print

С. Сейфуллин кент әкімінің есеп беруі

Құрметті кент тұрғындары!

Құрметті жиынға қатысып отырған  қонақтар!

 

Кент тұрғындарының саны барлығы 3787 адам, оның ішінде 87 пайызы қазақтар, қалған 13 пайызы 22 ұлт өкілі.

Кентте  зейнетақы,  әлеуметтік  жәрдемақы  алатындар  саны –   506

              оның ішінде   жасына  байланысты  зейнеткерлер  –  315

                                                 І топтағы   мүгедектер   саны  – 7

                                                  ІІ топтағы  мүгедектер  саны  – 50

                                                 ІІІ топтағы  мүгедектер  саны  – 35

                                     асыраушысынан  айрылған  отбасы  –  35

                                                                   соғыс  ардагерлері  – 1 Бейбіт уақытта кеңес әскері қатарында мүгедек болып қалғандар  – 2

                                                    Ауған соғысына қатысқандар   –  3

             Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар   –  1

                                                         репрессияға ұшырағандар   –  1

                                                 Алтын,  Күміс  алқалы  аналар  –  74

                                               бала  жасынан  мүгедек балалар –   16

                                       мектеп   жасындағы   балалар  саны  –  708

                                             мектепке  дейінгі  балалар  саны –  382

               4 және  одан  да  көп  баласы  бар  аналар  саны  – 188

 

                                    Демографиялық жағдай

2016  жылы жаңадан дүниеге келген балалар саны - 52 болса, 2017 жылы 54 бала дүниеге келген.

2016 жылы қайтыс болғандардың саны - 20 болса, 2017 жылы – 26 адам дүниеден озған.

2016 жылы 4 отбасы-23 адам көшіп кеткен болса, 2017 жылы 11 отбасы- 46 адам.

2016 жылы 5 отбасы-26 адам көшіп келген болса, 2017 жылы 12 отбасы-50 адам.

 

 

 Әлеуметтік сала

         2017 жылы атаулы  әлеуметтік көмек алушылар саны –4 отбасы, барлығы 20 адам. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны 2016 жылы - 75 отбасы, 232 бала  алған болса, 2017 жылы 57 отбасы, 194 бала алып отырды. Күнкөрістері кедейшілік деңгейінен төмен адамдарға мемлекеттік емес табыс көздерінен 20 адамға әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек жүйесін оңтайландыру  мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек  түрі енгізіледі. «Қолма-қол ақшаны бақылау шотына»  түскен қаражаттан 1 желтоқсан- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін»  және «Жаңа жыл»  мерекесін атап өту барысында аз қамтылған  отбасыларының балаларына және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 280 000 мың.көлемінде сый-сияпат көрсетілді.       

    Елбасы тапсырмасына орай елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру қарқынды түрде қолға алынды. Қазір бағдарламаға байланысты төрт негізгі бағыт бар: біріншісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру, екіншісі – барлық салада цифрлы технологияны енгізу, үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болса, төртіншісі – IT мамандарды даярлау.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының «Е-халық» ақпараттық жүйесі - ауылдық округтер әкімдерінің шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы. Ол халықтың саны мен құрамын ескеру, ауыл бюджетін қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау үшін пайдаланылатын болады. 2017 жылдың екінші жарты жылдығында аталған жүйе іске қосылды. Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ бұл ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізу арқылы, азаматтар ауылдық әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркеліп, қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алатындарын жан-жақты біле алады.

 Жұмыссыздар тіркеуіне тұруға өтініш жасаған барлығы 196 адам,   оның  ішінде жұмыссыздар саны-50, жұмысқа орналасқаны- 42, жастар практикасына қатысқандар -2, қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру курсында оқығандар-  11, жоспарланған сұранысқа сәйкес 46 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта аудандық жұмыспен қамту бөлімінде 29 жұмыссыз тіркеуде тұр.

