print

Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған қазақ күресі, қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру, аударыспақ жарыстары өтті.

...

Біріншілік 2018 жылдың 22 наурыз күні қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру жарыстары Ақсу-Аюлы ауылының Мәдениет үйінің аланыңда, қазақ күресі Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында, аударыспақ Ақсу-Аюлы  ауылында Құмжон көшесі бойындағы көкпар,  аударыспақ аланыңда өтті. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет аудынының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен және бағалы сыйлықтармен, марапатталды.  

                 Аталмыш жарыстарға Ақшатау кенті, Нұраталды, Үңірек, Шопа, Еңбекшіл, Қармыс, Ақсу-Аюлы ауылдарынан, жалпы  7  команда, 122 спортшы  қатысты. Жарыстарды дайындауға және оны өткізуге байланысты жалпы басшылықты Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан жүргізілді.

             


Келулердің саны: 2111


Жоғары