә.Сәлімбаев атындағы спорт кешенінде сағат 9-00 де басталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер «Nova Цинк» ЖШС-нің арнайы грамотасымен, медальдарымен, кубогтармен және ақшалай сыйлықтармен, марапатталды. Турнирге Астана, Өскемен, Қарағанды, Балхаш, Теміртау, Приозерск қалаларынан, Қарқаралы, Баянауыл, Ақтоғай аудандарынан, Ақжал кенті 2 команда, Ақсу-Аюлы ауылы 2 команда, жалпы жарысқа 13 команда, 104 спортшы қатысты. Волейболдан ерлер арасында «Nova Цинк» ЖШС-нің кубогына арналған ашық турнирінің ашылу салтанаты сағат 10-00 де басталды. Турнирде құттықтау сөз, «Нова Цинк» ЖШС-нің бас директоры Асан Юржанұлына, Шет ауданы әкімінің орынбасары Азамат Азатұлына, Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі ұстаз волейбол жаттықтырушысы Марат Шакенұлына сөз берілді. Жалпы Біріншілікте Ақжал кентінің командасы 1-орын алып 300 мың теңге. Қарағанды қаласынан келген Шабанбай би командасы 2-орын алып 150 мың теңге. Теміртау қаласының командасы 3-орын алып 100 мың теңге. Баянауыл ауданының командасы 4-орын алып 50 теңге ақшалай марапатталды. Ең үздік ойыншы атағын Кулиев Рустам, үздік шабылушы атағын Гречка Женя, үздік байланыстырушы атағын Байсенов Әсет, үздік алмастырушы атағын Дүйсекев Ертай, осы спортшыларға 10 мың теңгеден ақшалай марапатталды.

  


Келулердің саны: 1578


Жоғары