Кент бойынша 2017 жылдың 1қарашасынан  бастап  өрт  сөндіру  бекеті жұмысын  бастады, жұмыссыздар арасынан  6  адам жұмыспен қамтылды.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен  айналысу» жол картасы бағдарламасының үшінші   бағыты  бойынша кентте көше жарық нүктелері орнату   барысында тіркеуде тұрған 4 жұмыссыз жұмысқа тартылды. Айлық жалақысы 55 мың  теңгені құрады.    

        Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы  № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде     «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқытуды  «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында  жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 8 азамат оқып  сертификат  алды. Оқу барысында әрқайсына 16750 теңге көлемінде  шәкіртақы төленді. Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша мал шаруашылығымен айналысуға кент тұрғыны Дүйсембай Қайырбек  2 млн. 400 мың теңге, Бұхабай Назипа 1млн. 500 мың.теңге, Ахметов Батырхан 3 млн. теңге, Сембек Рымқұл 3 млн.теңге, Манай Кенжебай 2 млн.теңге  несие алып, мал өсіру шаруашылығымен айналысуда.  

            Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында алдағы 5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру міндетін қойды. Осыған орай, Үкімет Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп саласын дамытудың кешенді  бағдарламасын бекітті, оның  негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті агроонеркәсіп кешенінің өнімін нарыққа шығару болып  табылады. Елбасының осы тапсырмасын орындау мақсатында кент бойынша  2017 жылы «Адал бірлестік 2017» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрамы  құрылған болатын.  Кооператив  басшысы  Балғабек Абылай, құрамы 27 мүшеден тұрады. Кооператив мүшесіндегі 5 адам «Ырыс» бағдарламасының сүтті бағыты бойынша  жалпы соммасы 18 млн 700 мың теңге көлемінде несие алып, 63 бас ірі қара мал сатып алып, сүт өнімін өткізу бағытында жұмыстар жүргізумен айналысуда.

Кәсіпкерлік сала

    2016 жылы кентте 71 кәсіпкер тіркелген болса, 2017 жылы 1 кәсіпкер тіркеліп, кент бойынша 72 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Кәсіпкерлік саласында 211 адам жұмыс істейді.

     Бүгінгі таңда өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысам дегендерге жол ашық. Мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетіліп жатыр. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аз емес.

   Кәсіпкерлерге кәсіби көмек көрсету мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ - ның Шет аудандық филиалы кәсіпкерлікті қолдау орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы құрылып, кеңесшілер жұмыс атқаруда. Бұл ұйымдардың жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру, қандай несие түрлері бар екенін жеткізіп, бағыт-бағдар беру, бизнес жоспарлар әзірлеуге, кәсіпкерлерді алаңдатып отырған қиындықтарды шешуге жәрдемдесу болып табылады.

    Жыл басында бірінші кезектегі азық-түлік тауарларын сататын 20 дүкен иелерімен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығынан жеткізілетін азық-түлік түрлеріне 10-15% көлемінде үстемақы қосып,  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жақты меморандум жасалған, апта сайын мониторинг жүргізіледі.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, келесі 2018 жылы кент көлемінде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өз ісін ашып кәсіпкерлікпен айналысатындар саны арта түседі деп күтеміз.

 Кентте салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын қамту сияқты мәдени іс-шараларды өткізуге кент кәсіпкерлерінің тигізіп жатқан үлесі өте зор екендігін айта кеткен жөн.

Білім беру саласы

Жарық жалпы орта білім беру мектебінде барлығы 600 оқушы білім алады. Осы 600 оқушыға білім беруші мектепте 85 мұғалім еңбек етуде. 2017-2018 оқу жылында 39 класс- комплектісі болды. Өткен оқу жылында мектебімізге 11 PIC, 30 ноутбук берілді. Ноутбуктар  15-сі мультимедия,15-сі информатика дәрісханаларына қойылды. PIC- комплекттер –бастауыш, география, орыс тілі, математика, ағылшын тілі, технология, қазақ тілі,мультимедия, тарих дәрісханаларына қойылды.

