print

2018 жылға Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген) № 412 бұйрығына сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға Шет ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А.Әбілдинге жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Келулердің саны: 1222


Жоғары