print

Егер сіз жылжымайтын мүлік және/немесе көлік құралын сатуды шешсеңіз сізге салық төлеу керек пе?

Жылжымайтын мүлікпен байланысты бизнес неғұрлым пайдалылардың бірі. Жылжымайтын мүлікті жалдаумен байланысты мәмілелер әрдайым ерекше назарда. Алайда, осы мәмілелердің барлық қатысушылары бірдей жылжымайтын мүлік объектілерін жалдауда салық салу қағидаттарымен таныс болмауы мүмкін. Сондай-ақ осы мақалада жылжымайтын мүлікті сатудағы салықтарды қарастырамыз.

Егер сіз жылжымайтын мүлік және/немесе көлік құралын сатуды шешсеңіз сізге салық төлеу керек пе?

Егер сіз меншік құқығында меншік құқығын тіркеген күннен бастап 1 жылдан артық болатын мүлікті және/көлік құралын сатсаңыз, онда мүліктік табыс туындамайды, сәйкесінше жеке табыс салығы бойынша декларация ұсыну талап етілмейді.

Бірақ, егер сіз меншік құқығын тіркеген күннен бастап 1 жылдан аз мүлік және/немесе көлік құралын сатсаңыз, мүліктік табыс туындайды, ол пәтерді өткізу құны және оны сатып алу құны арасындағы оң айырмашылық ретінде анықталады. Осындай табысқа сізге жеке табыс салығы бойынша декларацияны осындай табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсыну және осындай табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей  10 % мөлшеріндегі жеке табыс салығын төлеу қажет.

Жылжымайтын мүлікті жалға беру үшін ЖК болу міндетті емес

Бірінші кезекте жылжымайтын мүлікті жалға тапсыруға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар да құқылы. Тіркеу нысаны – патент бойынша ЖК, оңайлатылған декларация бойынша ЖК немесе заңды тұлға  - төленуге жататын салық мөлшеріне ықпал етеді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға жылжымайтын мүлікті жалға берген кездегі бірінші жағдайды қарастырайық.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабына сәйкес жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

Өз кезегінде мүлікті жалға беруден алынған табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады.  Салық сомасы табыс сомасынан 10% құрайды. Бастысы бұл жағдайда салықты жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, яғни келесі жылдың 31 наурызына дейін төлеу керек. 


Келулердің саны: 1938


Жоғары