Жарық жалпы орта білім беру мектебінде 25 балаға арналған шағын орталық ашылды. 1 млн 200 мың теңгеге жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп, бастауыш мектеп ғимаратынан арнайы кабинеттер жеке оқшауланып жасалды, ойыншықтар, төсек –жабдықтармен, керекті құралдармен қамтамасыз етілді.

Орта мектептегі білім беру деңгейіне тоқтала кетсек

2016-2017 оқу жылында 21 оқушы бітіріп, кәмелеттік аттестат алды.  ҰБТ-ға - 14 оқушы қатысты . 21 оқушының -14 жоғарғы оқу орнына түсті, оның 2 грантқа ие болды. 

Кентімізде орналасқан 50 орындық «Балдәурен»  бөбекжайы жұмыс істейді. Бөбекжайға 2 жастан бастап бүлдіршіндер қабылданады.  «Балдәурен»  бөбекжайы 2 топтан құралған, барлығы 25 адам қызмет атқарып, бүлдіршіндер тәрбиесімен айналысуда. «Балдәурен»  бөбекжайы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған, балалардың ой өрісінің дұрыс дамуына, демалуына, тамақтануына жағдай жасалған. 2017 жылдың жаз айларында ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізіліп, шатыры толық ауыстырылды.

Алдағы уақытта кент бүлдіршіндерінің басым бөлігін мектепке дейінгі дайындықпен қамту мақсатында кент орталығынан тағы бір балабақша ашу жоспарда бар. Осы бағытта біршама жұмыстар жасалып, тиімді жолдары қарастырылуда.

Денсаулық сақтау саласы

Кентте 2015 жылдан бастап жаңадан Дәрігерлік  амбулатория салу жұмыстары басталған болатын. Аталған құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталып, материялдық-техникалық базасы толығымен жабдықталды. Ғимараттың ішінде электр тоғы, су  мен жылу жүйесі жүргізілген. Жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның аумағы қоршалып,  алдына асфальт төселіп, жан жағына ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды. Кентте бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ғимараты 2017 жылы ақпан айының 16-сы күні салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді.

Кенттегі дәрігерлік амбулатория  жақын жерде орналасқан елді мекендер Үңірек, Құттыбай, Қармыс, Тұмсық тұрғындары – барлығы 4605 адамға қызмет көрсетіп отыр.

 Дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтіндер саны – 24.

3 дәрігер қызмет көрсетеді: 2 терапевт, 1 тіс дәрігері.

14 медбикелер: 1 акушер, 1 Ренген-лаборант, 1 лаборант, 1 физиокабинет, 8 учаскелік мед.бикелер және 2 санитар.

Құқық қорғау саласы

Кент бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу кең ауқымды және тиімді жүйесін қалыптастыру, қылмысқа қарсы күресті нығайту, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін тиімді қорғау, қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алу кент полиция бөлімшесінің міндетінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 қаулысы негізінде кент полиция бөлімшесі жанынан Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі құрылып, 2017 жылы жергілікті бюжеттен материялдық-техникасы жаңадан жабдықталды.

Қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзылушылықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтау бағытында С.Сейфуллин кентінің басында ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарына сәйкес 132 әкімшілік құқық бұзылушылықтар анықталып, тиісті шешімдер қабылданған. Сонымен қатар, кент полиция бөлімшесінің профилактикалық есебіне 6 тұлға алынған. Оның ішінде:

-         Маскүнем танылғандар - 2;

-         Бұрын сотты болғандар - 1;

-         Қоғамға қауіп төндіретін психикалық науқас адамдар - 3;

   Кент көлемінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау, діни теріс ағымдардан сақтауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

    Аталған іс-шара жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау,  діни теріс ағымдардан сақтау үшін дұрыс ұйымдастырылғандығы, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сай өткізіледі.

     Құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және оларды дер кезінде ашуға әр тұрғын атсалысу керек. Дер кезінде хабарлап, көз жұма қарамау қажет.

