print

Мектеп оқушыларымен өткізілген іс – шара.

...

Қазіргі уақытта мемлекетіміздің экономикасын қалыптастыруда шағын және орта бизнес өкілдеріне айрықша көніл бөлінуде.

Мемлекетіміздің 30 дамыған елдер қатарына ену мақсатындағы Ел басының бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамында» да бизнестің даму жолдары белгіленген.

Еліміздің болашығы жастар, осы мақсатта 2017 жылдан бастап аудан мектептерінің оқушыларын кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен таныстыру шарасы ұйымдастырылуда. Бұл шараны ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ұйымдастырып, әр саладағы кәсіпкерлердің жұмысымен таныстырылды. Бұл шара арқылы оқушыларды кәсіпкерлікке баулып, беуімдеу көзделуде. Және де аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілерімен бірлесе мекетептерде кездесулер өткізіліп, оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

   

Кездесу барысында оқушыларға Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылы Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында атап көрсетілген сандық технологияларды қолданысқа  біртіндеп енгізу бойынша түсіндіріліді. Оқушылар тарапынан алдағы уақытта кәсіпкерлік саласында осы бағытта жобалар ойластыру түсіндірілді. 

Осы іс – шаралар жергілікті жерде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.

   


Келулердің саны: 1893


Жоғары