print

Ұлыстың ұлы күні

...

Жер ананың алпыс екі тамырын иіткен әз Наурыз биыл Шет ауданына қуанышымен келді. 

Ұлыстың ұлы күні - Шет ауданына да көктемгі жадыраңқы көңіл-күй алып келді

Дəстүр мен татулықтың тойын мерекеге  жиналған жұрттан аңғаруға болады. Биыл наурыз мерекесі Астананың -20 жылдығы, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы мен қатар  ауданның құрылғанына 90 жылдықпен тұстап-тұс келіп отыр

Алты қанат ақбоз үй тігіліп, қазақтың ақ дастарханы кеңінен жайылды. Ынтымақ пен ырысты ілестіріп, Наурыздың науша көші келді.

Аудан орталығындағы Ұлы мейрам тоқшылық пен берекенің белгісі болған тайқазан төрге қойылып, қыдыр атаның ақ тілек төгуімен басталды. Осы сәтте, ұлттық нақышта киінген өнерпаз жастар күмбірлеген күймен, жырдан шашу шашты. Ұлы тойда сырдағы мен қырдағы жұрт бөркін аспанға атып, асыр салды. 


Келулердің саны: 1351


Жоғары