print

Өспен ауылдық округі әкімінің есеп беруі

 Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті ауылдастар!

Округ әкімі ретінде Сіздердің алдарыңызға атқарылған жұмыстар жөнінде 2017 жылдың есебің ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Барлық жұмыстар – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары және іс-шаралар жоспары негізінде, Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін, тапсырмаларын іске асыру бойынша жасалуда.  Бюджеттің орындалуы, ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсуі, агроөнеркәсіп кешені мен шағын бизнестің дамуы, округ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру басты міндеттер болып қала бермек.

2017 жылдың қантар айында округтың барлық ауылдарында жергілікті тұрғындар  алдындағы  есеп беру кездесулердің барысында 8 сұрақтар мен ұсыныстар түскен. Барлық түскен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, орындалуы туралы кездесулер барысында хабарламалар беріліп отырылды, нақты түсініктер беру жұмыстары жүргізілді. Қабылданған іс-шаралардың орындалу барысы тиісті денгейде тындалып отырылды. Қазіргі таңда 8 ұсыныстың  5-і бақылаудан алынған, 3-і қаржы қаралуына байланысты орындалатын болады. Сәкен орта мектебі және Айғыржал негізгі мектебіне жылдамдығы жоғары интернет желісі орнатуы сұралған. Сәкен мектебі жылдың басында «Транстелеком» АҚ арқылы жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосылса, Айғыржал мектебі әлі де жылдамдығы төмен «Қазақтелеком» желісінде. Ауыл тұрғындары босаған ескі дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын ветеринариялық пунктіге беруге ұсыныс жасаған.  Аудандық ветстанцияның директоры Ж.Тусуповтаң сұраныс жасалып, бүгінгі күні құжаттары дайындалуда. «Алға» кооперативінің басшысы Д.Мекім жер алуға көмек сұрады. Кооперативке кәзіргі уақытта 2275 га жер учаскесі рәсімделіп берілді. Сондай-ақ «Кәусар» шаруа қожалығының басшысы Т.Мукашев қожалығымның жері аздық етеді деп, қосымша жер сұраған. Зандылықтарға сәйкес округ жерінең шаруашылыққа 300 гектар жер берілді. Ауыл тұрғындары күл қоқыс төгетін орын салу қажеттігін айтқан. Күл қоқыс төгетін орын белгіленіп, жер актісі жасалған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін сұраныс жасалды. Вокзалға дейінгі автокөлік жолың асфальттап берсе деген ауыл тұрғындарынаң өтініш болған. 2017 жылы демеушілердің көмегімен Школьная көшесінің жолы жөнделді. Станционная көшесінің жолың жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен сұраныс жасалды. Жоба құны 25 млн теңге. 

Барлық әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың орындалуы, бірінші кезекте бюджеттің сапалы орындалуына байланысты жүзеге асырылады. 2017 жылғы  бюджеттің қаржысы 100 % - ға игерілді, жоспары  27 млн. 475 мың теңге, игерілген сомасы 27 млн. 475 мың теңге. Округ әкімі аппаратына қаралған шығын (оның ішінде жалақы, коммуналдық төлемдер, интернет, байланыс, жол шығындары) 18 млн 329 мың теңге болса, 9 млн 146 мың теңге төмендегіде көрсетілген мақсаттарға жұмсалды. Соның ішінде: Ақпан айында 95 мың теңге Өспен ауылының көшелерің, 104 мың теңге Еркіндік ауылының көшесің қардан тазалауға бөлінді. Желтоқсан айында бағалау әдісімен 694 мың теңге ойнатылып желтоқсан-қантар айларында Өспен-Айғыржал тас жолың және Өспен ауылының көшелерің СПК «Алға» қардаң тазалап тұратын болды. Сол сияқты Айса елді стансасының шыға беріс жолың қардаң тазалауды «Мирас» ш/қожалығы жүргізеді. Бұл мақсатқа 178 мың теңге бөлінді. 3млн 463 мың теңгеге «Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңадан үш фазалық (ТМ 250-35-04) трансформатор орнатып Айғыржал ауылының электржелілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. 387 мың теңге Өспен, Еркіндік көшелерін жарықтандыруға жұмсалды. Абаттандыру жұмыстарына 3 млн 390 мың теңге жұмсалды, оның ішінде 3 млн 290 мың теңгеге Школьная көшесіне бағалау әдісімен «Көпжасаров ЖК» бағалау әдісімен ұтып алып «барокко» стиліндегі шарбақ орнатты. 100 мың теңгеге «Катиев» ЖК-мен келісім шартқа отырып көшелерге баннерлер жасалды. 870 мың теңгеге округ әкімі аппаратының жылу жүйесі жөнделіп, ұзақ мерзім жаңатын қазандық орнатылды. Жергілікті полиция қызметкеріне техникалық құрал-жабдық және жиһаз алуға 756 мың теңге жұмсалды. Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол ақшасының шотына түскен қаражат қауымдастықтың шешімі бойынша игерілді. Оның ішінде: 229 мың теңге Еркіндік көшелерін желтоқсан-ақпан айларында қардан тазалауға бөлінді. 27500 теңге 8 наурыз әйелдер мерекесіне қарсы батыр аналарға құттықтау хат жасауға жұмсалды. Жаңа жыл алдында 7 мүгедек балаға  70 мың теңгеге сыйлық ретінде ұялы телефон алынып берілді. Оған қосымша жергілікті кәсіпкерлерде осы балаларға сыйлық жасады.