Санитарлық тазалық мәселелері

   Жыл басынан кенттің тазалығын сақтауға, көркейтуге бағытталған бір шама жұмыстар атқарылып, санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүрді. Осы орайда кенттегі иесіз бұзылған үйлердің, ғимараттардың орнында қалған күл-қоқыстар алынды,көшелерде тазалау жұмыстары жүргізілді, кент көшелерінде орнатылған  билбордтардың баннерлары жаңа жолдаудың тақырыбына сай  жаңартылды. Кент көлемінде өткізілген сенбіліктерде кентте орналасқан мекемелер, тұрғындар және қоғамдық жұмысқа тартылғандар белсене қатысып, арнайы техникалар көмегімен кент көшелері, саябақ, кенттің сыртқы алқаптары тазаланды. Жыл бойы кент көлемінде 2 облыстық, 1 аудандық және жергілікті сенбіліктер мен «Таза бейсенбі» жұмыстары өткізілді.

   Жеке тұрғындардың үйлерінің маңындағы күл-қоқыс үйінділерін  шығаруға ЖШС «Бірлік» мекемесінен 1 тиегіш, 2 КамАЗ автокөлігі тұрғындар есебінен қызмет көрсетті.

   Көшені қысқы маусымда қардан тазалау жұмыстарына  бюджеттен 800 мың теңге қаражат  бөлініп,  ЖК «Д.Тусуповпен» шарт жасалып, кент көшелері үнемі қардан тазартылды.

  Кентті көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында біршама іс-шаралар атқарылды. 2017 жылы кентте абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 6 млн 250 мың теңге қаражат бөлініп, теміржол вокзалы жанында демалыс орны саналатын саябақ қараша айында пайдалануға берілді. Кент тұрғындары мен жолаушыларға арналған демалыс орны заман талабына сай жабдықталған. Вазондар, жасыл шыршалар, жарық нүктелері мен темірмен сәнделген ағаш орындықтар қойылып, сәнді қоршаулармен қоршалған демалыс орны вокзал маңын көріктендіріп тұр. Биыл Мәдениет үйі мен теміржол вокзалының ортасын жалғап тұратын саябақ алаңын салу мақсатында сауда дүңгіршектері көшіріліп, басқа жерге шоғырланды. Былтыр Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталып, кестеге сай жұмыс атқарылуда. Теміржол бойында орналасқан тозығы жетіп, қайта жөндеп қолданысқа келмейтін, көше сиқын бұзып тұрған әжетхана толығымен бұзылып алынды. Теміржолдың бұрынғы жүк сақтау ғимараты жеке кәсіпкер Адамбеков Аянның меншігіне өтіп, сауда орнын ашу үшін күрделі жөндеуден өткізді. Теміржол вокзалының сыртқы келбеті жөндеуден өткізіліп, шатыры ауыстырылды. Қазпошта ғимаратының жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіліп, сырт келбетіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күні халыққа толық қызмет көрсетіп отыр. Теміржол аймағы қауіптілігі жоғары болып саналғандықтан, теміржол стансасының басында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршау орнату жұмыстары жүргізілді. Жобаға сәйкес теміржол торабының екі жағы кентке кіреберістен бастап, станса шекарасына дейін қоршалды. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жұмыстар атқару үшін бір су сорғыш насос пен арықтарда тазалық жұмыстарын жүргізу үшін екі шөп шабу құралы (мотокоса) сатып алынып, қолданыста жүр.

        Биылғы жылы кенттің ішкі жолдарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 45 млн. теңге қаражат қарастырылған. Аталған қаржыға жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, Т.Әубәкіров-Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан бастап теміржол переездіне дейінгі аралықтағы жолды жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

    Осы атқарылған жұмыстар кенттің реңін келтіріп, кент көшелерінің ерекше сәнін келтірді. Ауылымыздың  тазалығын бірінші кезекке қойып таза ұстау бәріміздің ортақ міндетіміз.

