print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің аппараты» MM -нің хабарландыруы 01.03.2018

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

 

E-G-3 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-G-3

69903

94148

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz, g.iglikova@karaganda-region.gov.kz, аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. С.Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, қызмет № 24-4):

Функционалдық міндеттері: Әкімнің өкімдерінің орындалысын қадағалау, мектеп, балабақша жұмыстарын қадағалау, білім беру саласы бойынша мониторинг жүргізіп отыру, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу, есептерін уақытылы тапсыру, анықтамалар беріп отыру, әкімдіктің қызметіне жүргізілетін рейтинг бойынша аудан әкімдігінің кеңсе, ұйымдастыру бөлімдеріне мәліметтер уақытылы тапсырып, мекемелерден, аудан орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат-хабарларға уақытылы жауап беріп отыру, барлық деңгейдегі сайлау жұмыстарын жүргізіп отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “білім” мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «білім»  мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдары” мамандықтары бойынша  білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. Ақадыр кенті  әкімі аппаратының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша бөлімінің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №25-4):

Функционалдық міндеттері: Энергетика салаларына байланысты жұмыстарды атқару,кент әкіміінің өкімін дайындау, ақпараттық-аналитикалық тәсілдерін игеру, экономикалық талдау жасау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметін үйлестіру. Кондоминимум жұмыстарын ұйымдастыру. Жолаушылар көлігінің жұмысын, автокөлік жолдарын пайдалану және ұстау барысындағы жұмыстарды үйлестіру, теледидар телекоммунникация қызметтерін жетілдіру бағытында жұмыстарды үйлестіру, болжау, жоспарлау. Су, жылу, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларының орындалысын қадағалау. Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуді қадағалау.

Жергілікті деңгейдегі су құбырларына ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға тиісті құжаттарды дайындау. Құрылыс немесе күрделі жөндеу жүргізілген су құбырларын қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; Коммуналдық қызметтің төлем ақысының жиналымын ұйымдастыру, жүргізу, мониторингісін жасау. Қыс айларында жылу беретін қазандықтардың қалыпты жұмысын және бюджет мекемелеріне көмір түсірілуін қамтамасыз ету.

Кентті көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру, санитарлық тазалық жөнінен әрбір мекеме-кәсіпорындармен бірігіп, жұмыс атқару, сенбіліктер, «таза бейсенбі» шараларын ұйымдастыру және санитарлық тазалық қадағалау басқармасы, кенттік полиция бөлімшесі, ветеринарлық станциясы мамандарымен біріге рейдтік тексерістер ұйымдастыру.

Білімі – жоғары “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша  (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

Нысан

 

___________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

 

________                                        ____________________________________

(қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.


Келулердің саны: 2151


Жоғары