      2017  жылы Өспен ауылдық округі әкімі аппаратында  әр-түрлі сұрақтармен, өтініш-шағымдармен 551 адам қатысты. Ауызша өтініш бойынша 545 анықтама берілді. 4 жеке тұлға, 2 заңды тұлғадаң жазбаша өтініш түсті, барлық өтініштер қанагаттандырылды. Азаматтардан түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген тәртіп бойынша қаралды. Одан басқа әр-түрлі нотариалдық іс-әрекет жасауға өтінген 110 азаматтың сұранысы қанағаттандырылды және 18 мың 921 теңге мемлекеттік баж өндірілді.  2017 жылы округ әкімі аппаратында электрондық құжат айналымы бойынша аппаратқа 883 құжат түсіп, қаралды. 

Есепті мерзім ішінде округте халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағыттардың бірі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету. 2017 жылы 192117 теңгеге балалар жәрдемақысы тағайындалды. Әлеуметтік атаулы көмек алатын адам жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатын 2 отбасы.

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығында 73 адам тіркелсе, олардың  33  тұрақты жұмыспен қамтылды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының»  2 бағыты бойынша 9 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Несиелендіру бойынша барлығы 5 адам 18,700 млн.тг. несие алды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 14 адам  тартылып, айына 24 459 теңге көлемінде еңбекақы төленді. Жұмыстың мерзімі орташа 3 ай құрады.

2017 жылдың округ өмірінің әлеуметтік – экономикалык даму көрсеткіштеріне тоқтасақ.  Округ экономикасының негізгі тірегі болатын ауыл шаруашылығы саласында төрт түлік малды көбейту мен асылдандыру, өсімдік көрсеткіштері 2016 жылғы денгейден асыра орындалды.

Ауыл шаруашылығы. Өспен ауылдық округі бойынша биылғы жылы 580  гектарға дәнді – дақыл себілді. Оның ішінде 80 га бидай, 500 га арпа. Күзде 572 тн астық алынды, оның ішінде 500 тн арпа. Елді-мекен жұртшылығы және шаруа қожалықтарындағы мал басы жөніндегі есебі бойынша 2017 жылы ірі-қара малдың саны 2016 жылмен салыстырғанда 101,7% құрайды (3869-3801),  қой 100%, (7992-7991), ешкі 105,8% (2061-1948), жылқы 117,7% (2867-2434). Округ аумағындағы ірі-қара малдың асыл тұқымдық   ядросы   377 басқа жетті (110 бас алабас «Еңбек-А», 146 қара-ала «Мейрам», 121 бас алабас «Мейрам»), бұл көрсеткіш жалпы ірі-қара малдың санынаң 9,7 (2016ж -7,43)%  болады.  Тұқымды қайта тұрлендіруге  15 шаруа қожалықтаң 813 бас аналық қатысады, 33 асыл тұқымды бұқа пайдаланылады.