                                 Коммуналдық  қызмет  саласы

     Кент көлемінде 2017-2018 жылғы қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, ағымды жөндеуден өткізіліп, қажетті көлемде көмір түсірілді. Кент бойынша өміршең маңызы бар нысандар қысқы маусымға дайындалды. Атап айтқанда «Электржабдықтау» ЖШС-гі элект тоғының желілерін тексеріп, осал жерлерін ағымдағы жөндеуден өткізілді. Халықты тоқпен, сумен қамтамасыз ету жұмыстары өз мәнінде деп айтқан дұрыс шығар деп ойлаймын. Себебі тоқ үзіліссіз беріледі. Халықтын пайдаланған электр энергиясына деген төлемдер уақытында төленіп отырады. Кентіміздің көшелерінде бұрыннан 54 түнгі жарық нүктелері атқарып тұрса, өткен жылдың желтоқсан айында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпе айналысу бағдарламасының үшінші бағыты бойынша Республикалық бюджеттен 17 млн 497 мың теңге қаражат бөлініп Бейбітшілік пен Сәкен Сейфуллин көшелеріне жаңадан 8 метрлік темір бағандарда орнатылған 59 дана диодтық(светодиодный) жарық шамдары орнатылып, халыққа қызмет көрсетіп тұр.

    2018 жылы көше жарығы нүктелерін күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 1 млн 500 мың теңге бөлінді. 

   Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі жыл санап жақсарып келеді. Кейінгі жылдары аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы кентке қомақты қаржы бөлініп, бірқатар көшелерде ескірген су құбырлары мен кәріз жүйесі ауыстырылды. Осының нәтижесінде есепті мерзімде ауыз су тұрақты беріліп отырды. Кентті ауызсумен қамту қызметін «ТеміржолСуСервис» ЖШС-і атқарып отыр. Кентте жер астымен жүргізілген су құбырларының жалпы ұзындығы 11,5 км, 16 су колонкасы жұмыс істеп тұр. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млн 500 мың теңге бөлініп, «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі  арқылы  мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Аталған сатып алу қорытындысы негізінде жеке кәсіпкер «Қасым» ұтып алып, өз күшімен С.Сейфуллин  мен Н.Әбдіров көшелерінің аралығында ұзындығы 300 метр кәріз (канализация) құбыры айырбасталды

     Ағымды жылдың көктем мезгілінен бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд 200 млн. қаражат бөлініп, жұмыс кестесіне сәйкес 3 жылға бөлініп жұмыстар жүргізіу жоспарланып отыр. Осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі арқылы электрондық сатып алу порталына хабарлама берілді. Сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып танылған мердігер кентте су құбырларын тартатын болады.

Халыққа қызмет  көрсету  саласы

Халыққа қызмет көрсететін пошта мен байланыс жүйесіне тоқталмай болмайды. Халықтың сұранысын дер кезінде орындау үшін әкімшілікпен бірге қызмет атқару мәселесі де өз шешімін табуда.

Поштада екі пошташы қызмет көрсетеді. Кент бойынша мерзімдік баспасөзге жазылу жүргізіліп, ауданнан берілген тапсырыс 115 пайызға орындалды. Газет-журналдарды дер кезінде барлық мекемелерге жеткізіп береді. Қазпошта мекемесі баспасөз құралдарын тасымалдаумен ғана шектелмей, банктік қызметті де атқарып отыр. Әр түрлі кассалық операциялар мен төлемдер қабылдау, сонымен қатар қазіргі кезде осы мекеме арқылы «Хоум Кредит» және «Альфа» банктерінен несие алу жүйесі іске қосылған. Қаржылық іс әрекеттерді және хат-хабар мен заттай сәлемдемелерді жеткізу қызметінде жаңа бағдарламалар енгізіліп, жұмыстары солар арқылы жүргізіледі, «Қазпочта» АҚ –ы арқылы өздері орналасқан ғимаратта «Касса 24» терминалы және кент орталығында орналасқан «АлтынНұр» дүкенінде банкомат орнатылып, халыққа қызмет көрсетуде. 2017 жылы Пошта ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізіліп, төбесінің жабуы, сыртқы келбеті мен ішкі сылақ бояулары, жылу жүйесі толықтай жаңартылып, қайта қолданысқа берілді.

