print

Соңғы жылдары жеке автокөліктерімен такси қызметін көрсетушілер қатары көбейіп, заңсыз кәсіпкерлік қанатын кеңге жайды

Такси, яғни автокөлікпен жолаушы тасымалдау «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі.

Аталған заңда жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіп иелері мен заңды тұлғаларға бірнеше нақты міндеттер қойылған. Соның ең бастысы - жеке көлігімен жолаушы тасымалдайтын дара тұлғалар жергілікті салық органына кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Өкінішке қарай, біздің көбіміз заң талабын білсек те оған мән бере бермейміз. 

Салық кодексіне өзгерістер енуіне байланысты, ендігі жерде белгілі бір кәсіптен пайда тауып, тиісті салығын төлемей жүрген ағайындарға айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылады.

 Заңсыз кәсіппен айналысып, салығын төлеуден қашқақтап көшелердегі бейнебақылауларға түскен такси автокөліктерінің нөмірлері көрсетілген суреттер  оларға нақты айғақ бола алады. Бұл суреттерді облыстық ішкі істер департаменті салық басқармасына әр айдың ортасы мен соңында беріп тұрады. 

Төккен тердің төлеуін көшеден-ақ байқауға болады. Көліктердің ішінен такси белгісі бар автокөліктерден көз қарығатын. Әсіресе, «такси» деген  жазу бар жеке көліктер халық көп жиылатын жерлерде шоғырланып, көшедегі қоғамдық көліктердің жүріп-тұруына да кедергі келтіретін. 

 – Салық төлеуден жалтарып, қашып-пысып жүргенше, ең оңайы кәсіпкер болып тіркелу. Оның ішінде арнайы салық режимін таңдап, патент ретінде тіркелу қажет. Жалпы, патент дегеніміз негізінен белгілі кәсіппен айналысуға құқық беретін құжат.

 Дара кәсіпкер болып салық органында тіркелуге азаматтар 2 еселенген есептік көрсеткіш мөлшерінде төлейді. Сонымен қатар оңайтылған салық режимін таңдайды, таксистке тиімдісі  патент, демек бұл түрде бір адам жұмыс жасайды, бақылау-касса машинасын қолданбайды. Патент салық төлеуші арызында көрсеткен мерзімге байланысты, бір айдан он екі айға дейінгі аралыққа беріледі. Сонымен қатар, арызында табысын салық төлеуші өзі көрсетеді. Мысалы, таксист табысын арызында 1 айға 100000 теңге деп көрсетсе, оның салығы  2000 теңгені құрайды (100000*2%=2000). Кәсіпкер болып тіркелгеннің тиімділігі өз зейнетақы қорына өзі қаражат жинай алады. 

Бұған қоса, мұнан былай арнайы автотұрақтарға тек салық органына тіркелген кәсіпкерлер ғана тұрақтай алатын болады.

"Қоғамнан қанша пайда түсірсең, соған орай салығыңды төлеуге тиіссің деген қағидамен өмір сүруі тиіс” . Жалпы, мемлекетке салық төлеу – жылжымайтын мүлігі, көлігі және пайда әкелетін кәсібі бар кез келген адамның міндеті екендігі баршамызға белгілі. Солай бола тұра салғырттыққа салынушылар да бар. 

Мемлекеттік салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде реттеуші рөлін атқарады. Бүгінгі таңда кәсіп арқылы қызмет көрсетіп, онан пайда тауып, тиісті салығын төлемейтіндер аз емес. Мысалға, Ауданда тас, топырақ, көң және кірпіш тасымалдаумен айналысып жатқан жеке тұлғаларды алайық. Олар да өз қызметі арқылы табыс тауып, отбасын асырайды. Салықтарын төлемейді, сөйте тұра қаламызда  жақсарып жатқан әлеуметтік жағдайларды жұртпен бірге пайдаланады. Тас, топырақ, кірпіш тасымалымен айналысып, қаланың жолдарын бүлдіретіндер де осылар. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда өңір тұрғындарына өнері арқылы қызмет көрсететін жергілікті асабалар мен әнші-бишілер, фотогрофтар сондай-ақ сырттан арнайы шақыртумен келетін есімдері елге танымал шоу-бизнестің өкілдері – атақты әншілеріміз де Сыр елінде өтетін тойдан тапқан табысының белгілі бір бөлігін заңды түрде салық ретінде төлеуге міндетті. Мәселен, дамыған елдерде салық саясаты өте қатал. Онда кім қанша пайда түсірсе, соған орай салығын төлейді.

Асабалық қызмет көрсетіп жүрген жеке тұлғалардың жанында бірнеше адамнан тұратын өнерпаз топтары бар екендігі бәрімізге белгілі. Осы асабалардың оншақтысы ғана кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, егер кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жеке тұлғаларға хаттама толтырылып, материал процессуалдық шешім қабылдау мақсатында сот органдарына жолданады.. Ал салық органына кәсіпкер ретінде тіркелмей, көлеңкелі бизнеспен айналысып жүрген тұлғалар Заңнамаға сәйкес жауап береді.


Келулердің саны: 2142


Жоғары