Округтегі малды көбейту динамикасына үкіметіміздің ауылшаруашылығында іске асырып несиелік бағдарламалары әсер етіп отырғаны белгілі. 2017 жылы округ бойынша ауыл шаруашылық саласында 13 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның ішінде төрт жеке тұлға «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қоры арқылы «Игілік» бағдарламасы бойынша мал басын көбейту үшін 18,2 млн теңге несие алды. Бес жеке тұлғаға «Береке» бағдарламасы бойынша ірі-қара мал бордақылау үшін 17,5 млн теңге берілді . «Айбар» ш/қожалығы «Іскер» бағдарламасы арқылы «Шет Көмек» кредиттік серіктестігінең 8,0 млн теңге несие алып баз салды.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылық техникасын алу үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қорынаң «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы Маясар Ә. 8,9 млн теңге алды.  Өздерінің қаражатына «Еңбек-А» ш/қ 15 млн теңгеге 50 бас асыл тұқымды торпақ алса, «Орынды» ш/қ 11,907 млн тенгенің ауылшаруашылық техникасын алды.   2016 жылдың желтоқсан айында ет бағытындағы малды бордақылаумен айналысатын «Алға» ауылшаруашылық кооперативі құрылғанын білесіздер. Кооперативке басында Өспен, Еркіндік, Айғыржал ауылдарының 28 жеке қосалқы шаруашылығы біріксе, бүгінгі күні олардың саны 41 жетті. 2017 жылдың қыркүйек айында 17 млн теңге тұратын модульді мал сою пункті іске қосылды. Кооператив мал сою пунктінің өзін кепілдікке қойып алды және несиенің тең жартысы үкімет субсидиясының арқасында жабылады. Айғыржал ауылындағы сүт қабылдау пунктісі осыдан екі жыл бұрын ашылса 2017 жылы оған Еркіндік, Өспен ауылдарындағы сүт қабылдау пүнктілері қосылды. Күніне әрқайсысы 1-1,2 тн сүт қабылдаған олар 5-6 айдың ішінде 490 тонна жинап, «Нәтиже» серіктестігіне өткізді.   

«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы бойынша субсидия төлеу құжаттары аудандық ауылшаруашылық бөліміне жолданып субсидиялар төленуде: Жалпы бағдарлама бойынша бүгінгі күнге округтегі шаруа қожалықтарына  43 288 317 теңге субсидия төленуге жіберілді (мал шаруашылығы бойынша барлығы 15 шаруа қожалығына – жеті түрлі субсидия төленді.

    Округ бойынша 2017 жылғы ветеринариялық профилактикалық диагностикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалды.                Анықтама үшін: Сібір жарасына 3200 бас ірі қара (100%), 10400 бас қой-ешкі (100%) және 2450 бас жылқы (100%), туберкуллезге 6400 бас ірі қара (100%), қарасанға 2300  бас ірі қара (100%), егілді. Бруцеллезге 6449 бас ірі қара (100%), 11562 бас ұсақ мал (100%), 200 бас бұқа (100%) егілді. 

 Округ бойынша сібір жарасының көміндісі 1 ошағы анықталған болатын. Бүгінгі күнге кадастырдағы координаттар бойынша  үйінді ошақ қоршалып, аумағында мал бағуға, құрылыс жұмыстары мен жер қазу мен жыртуға тиым салынатындығы жөнінде белгілер қойылды. Аудандық бюджеттен 480 мың теңге бөлініп бұл жұмыстарды «Күнжол» ЖК-рі атқарды. Сол сияқты аудандық бюджеттен құны 3 млн теңге мал өлекселері мен биоқалдықтарды өртейтін пештік қондырғы алынды. Таяу арада ауылға әкелініп қойылады.

Округ бойынша тіркелген 73 шаруа қожалығына 72142 га жер бекітіліп берілген. 2017 жылы 2 шаруа қожалығы жер телімдерін пайдаланбағандықтан, жерлерін толығымен  ерікті түрде мемлекеттік жер қорыңа өткізді. Өткізілген жердің көлемі 474 га. 1 шаруа қожалық («Жетпіс») жерін тапсыру үшін құжаттарын дайындауда, тапсырылатың жерің көлемі -592 га. Одаң басқа жеріндегі жайылымды пайдаланбай жатқан, малы жоқ төрт шаруа қожалықтың жерін мемлекеттік қорға қайтып алу үшін аудандық жер бөліміне ұсыныс берілді. 