 Байланыс жұмысы қанағаттанарлық дәрежеде деп айтуға болады. Кентте сандық SI-2000 автоматтық телефон станциясы пайдаланылуда. 608 нөмір жабдықталған, оның 586-сы халыққа қызмет көрсетуде. «Қазақтелеком» АҚ-ның интернет жүйесі мен «АЙ-ДИ ТВ» сандық телеарнасының қызметі сапалы және жоғары жылдамдықта жұмыс істеуі үшін 189 абоненттің желілік сымдары және 72 жаңа бағаналар әр көшелерге орнатылды. 2017 жылы кент тұрғындарына 64 телефон, 57 интернет, 51 АЙ-ДИ ТВ қосылды. Кентіміз 1600 номерлі СDMA спутниктік сандық телефон станциясымен жабдықталған оның 1300 номері кентке жақын орналасқан елдімекендерді байланыспен қамтамасыз етіп тұр.

Кентімізде орналасқан Телемұнара арқылы кент және жақын жерде орналасқан елді мекендерге «Қазтелерадио» АҚ-ның «ОТАУ-ТВ» ұлттық желісі арқылы сандық спутникалық телерадиоарналар қосуды жүзеге асырылуда.

    Кентіміздегі 35 мекеменің ішінен 21 мекеме « Қазақстан теміржолы » АҚ–на қарасты, теміржол құрылымдарда 488 адам жұмыс атқарады, кент халқының еңбекке қабілеттілердің ішінен 22 пайызы еңбек етуде.

Әкімшілік пен теміржол кәсіпорын басшылары арасында байланыс ойдағыдай. Ортақ мәселерді біріге отырып шешудеміз.

      Кент әкімі аппаратында іс-қағаздардың жүргізу жұмыстары кент әкімімен бекітілген аудандық мұрағатпен келісілген істер номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс-шығыс құжаттары электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тіркеліп жүргізіледі.

    2017 жылы кент әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылып қазіргі заманға сай техникамен қамтамасыз етіліп тұр. Кент тұрғындары электрондық-цифрлық қолтанба арқылы онлайн режимінде е-gov порталы арқылы қажетті анықтамаларын алуға, жеке кабинеті арқылы мемлекеттік органдарға  өтініштерін жазуға мүмкіндіктері бар.

       2017 жылдың 29 қазанында кезектен тыс Қарағанды облыстық  мәслихатынан  шығып  қалған депутатарының орнына  жаңадан депутаттарды сайлау өткізілді. №746 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері және кент әкімі аппаратының мамандары сайлаушылар тізімінің іріктеу жұмыстарын жүргізді. Іріктеу жұмыстарының нәтижесінде кент бойынша сайлаушылар саны 2023 адамды құрады.  Кент тұрғындары сайлауға белсенді қатысып дауыстарын беру арқылы өз таңдауларын жасады.

      

    2017 жылы кент әкімі аппаратында барлық құжат айналымының жалпы көлемі –1579 құжат. Келіп түскен құжаттар – 1126, шығыс құжаттар саны -453.

     Қабылданған өкімдер саны -74.

     Келіп түскен және сырт жерлерге жіберілген құжаттар, өкімдер, өтініш-шағымдар арнайы тіркеу журналында тіркеледі.

     Жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны 24 бұл өтініштер жер беру, несие алуға ұсыныс беру, жұмысқа орналасу сұрақтарын қамтиды, отбасы құрамы туралы берілген анықтамалар 1049 дана,  270 сенімхат рәсімделген.

    Заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны 4. Бұл өтініш мекемелерге қызмет көрсету үшін жер учаскесін жалға рәсімдеу туралы.

