print

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадамында»

Қазіргі уақытта мемлекетіміздің экономикасын қалыптастыруда шағын және орта бизнес өкілдеріне айрықша көніл бөлінуде.

          Мемлекетіміздің 30 дамыған елдер қатарына ену мақсатындағы Ел басының бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамында» да бизнестің даму жолдары белгіленген.

        Елбасының ағымдағы жылы Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында, осы кәсіпкерлік саласының дамуына негіз болатын міңдеттер  белгіленіп оның Заң аясында қорғалуына жағдайлар жасалуда.

          Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің төртінші бастамасында шағын несие беруді көбейту бойыншада алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізу үшін, қосымша қаражат қарастыру тапсырылған.   

Аудан экономикасынын негізгі бағыты ауылшаруашылық саласы болғанымен, экономикалық өркендеуіне өнеркәсіп саласы мен шағын және орта кәсіпкерлік саласының алатын орны ерекше.

         Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында  2017 жылдың қорытындысымен 2647 құрылым тіркелсе, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 2640 құрылым тіркеліп, 2017 жылдын сәйкес мерзімінен 109,0 пайызға артып отыр. Осы салада жұмыс істейтіндер саны 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4486 адамға жетсе, осы жылдың бірінші тоқсан қорытындысымен 4492 адам жұмыспен қамтылып, 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 100,5 пайызға өсті.  2018 жылдың 1 қаңтарына осы салада өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 20830,7 млн.теңгеге жетсе, 2018 жылдың 1 сәуіріне көрсеткіш 5204,7 млн. теңгеге орындалып,  2017 жылдың сәйкес мерзімінен  105,1 пайызға орындалды.

         2018 жылдың қорытындысымен осы салада тіркелген құрылым санын 2665 бірлікке, жұмыспен қамтылғандар саның 4511 адамға, өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемін 21416,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

          2017 жылы аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласында біршама нысандар іске қосылды. Атап айтсақ, Талды, Өспен округтарында тойхана, Ақжал және Ақадыр кенттерінде қоғамдық монша, Ақсу-Аюлыда сауда үйі, Ақой ауылдық округінде және Ақадыр кентінде шағын дүкендер іске қосылды. Сонымен қатар, 2018 жылы аудан көлемінде кәсіпкерлік саласында біршама нысандар іске қосылмақшы. Аудан кәсіпкерлерінің жетістіктері, іске асырылған жобалар және жаңадан ашылған құрылымдар жөнінде мақалалар жергілікті газет бетіне тұрақты түрде жариялануда.

           Жалпы аудан бойынша 2017 жылы өз ісін дамытуға және ашуға әр түрлі несиелік серіктестіктермен қорлардан 1081,4 млн. теңге көлемінде несие алынды (2016 жылы – 610,0 млн. теңге). Оның ішінде ауданында жұмыс істеп тұрған «Шет көмек» несиелік серіктестігінен өз ісін ашуға және дамытуға 2017 жылы 266,3 млн. теңге көлемінде несие алынды.

Алынған несие салалар бойынша:

Малбастарын асылдандыру мен көбейтуге – 928,6 млн. теңге;

Кәсіпкерлік құрылымдарды ашуға және кеңейтуге – 110,8 млн.теңге;

Қызмет көрсету түрлерін кеңейтуге – 42,0 млн. теңге.   

           2017 жылы өз ісін ашып, кәсіпкерлік бастамашылығы бар аудан тұрғындарына Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 199 қатысушы оқып, сертификат алды.  2018 жылы да осы жұмыстар өз жалғасын тауып, ұйымдастырылмақшы.     

           «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылған кезеннен бастап 2011 - 2015 жылдар аралығында 210,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылып, 83 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, 2016 жылы бағдарлама аясында  шағын несиелік ұйымдар арқылы 25,0 млн. теңгеге  5 жоба жүзеге асырылды. Осы жобалар бойынша 9 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарлама аясында жүзеге асыру үшін жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар ұйымдастырылып, ауылдық округтармен кент әкімдерімен тығыз байланыста жүргізілуде.

           Сонымен қатар, бағдарлама аясында берілетін грантқа 2016 жылы жеке кәсіпкер Бахытжанқызы Сәуленің «Сән салонын ашу» жобасы женімпаз атанып, 500 мың теңгеге грант иегері болып анықталса. 2017 жылы жеке кәсіпкер Разуан Сая «Наубайхана ашу» жобасы бойынша 3,0 млн. теңге грант ұтып, жобасын Қызылқой ауылында іске асыруда. Жоба иесі ағымдағы жылы Қызылқой ауылында шағын наубайханасын іске қосуды жоспарлауда.

           Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ауданда құрылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне жетіспейтін инфрақұрылымдарды тарту үшін Бұрма және Ақой ауылында құрылған кооператив иелерімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда жобалар бойынша қажетті құжаттар жинақталуда, алдағы уақытта құжаттары облыстық Үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылады. Жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымдарын тарту үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру жоспарлануда. 

          Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына қолдау көрсету және өз істерін ашуға серпін беру мақсатында аудандық бюджеттен 2015 жылы және 2017 жылы 5,0 млн. теңге көлемінде аудан әкімдігінің гранты берілді. Қатысқан үміткерлер ішінен комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталып, тиісті қаражаттарын алып, өз істерін жүргізуде. Жобалар негізінен бүгінгі күнде әлеуметтік маңызы бар, ауданға қажетті деген бағыттарды  қамтыды (наубайхана, аяқ-киім және ұялы телефон жөңдейтін орталық, үлкен форматтағы баннер шығаратын цех, жылыжай, тігін ісі, т.б. салалар қамтылды).

          Үкімет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды жергілікті кәсіпкерлер арасында түсіндіру үшін аудандық кәсіпкерлік палатаның кеңесшілерімен және аудандық тиісті бөлім қызметкерлерлімен бірлесе ауылдық округтармен кенттерде 2017 жылы 12 кездесу өткізілді. Ағымдағы жылдың ақпан - наурыз айларында Ақадыр кентінде және Ақсу-Аюлы, Тағылы, Т.Қайрақты ауылдық округтарының кәсіпкерлерімен кездесу өткізіліп, кездесу барысында салық кодексіне, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістер бойынша және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолданылып жатқан жаңашылдықтар туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап аудан орталығындағы  мектептердің жоғарғы сынып оқушыларын  аудан орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен таныстыру шарасы ұйымдастырылуда. Бұл шара арқылы оқушыларды кәсіпкерлікке баулып, беуімдеу көзделуде. Және де аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілерімен бірлесе мекетептерде кездесулер өткізіліп, оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  

          Аудан көлемінде мемлекеттік жекешелік әріптестік негізде жобаларды іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, жобалар тізбесі қалыптастырылған. Алдағы уақытта жобаларды іске асыру үшін қатысты бөлім басшылары облыстық басқармаларымен жұмыстар жүргізеді.

          Елбасының ағымдағы жылы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында атап көрсетілген «Цифрлы Қазақстан» және «Smart City» бағдарламалары аясында бүгінгі күнде ауданда кәсіпкерлері өз істеріне енгізіп, жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, «Нұржол» дүкенінің иесі Ахтаев Б. «Интернет дүкені желісін» ашса, жеке кәсіпкер Қасым М. жаңадан іске қосылған «Бақыт» сауда үйіне пос-терминал құралдарын сатып алып, алдағы уақытта іске қосуды жоспарлауда. Осы жұмыстармен қоса аудандағы ірі елді-мекендерде орналасқан дүкендерде және жол бойында қызмет көрсететін нысандарда қызмет көрсету деңгейін арттыру бағытында әр-түрлі жаңашыл технологияларды енгізу үшін жергілікті әкімдермен және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

          Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК –ның қалыптастырған тізімінде аудан үстінен өтетін Республикалық маңызы бар тас жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың ішінде ауданнан 10 нысанмен жұмыс жүргізу тапсырылған. Оларды С-Д санаттарына жеткізу бойынша өткен 2017 жылы тиісті облыстық басқармалармен және ауыл, кент әкімдерімен бірлесе жұмыстар жүргізіліп, белгіленген санттарға жеткізілді.

Ауданда сандық технологияларды қолдану біртіндеп ене бастаған. Кәсіпкерлер сандық технологиялардың өз кәсіптерінде енгізудің артықшылықтарына көз жеткізуде.

Атап айтсақ, «Zoodel» компаниясы «Қазпошта» АҚ-мен бірге «Zoodmall.kz» жаңа қосымшасын іске қосты. Енді аудан тұтынушылары мен кәсіпкерлері осы қосымша арқылы тауарларға тапсырыс беріп, өз өнімдерін де әлемнің барлық елдеріне саудаға шығара алады. Lamoda.kz тұтынушылары да өздерінің тапсырыстарына ҚазПошта желісі арқылы қол жеткізуде.

Көптеген кәсіпкерлер әлеуметтік желілерде парақтарын ашып, сол арқылы жұмысын жүргізуде.

          Алайда, ауданымызда шағын және орта бизнес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар, кемшіліктерде жоқ емес. Бүгінгі күнде экономиканың басым бағыттын бірі халыққа қызмет көрсету түрлері баяу дамуда оның ішінде: ет, сүт өнімдерін, жүн, тері өңдейтін жобалар ауылдық округтармен кент әкімдері тарапынан ұсынылмауда.  Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандардың сырт келбеті, қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Осы жұмыстарды қолға алып, аббаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, кәсіпкерлер тарапынан қолға алынбауда. Алдағы уақытта тиісті мекемелер тарапынан Заңдылықтар аясында шаралар қабылдау қажет. 

          Мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті кәсіпкерлердің қатысуын арттыру үшін ауылдық округтармен кенттер әкімдері жанынан құрылған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту комиссияларының жұмысын жүйлендіру қажет. Ағымдағы жылы ауылдық округтармен кент әкімдеріне Мемлекеттік бағдарламалар (ҮИИД, «Бизнестің жол картасы 2020») аясында жұмыстар жүргізу үшін тиісті қатынастар жіберілген. Алайда, 2017 жылдың бірінші тоқсаны өтседе әкімдіктер тарапынан бірде – бір ұсыныс түскен жоқ.

          Осы іс – шаралар жергілікті жерде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.


Келулердің саны: 960


Жоғары