Шағын кәсіпкерлік. Шағын бизнес саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жұмысы үнемі әкімшілік назарында. Азық-түлік тауарлары оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар топтары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізілүде. Кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп,  меморандум жасалған. Азық-түлік тауарларының бағаларына 30 түрі бойынша жетісіне 1 рет, 11 түрі бойынша жетісіне 2 рет мониторинг жүргізіліп, тиісті жоғардағы органдарға жолданып отыр. Шағын бизнес саласында округ бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны 106-ға  жетті, оның ішінде 73 шаруа қожалығы, 17 жеке кәсіпкер. Өткен жылы Өспен ауылында өз қаражаттары есебінен тойхананың құрылыс жұмыстары басталып, негізінде аяқталды. Жобаны жүзеге асырушы жеке кәсіпкер А.Бейсембаев. Жоба құны орташа есеппен 10,0 млн. теңге.

Округтегі салық базасының жағдайы. Округ бойынша мүлік және жер салығын төлейтін 355 адам тіркелген. Биылғы жылы мүлік және жер салығы 124 мың 195 теңгені құрап, 100 пайызға орындалды. Салықтан босатылғандар-32 адам, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері -17; І топтағы мүгедетер- 3, ІІ топтағы мүгедектер -12 адам. 2016 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында жергілікты салық жергілікті қоғамдастықтың қолма қол бюджеттік шотына түсе бастады. Патент, мүлік, жер, көлік салығынаң түскен 263 мың  теңгені жергілікті қоғамдастық қайда жұмсағаның жоғарыда айтылып кетті.

Округте  төрт елді мекен, 370 аула бар. Барлық үй иелерімен санитарлық тазалық туралы келісім-шарт жасалды.  Тазалық айларында әр бейсенбі  «Таза бейсенбі» күні өткізілді.  Елді мекендерде 2 рет жалпы облыстық сеңбіліктер және 2 рет жалпы аудандық сенбіліктер өткізілді. Учаскелік полиция инспекторы тарапынаң 32 үйге ескерту жасалды. Ескертудегі қойылған талаптар орындалғандықтан айыппұл салынбады. Тазалық айларында еңбек биржасы арқылы қоғамдық жұмыстарға 14 адам алынды, сегізі Өспеннен, алтауы Еркіндіктен.

Округ елді мекендерінде 2017 жылдың  санитарлық тазалау, сәулеттендіру және көгалдандыру бойынша айлықтар  өткізу барысында  жекеменшік сектордан жобамен 2100 тн күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарды Еркіндікте сырттан шақырумен келген «Бірлік» ЖШС –ң техникасы атқарса, Өспенде ЖК «Ибраев» атқарды. Айса, Айғыржал тұрғындары күл-қоқыс шығару жұмыстарын өз күшімен атқарды. Елді мекендерді көгалдандыру, аббатандыру және санитарлық тазалау жұмыстары округ әкімдігінің басты назарында және әлі де жалғаса береді. Осы ретте Өспен ауылының күл-қоқыс төгетін орынның жағдайын айта кету керек. Орны белгіленген, жер құжаттары толығымен дайын, проектісі бойынша полигонды салып біту үшін 5 млн теңгенің жобасында қаражат керек.

«2016-2019 жылдарға арналған Денсаулык» бағдарламасы бойынша дәрігерлік амбулаторияда дәрігерге қаралып кеңесін алғандар саны – 5360, амбулаторлы деңгейде диспансерлік есептегі 301 адам тегін дәрі-дәрмекпен 3 296 760 тенгеге қамтылды, жыл басынан 19 нәресте дүниеге келіп, ана мен балаға арналған қобдишамен толығымен қамтылып, 27 170 теңге қаражат жұмсалды. Жыл қорытындысы бойынша барлық скринингтік тексерістен өткендер саны – 342 адам. Бүгінгі күні дәрігерлік амбулаторияда жоғары білімді екі маман, 9 медбике жұмыс істейді.

«Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша округімізде оқу-материалдық базасы нығая түсуде. Сәкен ЖОББ мектебінде 2017 жылы 38 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарды Аль-Мади фирмасы жасады. Шатыр салынды, есік-терезелер, тоқ жүйесі айырбасталды, асхана, актовый зал, спортзал, сынып бөлмелеріне жөндеу жүргізілді.    Оқу жылы ішінде мектепке генератор, 1 компьютерлік комплекс (ПАК), теннис столы, спорт жабдықтары алынды.  Еркіндік орта мектебінде 1 916 800 теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, 363 мыңға еденге төсейтін линолеум алынды. 1,4 млн компьютерлік техника, құрал-жабдықтар алынды. 2017-2018 оқу жылында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Сәкен мектебіне бастауыш сыныпқа екі жас маман, Айғыржал мектебіне дене шынықтыру мұғалімі келді. Бір реттік көтерме жәрдемақысың алу үшін құжаттарың жинап аудандық білім беру бөліміне тапсырды.

Округіміздің мәдениет саласында да көптеген жұмыстар ұйымдастырылып, жасалуда. Биыл клубқа 1 млн тенгенің аппаратурасы алынды, 326 мың теңгеге сахналық киім жасалды. Жыл басынан Өспен ауылдық клубыңда, кітапхана, мұражай ұйымдастыруымен 20 мәдени шара  өткізілді. Мәдени шаралармен бірге атаулы мерекелік күндерге, мемлекеттік мерекелерге арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың барлығы Елбасының Рухани Жаңғыру мақаласы аясында, Өспен ауылының 170  жылдығына арналып, өткізілді. «Туған жер» жобасы аясында бірталай игі шаралар атқарылды. Оның ішінде: Ауыл азаматтары, сыртта жүрген ауылдан шыққан азаматтар көпке үлгі боларлықтай іс атқарып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс  боздақтарына туған жерінде белгі орнатты. Ескерткішті берілген жоба бойынша «GGG Friends» фирмасы салды.  Ауылдағы үлкен көшелердің біріне асфальт төселді. Жұмыстарды «Сапажолстрой», «Жаңаарқа», «Бірлік» фирмалары атқарды. Бұл көшеге  ұлтымыздың біртуар азаматтарының бірі – Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді.  «Туған жерім – алтын бесігім» деп жүрген осы ауылдан шыққан астаналық азаматтар жас бүлдіршіндерге арнап заманауи футбол алаңын жасатып, сыйға тартты. Өспен ауылының арғы-бергі тарихына, өткен өмір, еткен еңбек жолына арналған Нілді-Өспен энциклопедиясы шығарылды. Кітапта осы өлкеге қатысты танымдық деректер, мұрағат материалдарды топтастырылған. Өспен ауылының көше шамдары жөнделіп, 15 светильник айырбасталып жаңадан қойылды.

Өспен ауылының 170 жылдық тойы аясында өткен іс-шаралардың бюджеті 40 млн теңгеден астам болды. 1 мамырда өткен ұлттық ат-ойындарының жүлделік қоры 1,2 млн болса, 5 млн теңгеге соғыс ардагерлеріне ескерткіш қойылды, 6 млн теңгеге спортық алаң салынды, 25 млн теңгеге бір көшеге асфальт салынды, 1,45 млн кітап шығарылды, басқа да іс-шараларға, ас беруге 2,6 млн теңге жұмсалды. Бұның бәрі демеушілердің арқасында жиналған қаражат, ел азаматтарының, жергілікті қауымдастықтың ұйымдастыруымен жасалған жұмыс, ел бірлігінің арқасында атқарылған іс-шаралар.

Құрметті жерлестер, жалпы, жасалған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер, бізге жаңа жылда берекелі жұмыстар жасауға ұмтылыс береді.  2018 жылы жолдарды жөндеу және оларды ұстау , елді мекендерді абаттандыру, білім, денсаулық салаларының материалдық базасын нығайту ауылшаруашылық саласын, экономиканың нақты секторын дамыту, оның ішінде шағын бизнес дамыту жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Аз қамтылған азаматтарды қолдау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар жалғастырылатын болады. Бюджет қаржыларын мақсатты, ашық жұмсауда жергілікті қауымдастыққа есеп беріліп тұратын болады. Көп мәселелер ауыл азаматарының ұсынысымен айқындалып жатады. Алдағы уақытта да осылай тізе қосып, бірлесіп жұмыс атқарамыз деп есептеймін. Сіздер де өз тараптарыныздаң ортақ мақсатты орындауға көмек беретініздерге сенімдімін! Тыңдағандарыңызға рахмет!   


Келулердің саны: 1771


Жоғары