     Өтініштер уақытылы қаралып, жауаптар берілген.

      Келіп түскен өтініштердің тіркелуіне, Заңды белгіленген мерзімде жауап берілуіне Шет аудандық прокуратурасы тексеріс жүргізіп отырады. Кент әкімдігінде жұмыстар заң талаптарына сай жүргізіліп, іс-қағаздары негізінен мемлекеттік тілде рәсімделіп, ресми бланкілерде толтырылады.

      2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 88-бабы 1- тармағының 8- тармақшасына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында ерекшеленген табыс беруге байланысты, жергілікті мемлекеттік басқару функциясын іске асыру үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер әкімдеріне бағытталған шығындарды өткізу бойынша кассалық операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашу көзделген болатын. Сәкен Сейфуллин атындағы  кентте жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты бюджеттің атқарылуы бойынша Қазынашылық органның тарапынан ашылды және бүгінгі күні қаражат көлік салығы, патенттер және жеке тұлғалардан ерікті жарналары есебінен түсіп отыр. 2017 жылдың 12 айында 1 млн. 313 мың теңге қаржы түскен. Аталған қаражат жергілікті қауымдастық мүшелерімен келісе отырып, кенттің ішкі қажеттілігіне:

-         кенттің ішкі жолдарын қардан тазалауға;

-         түнгі жарық нүктелерін күтіп ұстауға;

-         кент көшелерін безендіруге және мерекелік іс шаралар өткізіп, марапат сыйлықтарын алуға жұмсалды.

  Елбасының  Бес инс­ти­туттық реформасы аясын­­дағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шең­бер­ін­де аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ дең­гейінде жергілікті өзін-өзі басқа­рудың дербес бюджетін енгізу көз­дел­ген.  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті халық саны 2 мың адамнан асатын ауылдық округ деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде енгізілетін болады.  Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздерін салықтық түсімдері құрайды. Атап айтқанда, төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы; жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы; жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы; елді мекендердің жерлері үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы; округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақы секілді алымдардан құралады. Ал салықтық емес түсімдерде мемлекеттік мүлікті  жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер; коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер; жеке және заңды тұлғалардың ерікті түр­дегі алымдары; әкімдердің «Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін өндіріп алатын айыппұлдар қамтылған.

 Кент әкімінің аппараты жер­гілікті қоғамның жиналысында міндетті түрде талқыланып, келі­сілетін жергілікті өзін-өзі бас­қа­рудың бюджет жобасын әзірлейді. Ал жергілікті өзін-өзі басқарудың бюд­жетін аудандық мәслихат бекітіп, оның атқарылуы  кент әкімі мен оның аппаратына жүк­теледі. 
   Бүгінгі күнде біздің кент мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейіне өтіп, тиісті құжаттары дайындалып, тіркелу шаралары жүргізілуде. Енді жоғарыда аталған қаражат мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі талаптарына сәйкес кенттің ішкі қажеттілігіне жұмсалатын болады.  

Мәдениет саласы

2017 жылы кент көлемінде көптеген мәдени шаралар өткізілді. Атап айтсақ «Халықаралық Әйелдер күні», «Наурыз мерекесі», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі», «Қазақстан Республикасы Конституциясы күні», «Тұңғыш Президент күні», «Тәуелсіздік күні» және «Жаңа жыл» мерекелері аталып өтті. Мерекелердің кең көлемде аталып өтуіне барлық кент мекемелері белсене атсалысып, өз үлестерін қосты. Осындай ауыз бірліктің арқасында «Наурыз мерекесі», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Қарттар күні» және тағы басқа да мемлекеттік мерекелер, мәдени көпшілік іс-шаралар өз мәнінде аталып өтуде. 

