print

2018 жылдың 21 ақпанында Шет ауданы әкімдігі ғимаратында «Электронды құжат айналымы жүйесі», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау тақырыптарында семинар

Шет ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруымен семинар өткізілді

 

2018 жылдың 21 ақпанында Шет ауданы әкімдігі ғимаратында «Электронды құжат айналымы жүйесі», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары және мемлекеттік мекемелердің мамандарымен іс жүргізушілері  қатысты.

Семинар барысында «Электронды құжат айналымы жүйесі» туралы,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, «Тиімді өтініштер қоғамына» пилоттық жобасы туралы, ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) ұғымы және оның пайдасы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментімен осы бағытта жасалып жатқан жұмыстары туралы, ауданның мемлекеттік мекемелерінде, ауылдық округтері мен кенттерінде ақпараттық жүйелерінің пайдалануы, ауданның мемлекеттік мекемелерімен ауыл, кент әкімдері аппараттарындағы бірінші басшылар мен мамандардың ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар қорытындысымен Шет ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Стыбаев Орал Зәмірбекұлы тарапынан бірқатар тапсырмалар беріліп, қатысушыларға өткізілген семинарда пайдаланылған материалдар және кітапшалар таратылды.

  

 


Келулердің саны: 1509


Жоғары