     Кенттегі кітапханаға тоқтала кетсек, кітапхана 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқандықтан оқырмандардың кітапхана қызметін пайдалануына қолайсыз. 2017 жылы кітапханамызға 194 кітап келіп түсті. Жалпы кітап қоры 9437 дананы құрайды. Яғни, кітап қоры молайды. Компьютер, интернет және байланыс нүктесімен жабдықталған.

Спорт саласы

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын іске асыру жөнінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы » Заңын орындау мақсатында 2017 жылы бірқатар  жұмыстар атқарылды.

Аудан, облыс көлемінде өткен жарыстарға кентіміздің спортшылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Кентімізде ұлттық ат спорты өте жоғары деңгейде дамыған. Кент жастарынан құралған көкпар командасы аудан, облыс, республика көлемінде жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Осы ат спортын дамыту жолында біраз жұмыстар атқарылды, әлі де болса ат спорты алаңын қазіргі талаптарға сай жабдықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Спорттық түрлерден жарыс өтетін алаңдарды қоршап, көрермендер отыратын жерге орындықтар орнатып, жауын-шашыннан қорғайтын күнқағар, төрешіге барлық алаң көрінетіндей мінбе орнату қажет. Жыл сайын өтетін аудандық жазғы «Сарыарқа-2017» спартакиадасында спортшыларымыз жүлделі орындар алып, ұлттық спорт түрі асық ату жарысынан командалық бірінші орынға ие болды. Ұлттық спортты одан әрі насихаттау мақсатында кентімізде Қазақ күресінен ересектер арасында аудандық «Шет ауданы Барысы» турнирі бойынша аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

    Кентіміздің шағын футбол алаңында бірнеше жарыс өткізілді. Ол жарыстарға тек кент командалары ғана емес, басқа да елді мекендерден командалар қатысып, тартымды ойындар көрсетті. Футболшыларымыз көптеген аудандық жарыстарда да жүлделі орындарға ие болып жүр.

    Кентіміздің спортшылары спорттың басқа да түрлерінен жақсы нәтиже көрсетуде. Атап айтсақ кенттің волейбол командасы талай жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Оның себебі 16- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жеке кәсіпкерлер Шырымбеков Манат пен Жолшоринов Ғазиздың демеушілігімен аудан көлемінде волейбол жарысы жыл сайын өткізілуде. Бұл жарыс 17 жыл қатарынан үзбей өткізіліп келеді. Алдағы уақытта 18 жылдығында да өткізіледі деп сенеміз. Қазіргі кезде бұл жарыс кеңінен таралып, облыс көлеміндегі елді мекендерден командалар қатысып жүр. Осы жарыстың арқасында кент командалары тәжірибе алып, біліктіліктерін арттыруда.

   «Спорт– денсаулық кепілі» демекші С.Сейфуллин кент тұрғындары 2017 жылы өткен жарыстарда белсенділік танытты. Келешекте осындай іс-шаралар әр жыл сайын өз деңгейінде өтіп, көптеген жақсы нәтижелер көрсетеміз деген сенімдеміз.    

Мал   шаруашылығы

Халықтың негізгі күнкөріс көзі мал. Мал бағу мәселесі ұйымдастырылып жолға қойылған. Тұрғындармен жиындар өткізіліп, мал иелері мен мал бағушылар арасында келісім-шарттар жасалып, 1 данасы әкімшілікте сақталады.

    Қазір кент бойынша 8468 мал басы бар, оның ішінде:

        Ірі  қара- 2090 бас

        Қой, ешкі- 5241бас

        Жылқы- 1164 бас

         4200 құс бар деген мәлімет бар.

Мал ауруларының алдын алу, болдырмау және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Аудандық Ветстанция арқылы тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта кентімізде 1 мал дәрігері мен 1 фельдшер халыққа қызмет көрсетуде. Осының нәтижесінде кент бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 34 бас ірі қара мал анықталып, олар белгіненген тәртіппен оқшауланып, жойылды. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ірі қаралар тұрған 22 ауланың қоражайларды тұрғындар есебінен дезинфекциядан


Келулердің саны: 2056


Жоғары